Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 тамызда № 34894 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23630 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды және жазбаша нысанда, сондай-ақ микроқаржы ұйымына "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген идентификаттау құралдарын қолдану арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен қарыз алушыны идентификаттауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы қарыз алушыға мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:

      1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

      2) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсынысы туралы;

      3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

      Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады.

      Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді.

      Микроқаржы ұйымы және қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері микроқаржы ұйымның ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі микроқаржы ұйымы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

      Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының микроқаржы ұйымы ұсынған микрокредит беру туралы шартты өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі микроқаржы ұйымының хатында көрсетіледі және қарыз алушы микроқаржы ұйымының шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

      Микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасында микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін төмендетуді, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) толық жоюды қамтамасыз ететін талаптарда берешекті реттеу жөніндегі рәсімдер жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді.

      Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы;

      2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;

      3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі

      7. Микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы - әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды (бұдан әрі – төлемді кейінге қалдыру) мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге микрокредит бойынша сыйақы есептемей ұсынады, бұл туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.

      Төлемдерді кейінге қалдыру микрокредит мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, микрокредит беру туралы шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, микроқаржы ұйымы айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Микрокредит мерзімін ұлғайту туралы талап микрокредитті мерзімінен бұрын өтеу (қайтару) кезінде қолданылмайды.

      Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) микроқаржы ұйымының хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Микроқаржы ұйымы аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және микрокредит бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді.

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтатады және микрокредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, бұл туралы оны жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша микроқаржы ұйымы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады).

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды.

      Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушы жазбасы, татуласу келісімі немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу не микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.".

      2. "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23619 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды және жазбаша нысанда, сондай-ақ банкке "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген идентификаттау құралдарын қолдану арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен қарыз алушыны идентификаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы қарыз алушыға мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:

      1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

      2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсынысы туралы;

      3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

      Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы банктік қарыз шартының ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады.

      Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде банк қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді.

      Банк және қарыз алушы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері банктің ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім банкке байланысты емес себептер бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

      Банк банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының банк ұсынған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі банктің хатында көрсетіледі және қарыз алушы банктің шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген банк шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банк пен қарыз алушы арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеу банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін азайтуды, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды), комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге өзге де төлемдерді толық жоюды қамтамасыз ететін талаптармен берешекті реттеу рәсімдері жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді.

      Банк тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы, қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы;

      2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шартының талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;

      3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі

      7. Банк кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы-әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге банктік қарыз бойынша сыйақы есептемей, төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады (бұдан әрі – төлемдерді кейінге қалдыру), ол туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабардар етеді.

      Төлемдерді кейінге қалдыру банктік қарыз мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, банктік қарыз шартына немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, банк айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Банктік қарыз мерзімін ұлғайту туралы талап банктік қарыз мерзімінен бұрын өтелген (қайтарылған) кезде қолданылмайды.

      Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) банктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Банк аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді.

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткеннен кейін төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтатады және банктік қарыз бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, ол туралы оған жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша банк мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады.

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде Банк оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Банктер туралы заңның 36-бабының 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды.

      Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасы, банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеу үшін не банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар банктік қарыз шартына қолданылмайды.".

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын және 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады