Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15386 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);

      2) "Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:

      1) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

      2) шетелдiк әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агенттік арқылы жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания (бұдан әрі - шетелдік тасымалдаушы);

      3) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы - RVSM (бұдан әрі - RVSM)) - RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы.

      3. Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын барлық шетелдік тасымалдаушылар аккредиттеуге жатады.

      4. "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасында шетелдiк әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      5. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) "электронды үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтінім және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнді құрайды.

      7. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші, 18 (он сегіз) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің дұрыстығын Заң талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сенімділігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:

      шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға арналған рұқсаттар;

      тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарастырады.

      Шетелдік әуемен тасымалдаушыға қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген кезде Тізбеде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанында жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға оның әрекет ету күнінен бастап екі жыл мерзімге беріледі.

      10. Берілген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік басқа заңды немесе жеке тұлғаға берілмейді.

      11. Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

Өтініш

      Сізді шетелдік әуемен тасымалдаушысының аккредиттелуін өткізуді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ресми және коммерциялық атауы, ерекше болса)

      Авиакомпания туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны __________________________________________________________

      2. Құрылған жылы__________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берілген)

      4. Банк деректемелері _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (№ есеп/шоты, қор/шоты, микрофинансты мекеме (МФО), банктің атауы және орналасқан жері)

      5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (почталық мекенжайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,

      телеграфтық ж/е телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)

      6. ________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә)

      7. Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланған кемелерінің тізбесі:

Әуе кеменің типі
(үлгісі, сериялық нөмірі)

Тіркеу нөмірі

RVSM бекітуі
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

EDTO
(пайдаланушының мемлекетімен бекітуі)

1





 


 

2





 


 

3





 


 

4





 


 

5





 


 

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Ескерту:

      1) ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      2) ИАТА - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;

      3) СИТА - Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы;

      4) АФТН - авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісі;

      5) EDTO - арттырылған уақытпен қосымша әуеайлаққа кетумен ұшуларды жүргізу;

      6) RVSM - тігінен эшелондаудың қысқартылған минимумы.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.2.

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

3.3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
(қолжетімдік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

4.4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күн

5.5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

6.6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нысаны: электронды

7.7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

8.8.

Жұмыс кестесі

1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

9.9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады:
1) өтініш:
2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
6) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес, авиажолаушылар туралы берілгендерді өңдеу үшін ақпараттық жүйеге ақпаратты беруге дайындығын растайтын,
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығымен бекітілген Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12545 болып тіркелген) сәйкес, "E-Freight" жүйесіне әуе кемелер туралы ақпаратты беру туралы,
қызметті алушының кепіл хатының электронды көшірмесі;
8) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық ұшақтарының ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
11) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.10.

Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11.11.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптарды қоса алғанда

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде").
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болуы шартында электронды нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге нашар көретіндерге версия қолжетімді
Көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі бойынша ақпаратты алыс жердегі қолжетімділік режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы көрсетілетін қызмет берушінің анықтамасы арқылы, және Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы
көлік министрлігі Азаматтық
авиация комитеті



 

Комитет гражданской авиации
Министерства транспорта
Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 04.12.2024 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1.________________________________________________________________________

      авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании

      __________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      заңды мекенжайы/юридический адрес

      3.________________________________________________________________________

      шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения иностранного перевозчика

      4. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді

      Свидетельство выдано "___" _____________ 20__

      5. Куәлік 2 жылға дейін жарамды

      Срок действия свидетельства 2 года

      __________________________________________________________________________

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ответственное лицо уполномоченного органа

      в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады