"Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 83 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23622 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Микрокредитті өтеу кестесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптар, микрокредитті өтеу кестесінің нысаны алып тасталсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және осы қаулыға 2-қосымшаның 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 83 Қаулыға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 232 қаулысына
1-қосымша

Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі

      1. Осы Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік және ломбард, бұдан әрі – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыға микрокредит беруіне негіз болатын микрокредит беру туралы шарт Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының мәміленің жазбаша нысанына қойылатын талаптары ескеріле отырып жасалады.

      3. Жеке тұлғамен микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушының осы шарт бойынша кредиттік досьесіне қоса берілетін, ұйым жүзеге асырған іс-шаралар тізбесін міндетті түрде белгілей отырып, Заңның 7-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 83 Қаулыға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 232 қаулысына
2-қосымша

Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар

      1. Осы Шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім – қарыз алушының өзіне кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) микрокредит сомасы мен алу уақытын, бірақ микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде айқындауына мүмкіндік беретін талаптармен жасалған микрокредит беру туралы шарт;

      2) шарт – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға микрокредит беруіне негіз болатын микрокредит беру туралы шарт;

      3) микрокредит бойынша артық төлем сомасы – микрокредит мәнін қоспағанда, сыйақы сомасын, айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, қарыз алушының шарт бойынша барлық төлемдерінің сомасы;

      4) ұйым – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард);

      5) сыйақы – ұйымға тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінің есебінен микрокредит сомасына пайыздық көрсеткіш бойынша айқындалған, ұсынылған микрокредит үшін ақы;

      6) сыйақы мәні – микрокредит үшін ақы, оның шекті мөлшері Заңның 4-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленеді;

      7) қоса қарыз алушы – микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде шарт бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға.

      3. Шартта шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптар, сондай-ақ мынадай міндетті талаптар қамтылады:

      1) шарттың жалпы талаптары;

      2) қарыз алушының құқықтары;

      3) ұйымның құқықтары;

      4) ұйымның міндеттері;

      5) ұйымға арналған шектеулер;

      6) тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі;

      7) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі.

      4. Шарттың жалпы талаптарында мыналар қамтылады:

      1) шарт жасасқан күн;

      2) ұйымының атауын және қарыз алушы (тең қарыз алушы) - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы (тең қарыз алушы) - заңды тұлғаның атауы;

      3) микрокредиттің сомасы (микрокредиттің мәні), кредит желісін ұсыну (ашу) туралы келісім үшін – микрокредиттің жалпы сомасы (микрокредиттің мәні), микрокредит бойынша артық төлеу сомасы, микрокредитті пайдалану мақсаты туралы мәліметтер (бар болса), бұл ретте микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлеу сомасы (микрокредиттің мәні) туралы ақпарат шарттың бірінші бетінде көрсетіледі;

      4) микрокредитті өтеу мерзімі, кредит желісін ұсыну (ашу) туралы келісім үшін – шарттың жалпы мерзімі;

      5) Шарт жасалған күнгі жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық пайызбен көрсетілген мөлшері немесе сыйақы мәні (Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген шарт жасалған жағдайда), сондай-ақ Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құнының) мөлшері;

      6) микрокредитті өтеу тәсілі: бір уақытта не бөліктермен, қолма-қол ақшамен – касса не электронды терминалдар арқылы, қолма-қол ақшасыз тәсілмен – ұйымның банктік шотының деректемелерін көрсете отырып;

      7) микрокредитті өтеу әдісі (аннуитеттік, дифференциалды немесе микрокредиттерді беру қағидаларына сәйкес басқа әдіс);

      8) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;

      9) негізгі борыштың уақтылы өтелмегені және сыйақының төленбегені үшін айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;

      10) қарыз алушының шарт бойынша міндеттемелерді (ол бар болса) орындауын қамтамасыз ету;

      11) қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда ұйым қабылдайтын шаралар;

      12) шарттың қолданылу мерзімі;

      13) ұйымның пошталық және электрондық мекенжайы туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет-ресурсы (ол бар болса) туралы деректер;

      14) ұйым шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылатынын көздейтін талап.

