ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулысымен бекітілді |
Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – банктер туралы заң) 36-бабының 1-2-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлға қарыз алушылардың банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау тәртібін айқындайды.
Қағидаларда мынадай ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
1) банк – екінші деңгейдегі банк, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
2) берешек – негізгі борыштың қалдық сомасын, есептелген, бірақ төленбеген сыйақыны, комиссияларды, айыпақыны (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шартында көзделген өзге де төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз бойынша борыш сомасы;
3) қарыз алушы – банкпен банктік қарыз шартын жасаған жеке тұлға.
2-тарау. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі
2. Қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Банктер туралы Заңның 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес қарыз берген банкке береді.
Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі, атқарушы жазба, татуласу келісімі немесе банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін медиация тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім болмаған, сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) банк үшінші тұлғаға бермеген жағдайда беріледі.
Банктің өтінішті қарауы қарыз алушыға банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.
Қарыз алушы банкпен келісім бойынша банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті, не оның бір бөлігін банк өтінішті қарағанға дейін дербес өтеуге құқылы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және банктің қарауына жатады.
4. Қарыз алушы толық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынған кезде банк оларды сұратады.
Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Сұратылған құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбау қарыз алушының өтінішін қарамау үшін негіз болып табылады, бұл туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
5. Банк банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77379 болып тіркелген) талаптарын басшылыққа алады.
6.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақтың бірінші бөлігі 01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.08.2024 № 49 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.
Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы банктік қарыз шартының ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады.
Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде банк қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді.
Банк және қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері банктің ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім банкке байланысты емес себептер бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.
Банк банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының банк ұсынған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі банктің хатында көрсетіледі және қарыз алушы банктің шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банк пен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеу банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін азайтуды, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды), комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге өзге де төлемдерді толық жоюды қамтамасыз ететін талаптармен берешекті реттеу рәсімдері жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді.
Банк тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы, қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;
3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.08.2024 № 49 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі
Ескерту. Қағидалар 3-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.08.2024 № 49 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Банк кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы-әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей, төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады (бұдан әрі – төлемдерді кейінге қалдыру), ол туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабардар етеді.
Төлемдерді кейінге қалдыру банктік қарыз мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, банктік қарыз шартына немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, банк айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Банктік қарыз мерзімін ұлғайту туралы талап банктік қарыз мерзімінен бұрын өтелген (қайтарылған) кезде қолданылмайды.
Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) банктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Банк аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді.
Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткеннен кейін төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтатады және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, ол туралы оған жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды.
Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша банк мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады.
Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде Банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды.
Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасы, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шартына қолданылмайды.
2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 1-қосымша Нысан __________мырзаға (ханымға) Мекенжайы:_________________ |
Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту
Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"_____" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Кредитор) Сіздің Банктік қарыз шартының (бұдан әрі – Шарт) талаптарына өзгерістер енгізу туралы ______ жылғы ___.____ №_______ өтінішіңізге (_____ жылғы ___.____. кіріс №______) жауап ретінде мынаны хабарлайды.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Кредитор Сізге
_______________________________________________________________________________ (бас тарту себебінің негіздемесін көрсету) байланысты Шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады.
Кредитордың уәкілетті тегі, аты, адамы әкесінің аты (ол бар болса)
* Қарыз алушының банкте бірнеше банктік қарыз шарттары болған жағдайда бас тарту әрбір Шарт бойынша беріледі.
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз беру шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарының талаптарына өзгерістер енгізу туралы (банктің атауы) қараған өтініштері туралы ____ жылғы 1 ________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан өсумен) ақпарат*
(сомалар мың теңгемен) |
Қарыздың түрі | Түскен өтініштер | ||||||||||||||||
Барлығы | Олардың ішінде ХӘОТ** | ||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы*** | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | ||||||||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||||||||
Тұтынушылық қарыздар | |||||||||||||||||
кепілсіз қарыздар | |||||||||||||||||
кепілді қарыздар | |||||||||||||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | |||||||||||||||||
Өзге де ипотекалық қарыздар | |||||||||||||||||
Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізілді | Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартылды | ||||||||||||||||
Барлығы | Олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | Олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | ||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | ||||||
* Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі;
* ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар.
