Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23106 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қызметінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 193
бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Көмiртегі бiрлiктерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7702 болып тіркелген).

      2. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген).

      3. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы № 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9286 болып тіркелген).

      4. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 144 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10579 болып тіркелген).

      5. "Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 176 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10673 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 17 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14537 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1 және 8-тармақтары.

      7. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14116 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 июня 2021 года № 193. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2021 года № 23106.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.07.2021 г.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту экологической политики и устойчивого развития Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в департамент юридический службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр экологии, геологии и
природных ресурсов Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 10 июня 2021 года № 193

Перечень утративших силу некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан

      1. Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 10 мая 2012 года № 147-ө "Об утверждении Правил ведения государственного реестра углеродных единиц" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7702).

      2. Приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-ө "Об утверждении Правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7711).

      3. Приказ Исполняющего обязанности Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 69-ө "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-п "Об утверждении правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9286).

      4. Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 144 "Об утверждении Правил проведения открытых конкурсов проектов в области охраны окружающей среды" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10579).

      5. Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 марта 2015 года № 176 "Об утверждении Правил ведения и содержания государственного кадастра источников выбросов и поглощений парниковых газов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10673).

      6. Пункты 1 и 8 Перечня некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 17 ноября 2016 года № 496 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан и Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14537).

      7. Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 316 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-ө "Об утверждении Правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14116).