      5. Қарыз алушының құқықтары:

      1) микрокредиттер беру қағидаларымен, ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі тарифтерімен танысу;

      2) алынған микрокредитке шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік ету;

      3) егер негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне сәйкес келген жағдайда, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны айыпақы (айыппұл, өсімпұл) төлеместен, одан кейінгі жұмыс күні төлеу;

      4) шарт бойынша берілген микрокредит сомаларын айыпақы (айыппұл, өсімпұл) төлемей, ұйымға мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтару;

      5) қарыз алушы – жеке тұлғаның шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өте бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымына бару және (немесе) жазбаша нысанда не шартта көзделген тәсілмен шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өту себептері, кірістері және оның шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне негіз болатын басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтініш ұсыну, оның ішінде мыналармен байланысты:

      сыйақы мөлшерлемесін не шарт бойынша сыйақы мәнін азайту жағына қарай өзгерту;

      негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

      берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту;

      микрокредит мерзімін өзгерту;

      мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, микрокредит бойынша айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жою;

      тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес сатуы;

      ұйымға кепілге салынған мүлікті беру жолымен шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту ұсыну;

      сатып алушыға шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу;

      6) қарыз алушы – жеке тұлғаның Талаптардың 7-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацында көзделген ұйымның шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде немесе шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, бірмезгілде ұйымға хабарлай отырып, уәкілетті органға жүгіну;

      7) қарыз алушы – жеке тұлғаның Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін ұйым осы қарыз алушымен жасалған шарт бойынша құқықты (талапты) басқаға берген жағдайда банк омбудсманына жүгіну;

      8) алынатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде ұйымға жазбаша өтініш жасау мүмкіндігін көздейді.

      6. Ұйымның құқықтары:

      1) шарттың талаптарын қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгерту;

      2) қарыз алушы микрокредиттің кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күннен асыра отырып бұзған кезде микрокредит және ол бойынша сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;

      3) қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін қарау нәтижелері бойынша берешекті реттеу жөнінде келісімге қол жеткізілмеген және қарыз алушы-жеке тұлға берешек бойынша қарсылықтар бермеген жағдайда, қарыз алушы-жеке тұлғаның келісімін алмастан, нотариустың атқару жазбасының негізінде негізгі борышты, сыйақыны және айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешекті өндіріп алу мүмкіндігін көздейді.

      7. Ұйымның міндеттері:

      1) шарт бойынша ұйым құқығының (талап етуі) үшінші тұлғаға өту талаптары (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) қамтылған шартты жасасу кезінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) мыналар жөнінде:

      талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерін шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен өңдеу туралы;

      талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банктік қарызды өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) хабардар етуді;

      2) қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімде, бірақ мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей мыналар жөнінде:

      шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімін өткізіп алудың туындауы және хабарламада көрсетілген күні мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттілігі туралы;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның шарт бойынша ұйымға жүгіну құқығы;

      қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары жөнінде хабардар етуді көздейді.

      Шартта, егер хабарлама борышкерге шартта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен:

      шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген болса, оның ішінде көрсетілген мекенжайда тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған болса;

      жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілсе, ол жеткізілген болып есептеледі деген талап қамтылады;

      3) қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарау және қарыз алушы-жеке тұлғаға жазбаша нысанда не шарт бойынша көзделген тәсілмен мыналар жөнінде:

      шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісуі;

      берешекті реттеу жөніндегі өз ұсыныстары;

      бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсетумен, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлау.

      4) ұйым шартта көзделген тәртіппен жақсарту талаптарын қолданған жағдайда шарт талаптарының өзгеруі туралы қарыз алушыны хабардар ету;

      5) тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесін шартқа қоса беру.

      Қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкелетін микрокредит талаптарының өзгеруі жағдайында ұйым жаңа талаптарды ескерумен, микрокредитті өтеудің жаңа кестесін жасайды және қарыз алушыға береді.

      Осы тармақшаның талаптары, егер микрокредитті өтеу микрокредит мерзімінің соңында біржолғы төлеммен жүзеге асырылған жағдайда, кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімге, сондай-ақ Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген шартқа қолданылмайды.

      8. Ұйымға қойылатын шектеулер:

      1) сыйақы мөлшерлемесін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредитті өтеу әдісі мен тәсілін біржақты тәртіппен өзгертуге;

      2) микрокредит бойынша сыйақы мен айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан алуға;

      3) ұйымға микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) және басқа да төлемдерді талап етуге;

      4) шарт бойынша микрокредит сомасын ұлғайтуға;

      5) егер негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, айыпақы (айыппұл, өсімпұл) алуға және негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу одан кейінгі келесі жұмыс күнінде жүргізіледі;

      6) кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер мен төлемдерді индекстеуге тыйым салуды көздейді.