*** мыналар бойынша: негізгі борыш, сыйақы, мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімұл), комиссия және өзге де төлемдер;
Өтініштер қаралуда | Қарыз алушының берілген өтініштен бас тартуы, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартуы, қарыз алушы банктік қарыз шартына өзгеріс енгізуге қатысты қосымша келісімге қол қоймаған, банк өз ұсыныстарын жолдаған немесе қарыз алушыдан құжаттарды сұраған, қарызды кері сатып алу. | ||||||||||
Барлығы | Олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | Олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыштың сомасы |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2021 жылғы 16 шілдедегі №84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Қарыз алушылардың банктік қарыз шарттарының талаптарына (ұйымның атауы) енгізген өзгерістер туралы ____ жылғы 1________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан өсумен) ақпарат*
(сомалар мың теңгемен) |
Қарыз түрі | Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізілді, барлығы | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | |||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тұтынушылық қарыздар | ||||||
кепілсіз қарыздар | ||||||
кепілді қарыздар | ||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | ||||||
Өзге ипотекалық қарыздар | ||||||
Қарыз түрі | ||||||
борышты толық кешіру | ||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |
А | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 |
Тұтынушылық қарыздар | ||||||
кепілсіз қарыздар | ||||||
кепілді қарыздар | ||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | ||||||
Өзге ипотекалық қарыздар |
*Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі;
** ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар.
оның ішінде мына себептермен: | ||||||||||||||||||||||
сыйақы мөлшерлемесінің азаюы | негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру | |||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | |||||||||||
оның ішінде мына себептермен: | ||||||||||||||||||||||
Шетел валютасында берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгерту | кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше өткізуі | |||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӨОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӨОТ | |||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||
43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | |||||||||||
оның ішінде мына себептермен: | ||||||||||||||||||||||
берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып | банктік қарыз мерзімін өзгерту | |||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | |||||||||||
оның ішінде мына себептермен: | ||||||||||||||||||||||
кепілге қойылған мүлікті кредиторға беру арқылы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына кері қайтару ақысын ұсыну | банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға беру арқылы ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу | |||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||
55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | |||||||||||
оның ішінде мына себептермен: | ||||||||||||||||||||||
мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||||||||
31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | |||||||||||||||||
оның ішінде мына себептермен: | Жақсарту талаптарын қолдану үшін қарастырылуда | |||||||||||||||||||||
Қайта құрылымдаудың өзге түрі (қандай екенін көрсету) | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |||||||||||
67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | |||||||||||
2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
(Ұйымның атауы) қарыз алушылар-жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттарының талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ____ жылғы 1________ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап) ақпарат*
(сомалар мың теңгемен) |
Қарыз түрі | Банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тартылды, барлығы | |||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ** | |||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тұтынушылық қарыздар | ||||||
Кепілсіз қарыздар | ||||||
Кепілді қарыздар | ||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | ||||||
Өзге де ипотекалық қарыздар | ||||||
Қарыз түрі | ||||||
қарыз алушының өтімді кепілі/салымы/өзге мүлкі бар (банктің талдауы бойынша немесе растайтын құжат болған жағдайда) | ||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | |||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |
А | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
Тұтынушылық қарыздар | ||||||
Кепілсіз қарыздар | ||||||
Кепілді қарыздар | ||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | ||||||
Өзге де ипотекалық қарыздар |
* Талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 мамырдағы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде өзгертілген ипотекалық қарыздарды қоспағанда, банктік қарыздар бойынша ақпарат беріледі;
** ХӘОТ - "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар;
*** "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген).
оның ішінде мынадай себептер бойынша: | |||||||||||||||||||||||
төлемдерді кейінге қалдыру берілген жағдайда қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейінен асып кету *** | қарыз алушы өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынбаған | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | ||||||||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | ||||||||||||
оның ішінде мынадай себептер бойынша: | |||||||||||||||||||||||
қарыз қарыз алушының атына алаяқтық тәсілмен алынған | үшінші тұлға өтінішті қарыз алушының сенімхатынсыз берді | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | ||||||||||||
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | ||||||||||||
оның ішінде мынадай себептер бойынша: | |||||||||||||||||||||||
бұған дейін қайта құрылымдау/кейінге қалдыру | міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін қарыз алушының кірісінің жеткілікті мөлшері (банктің талдауы бойынша) | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | ||||||||||||
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | ||||||||||||
оның ішінде мынадай себептер бойынша: | |||||||||||||||||||||||
қарыз алушының қайтыс болуы және мұрагерлік құқығын ресімдемеу | шарттың талаптарын өзгертуден бас тартудың өзге себептері | ||||||||||||||||||||||
Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | Барлығы | олардың ішінде ХӘОТ | ||||||||||||||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | ||||||||||||
49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | ||||||||||||