      9. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит алатын қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалатын шартқа шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын титул парағы қоса беріледі.

      Титул парағы шарттың бастапқы беттері түрінде жазылады және көрсетілген жүйелілікпен Тәртіптің 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген талаптарды қамтиды. Бұл ретте Тәртіптің 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген талап шарттың бірінші бетінде жазылады.

      10. Шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, мөлшері 12-ден кем емес "Times New Rоmаn" қарпімен, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегіністері қолданыла отырып басылады.

      11. Тәртіптің 4-тармағының 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында және 5-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптар шартта көрсетілген жүйелілікпен титул парағынан кейін жазылады.

      Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 389-бабына сәйкес қосылу талаптарымен жасалған жағдайда қарыз алушыға ұсынылатын шарттың бөлігі (қосылу туралы өтініш) Тәртіптің 9-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ осы тармақта көзделген шартта тиісті жүйелілікпен көрсетілетін талаптар қамтылады. Бұл ретте қосылу туралы өтініш шарттың титул парағына тең келеді.

      12. Микрокредит беру туралы шартқа тараптар қол қойған микрокредитті өтеу кестесі қоса беріледі.

      Егер микрокредитті өтеу микрокредит мерзімінің соңында біржолғы төлеммен жүзеге асырылса, микрокредитті өтеу кестесін толтыру жөніндегі талаптар Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген шартқа қолданылмайды.

      Егер қарыз алушы (қоса қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, микрокредит беру күніне жасалған микрокредитті өтеу кестесінде сондай-ақ таңдалған әдіс туралы қарыз алушының (қоса қарыз алушының) белгісі бар ұйым ұсынған микрокредитті өтеу әдістерінің тізбесі болады.

      13. Микрокредит кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісім, сондай-ақ оның шеңберінде кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын және оның негізінде кезекті микрокредит беру жүзеге асырылатын шарт (шарттар) жасау арқылы берілген жағдайда:

      кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісім Тәртіптің 9-тармағы екінші бөлігіне сәйкес келеді;

      кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде микрокредиттің жалпы сомасы және жалпы мерзімі көрсетіледі;

      Тәртіптің 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 12) тармақшаларында көзделген талаптар шартта көрсетілген жүйелілікпен жазылады. Бұл ретте Тәртіптің 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген талап шарттың бірінші бетінде көрсетіледі;

      Тәртіптің 4-тармағының 6), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында, 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, сондай-ақ 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптар кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде көрсетілген жағдайда оларды шартта қосымша көрсету талап етілмейді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 83 Қаулыға
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 232 қаулысына
3-қосымша
  Нысан

      ________ ж.____.____. №__________ микрокредит беру туралы шартқа ____ж.______.______.

Микрокредитті өтеу кестесі

  теңге

Төлем күні

Кезеңдегі төлемдер

Негізгі борыш (берешек) қалдығы

Төлем сомасы

оның ішінде

Сыйақы

Негізгі борыш

1

2

3

4

5











Жиынтығы:





Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ("Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген шарт бойынша – сыйақы мәні):

_______ пайыз

Қарыз алушы таңдаған микрокредитті өтеу әдісі

____________ (аннуитеттік, дифференциалды немесе микроқаржы ұйымының ішкі қағидаларына сәйкес басқа әдіс)

Ұйымның деректемелері

Қарыз алушының деректемелері

___________________
(ұйым өкілінің қолы)

_______________________
(қарыз алушының/қарыз алушы өкілінің қолы)

      Микрокредитті өтеу кестесі тараптардың келісімі бойынша қосымша мәліметтерді құрайды

      Түсініктеме:

      1-бағанда төлем жасалған күндер енгізіледі (бірінші күн микрокредит сомасын беру күні болып табылады).

      2-бағанда қарыз алушының төлем сомалары енгізіледі (қарыз алушы тарапынан төлемнің бірінші сомасы жоқ).

      3 және 4-бағандарда қарыз алушының төлем сомасын құрайтын сыйақы және негізгі борыш сомалары енгізіледі.

      5-бағанда қарыз алушының кезекті төлемі жүргізілгеннен кейінгі негізгі борыш (берешек) қалдықтары енгізіледі.

      "Жиынтығы" деген жолда 2, 3 және 4-бағандар бойынша төлем ағындарының сомалары енгізіледі.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 232 "Об утверждении Порядка заключения договора о предоставлении микрокредита, в том числе требований к содержанию, оформлению, обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита, формы графика погашения микрокредита"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 июля 2021 года № 83. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июля 2021 года № 23622

      Примечание ИЗПИ
Введение в действие настоящего постановления см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 232 "Об утверждении Порядка заключения договора о предоставлении микрокредита, в том числе требований к содержанию, оформлению, обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита, формы графика погашения микрокредита" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19697) следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Порядка заключения договора о предоставлении микрокредита, в том числе требований к содержанию, оформлению договора и его первой страницы, содержащей информацию о полной стоимости микрокредита (сумме переплаты по микрокредиту, предмете микрокредита), обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита, а также формы графика погашения микрокредита";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить:

      1) Порядок заключения договора о предоставлении микрокредита согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) Требования к содержанию, оформлению договора и его первой страницы, содержащей информацию о полной стоимости микрокредита (сумме переплаты по микрокредиту, предмете микрокредита), обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      3) Форму графика погашения микрокредита согласно приложению 3 к настоящему постановлению.";

      Порядок заключения договора о предоставлении микрокредита, в том числе требования к содержанию, оформлению, обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита, форму графика погашения микрокредита, утвержденный указанным постановлением, исключить;

      дополнить приложением 1 в редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      дополнить приложением 2 в редакции согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      дополнить приложением 3 в редакции согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Департаменту защиты прав потребителей финансовых услуг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 октября 2021 года, за исключением подпункта 3) пункта 4 приложения 2 к настоящему постановлению, который вводится в действие с 1 августа 2021 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по регулированию и
развитию финансового рынка
М. Абылкасымова

  Приложение 1 к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 16 июля 2021 года № 83
  Приложение 1 к постановлению
Правления Национального Банка
Республики Казахстан
от 29 ноября 2019 года № 232

Порядок заключения договора о предоставлении микрокредита

      1.Настоящий Порядок заключения договора о предоставлении микрокредита разработан в соответствии с пунктом 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" (далее – Закон) и определяет порядок заключения договора о предоставлении микрокредита.

      2. Договор о предоставлении микрокредита в соответствии с которым организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность (микрофинансовая организация, кредитное товарищество и ломбард, осуществляющие деятельность по предоставлению микрокредитов, далее – организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность), предоставляет заемщику микрокредит заключается с учетом требований гражданского законодательства Республики Казахстан к письменной форме сделки.

      3. До заключения договора о предоставлении микрокредита с физическим лицом организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность осуществляет мероприятия, предусмотренные подпунктами 4) и 5) пункта 2 статьи 7 Закона, с обязательным фиксированием перечня осуществленных организацией мероприятий, который приобщается к кредитному досье заемщика по данному договору.

  Приложение 2 к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 16 июля 2021 года № 83
  Приложение 2 к постановлению
Правления Национального Банка
Республики Казахстан
от 29 ноября 2019 года № 232

Требования к содержанию, оформлению договора и его первой страницы, содержащей информацию о полной стоимости микрокредита (сумме переплаты по микрокредиту, предмете микрокредита), обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита

      1. Настоящие Требования к содержанию, оформлению договора и его первой страницы, содержащей информацию о полной стоимости микрокредита (сумме переплаты по микрокредиту, предмете микрокредита), обязательным условиям договора о предоставлении микрокредита (далее – Требования) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" (далее – Закон).

      2. В Требованиях используются следующие понятия:

      1) соглашение о предоставлении (открытии) кредитной линии – договор о предоставлении микрокредита, заключенный на условиях, позволяющих заемщику самому определять в договоре (договорах), являющемся (являющихся) неотъемлемой (неотъемлемыми) частью (частями) соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии, сумму и время получения микрокредита, но в пределах суммы и времени, определенных правилами предоставления микрокредитов и соглашением о предоставлении (открытии) кредитной линии;

      2) договор – договор о предоставлении микрокредита в соответствии с которым организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность, предоставляет заемщику микрокредит;

      3) сумма переплаты по микрокредиту – сумма всех платежей заемщика по договору, включая сумму вознаграждения, неустойки (штрафа, пени), за исключением предмета микрокредита;

      4) организация – организация, осуществляющая микрофинансовую деятельность (микрофинансовая организация, кредитное товарищество, ломбард, осуществляющие деятельность по предоставлению микрокредитов);

      5) вознаграждение – плата за предоставленный микрокредит, определенная в процентном выражении к сумме микрокредита из расчета годового размера причитающихся организации денег;

      6) значение вознаграждения – плата за микрокредит, предельный размер которого устанавливается согласно подпункту 1) пункта 3-1 статьи 4 Закона;

      7) созаемщик – физическое или юридическое лицо, выступающее по договору в качестве солидарно ответственного за выполнение обязательств по микрокредиту.

      3. Договор содержит условия, установленные законодательством Республики Казахстан для договоров соответствующего вида, условия, определенные по соглашению сторон, а также следующие обязательные условия:

      1) общие условия договора;

      2) права заемщика;

      3) права организации;

      4) обязанности организации;

      5) ограничения для организации;

      6) ответственность сторон за нарушение обязательств;

      7) порядок внесения изменений в условия договора.

      4. Общие условия договора содержат:

      1) дату заключения договора;

      2) наименование организации и фамилию, имя и отчество (при его наличии) заемщика (созаемщика) – физического лица или наименование заемщика (созаемщика) – юридического лица;

      3) сумму микрокредита (предмет микрокредита), для соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии – общую сумму микрокредита (предмет микрокредита), сумму переплаты по микрокредиту, сведения о цели использования микрокредита (при наличии), при этом информация о полной стоимости микрокредита (сумме переплаты по микрокредиту, предмете микрокредита), отражается на первой странице договора;

      4) сроки погашения микрокредита, для соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии – общий срок договора;

      5) размер ставки вознаграждения в процентах годовых или значение вознаграждения (в случае заключения договора, указанного в пункта 3-1 статьи 4 Закона), а также размер годовой эффективной ставки вознаграждения (реальной стоимости микрокредита), рассчитанной согласно пункту 1 статьи 5 Закона, на дату заключения договора;

      6) способ погашения микрокредита: единовременно либо частями, наличными деньгами – через кассу либо посредством электронных терминалов, при безналичном способе – с указанием реквизитов банковского счета организации;

      7) метод погашения микрокредита (аннуитетный, дифференцированный или другой метод в соответствии с правилами предоставления микрокредитов);

      8) очередность погашения задолженности по микрокредиту;

      9) порядок начисления и размер неустойки (штрафа, пени) за несвоевременное погашение основного долга и уплату вознаграждения;

      10) обеспечение исполнения заемщиком обязательств по договору (при его наличии);

      11) меры, принимаемые организацией при неисполнении либо ненадлежащем исполнении заемщиком обязательств по договору;

      12) срок действия договора;

      13) информацию о почтовом и электронном адресе организации, а также данные о ее официальном интернет-ресурсе (при его наличии);

      14) условие, предусматривающее, что при уступке организацией права (требования) по договору третьему лицу требования и ограничения, предъявляемые законодательством Республики Казахстан к взаимоотношениям кредитора с заемщиком в рамках договора, распространяются на правоотношения заемщика с третьим лицом, которому уступлено право (требование).

      5. Права заемщика предусматривают возможность:

      1) ознакомления с правилами предоставления микрокредитов, тарифами организации по предоставлению микрокредитов;

      2) распоряжения полученным микрокредитом в порядке и на условиях, установленных договором;

      3) оплаты основного долга и (или) вознаграждения в следующий за ним рабочий день без уплаты неустойки (штрафа, пени) если дата погашения основного долга и (или) вознаграждения выпадает на выходной либо праздничный день);

      4) досрочного полного или частичного возврата организации суммы микрокредита, предоставленного по договору, без оплаты неустойки (штрафа, пени);

      5) посещения заемщиком – физическим лицом в течение тридцати календарных дней с даты наступления просрочки исполнения обязательства по договору организации и (или) представления в письменной форме либо способом, предусмотренным договором, заявления, содержащего сведения о причинах возникновения просрочки исполнения обязательства по договору, доходах и других подтвержденных обстоятельствах (фактах), которые обуславливают его заявление о внесении изменений в условия договора в том числе связанных с:

      изменением в сторону уменьшения ставки вознаграждения либо значения вознаграждения по договору;

      отсрочкой платежа по основному долгу и (или) вознаграждению;

      изменением метода погашения задолженности или очередности погашения задолженности, в том числе с погашением основного долга в приоритетном порядке;

      изменением срока микрокредита;

      прощением просроченного основного долга и (или) вознаграждения, отменой неустойки (штрафа, пени) по микрокредиту;

      самостоятельной реализацией залогодателем недвижимого имущества, являющегося предметом ипотеки, в сроки, установленные соглашением сторон;

      представлением отступного взамен исполнения обязательства по договору путем передачи организации заложенного имущества;

      реализацией недвижимого имущества, являющегося предметом ипотеки, с передачей обязательства по договору покупателю;

      6) заемщика – физического лица в течение пятнадцати календарных дней с даты получения решения организации, предусмотренного абзацем четвертым подпунктом 3) пункта 7 Требования, или при недостижении взаимоприемлемого решения об изменении условий договора обратиться в уполномоченный орган с одновременным уведомлением организации;

      7) заемщика – физического лица обращение к банковскому омбудсману в случае уступки организацией права (требования) по договору, заключенному с этим заемщиком, для урегулирования разногласий с лицом, указанным в пунктах 4 и 5 статьи 9-1 Закона;

      8) письменного обращения в организацию при возникновении спорных ситуаций по получаемым услугам.

      6. Права организации предусматривают возможность:

      1) изменения условий договора в одностороннем порядке в сторону их улучшения для заемщика;

      2) требования досрочного возврата суммы микрокредита и вознаграждения по нему при нарушении заемщиком срока, установленного для возврата очередной части микрокредита и (или) выплаты вознаграждения, более чем на сорок календарных дней;

      3) взыскания задолженности, включая основной долг, вознаграждение и неустойку (штраф, пеню), на основании исполнительной надписи нотариуса без получения согласия заемщика-физического лица в случае недостижения соглашения по урегулированию задолженности по результатам рассмотрения заявления заемщика-физического лица и непредставления заемщиком-физическим лицом возражений по задолженности.

      7. Обязанности организации предусматривают:

      1) уведомление заемщика (или его уполномоченного представителя) при заключении договора, содержащего условия перехода права (требования) организации по договору третьему лицу (далее – договор уступки права требования):

      до заключения договора уступки права требования о возможности перехода прав (требований) третьему лицу, а также об обработке персональных данных заемщика в связи с такой уступкой способом, предусмотренным в договоре либо не противоречащим законодательству Республики Казахстан;

      о переходе права (требования) третьему лицу способом, предусмотренным в договоре либо не противоречащим законодательству Республики Казахстан, в течение тридцати календарных дней со дня заключения договора уступки права требования с указанием назначения дальнейших платежей по погашению микрокредита третьему лицу (наименование и место нахождения лица, которому перешло право (требование) по договору), полного объема переданных прав (требований), а также остатков просроченных и текущих сумм основного долга, вознаграждения, неустойки (штрафа, пени) и других подлежащих уплате сумм;

      2) уведомление заемщика способом и в сроки, предусмотренными в договоре, но не позднее двадцати календарных дней с даты наступления просрочки:

      о возникновении просрочки по исполнению обязательства по договору и необходимости внесения платежей с указанием размера просроченной задолженности на дату, указанную в уведомлении;

      праве заемщика – физического лица по договору обратиться в организацию;

      последствиях невыполнения заемщиком своих обязательств по договору.

      Договор содержит условие, что уведомление считается доставленным, если оно направлено должнику одним из следующих способов, предусмотренных договором:

      на адрес электронной почты, указанный в договоре;

      по месту жительства, указанному в договоре, заказным письмом с уведомлением о его вручении, в том числе получено одним из совершеннолетних членов семьи, проживающим по указанному адресу;

      с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксирование доставки;

      3) рассмотрение в течение пятнадцати календарных дней после дня получения заявления заемщика – физического лица предложенных изменений в условия договора и сообщение заемщику – физическому лицу в письменной форме либо способом, предусмотренным договором о (об):

      согласии с предложенными изменениями в условия договора;

      своих предложениях по урегулированию задолженности;

      отказе в изменении условий договора с указанием мотивированного обоснования причин отказа;

      4) уведомление заемщика об изменении условий договора при применении организацией улучшающих условий в порядке, предусмотренном в договоре;

      5) приложение к договору подписанного сторонами графика погашения микрокредита.

      При изменении условий микрокредита, влекущих изменение суммы (размера) денежных обязательств заемщика и (или) срока их уплаты, организацией составляется и выдается заемщику новый график погашения микрокредита с учетом новых условий.

      Требования настоящего подпункта не распространяются на соглашение о предоставлении (открытии) кредитной линии, а также на договор, указанный в пункте 3-1 статьи 4 Закона, в случае если погашение микрокредита осуществляется единовременным платежом в конце срока микрокредита.

      8. Ограничения для организации предусматривают запрет на:

      1) изменение в одностороннем порядке ставки вознаграждения (за исключением случаев их снижения) и (или) способа и метода погашения микрокредита;

      2) установление и взимание с заемщика любых платежей, за исключением вознаграждения и неустойки (штрафа, пени) по микрокредиту;

      3) требование от заемщика, являющегося физическим лицом, досрочно полностью или частично возвратившего организации сумму микрокредита, неустойки (штрафа, пени) и другие платежи за досрочный возврат микрокредита;

      4) увеличение суммы микрокредита по договору;

      5) взимание неустойки (штрафа, пени) если дата погашения основного долга и (или) вознаграждения выпадает на выходной либо праздничный день, и основного долга и (или) уплата вознаграждения производится в следующий за ним рабочий день;

      6) индексацию обязательства и платежей по договору о предоставлении микрокредита, выданного в тенге, с привязкой к любому валютному эквиваленту.

      9. К договору, заключаемому с физическим лицом, получающим микрокредит, не связанный с осуществлением предпринимательской деятельности, прилагается титульный лист, который является неотъемлемой частью договора.

      Титульный лист излагается в виде начальных листов договора, и содержит условия, предусмотренные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) и 9) пункта 4 Требования в указанной последовательности. При этом условие, предусмотренное подпунктом 3) пункта 4 Требования, излагается на первой странице договора.

      10. Текст договора печатается на листах формата А4, шрифтом - "Times New Rоmаn" размером не менее 12, с обычным межбуквенным, одинарным межстрочным интервалом и применением абзацных отступов.

      11. Условия, предусмотренные в подпунктах 8), 10), 11) и 12) пункта 4 и подпункте 6) пункта 5 Требования, излагаются в договоре в указанной последовательности после титульного листа.

      В случае заключения договора на условиях присоединения в соответствии со статьей 389 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть), часть договора (заявление о присоединении), представляемая заемщику, соответствует требованиям части второй пункта 9 Требования, а также содержит условия, предусмотренные настоящим пунктом, которые указываются в договоре в соответствующей последовательности. При этом заявление о присоединении приравнивается к титульному листу договора.

      12. К договору о предоставлении микрокредита прилагается подписанный сторонами график погашения микрокредита.

      Требования по заполнению графика погашения микрокредита не распространяются на договор, указанный в пункте 3-1 статьи 4 Закона, если погашение микрокредита осуществляется единовременным платежом в конце срока микрокредита.

      Если заемщиком (созаемщиком) является физическое лицо, график погашения микрокредита, составленный на дату выдачи микрокредита, также содержит перечень предложенных организацией методов погашения микрокредита с отметкой заемщика (созаемщика) о выбранном методе.

      13. При предоставлении микрокредита посредством заключения соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии, а также в рамках него договора (договоров), являющегося (являющихся) неотъемлемой (неотъемлемыми) частью (частями) соглашения о предоставлении (открытии) кредитной линии и на основании, которого (которых) осуществляется выдача очередного микрокредита:

      соглашение о предоставлении (открытии) кредитной линии соответствует части второй пункта 9 Требования;

      в соглашении о предоставлении (открытии) кредитной линии указываются общая сумма и общий срок микрокредита;

      условия, предусмотренные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 7) и 12) пункта 4 Требования, излагаются в договоре в указанной последовательности. При этом условие, предусмотренное в подпункте 3) пункта 4 Требования, указывается на первой странице договора;

      условия, предусмотренные в подпунктах 6), 8), 9), 10), 11) и 13) пункта 4 Требования, подпунктах 6) и 7) пункта 3, а также пунктами 5, 6, 7 и 8 Требования, в случае их указания в соглашении о предоставлении (открытии) кредитной линии не требуют дополнительного указания в договоре.

  Приложение 3 к постановлению
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 16 июля 2021 года № 83
  Приложение 3 к постановлению
Правления Национального Банка
Республики Казахстан
от 29 ноября 2019 года № 232
  Форма

                              График погашения микрокредита

      от ______.____.____г. к Договору о предоставлении микрокредита №________ от ___.____._____г.

  тенге

Дата платежа

Платежи за период

Остаток основного долга (задолженности)

Сумма платежа

в том числе

Вознаграждение

Основной долг

1

2

3

4

5











Итого:





Годовая эффективная ставка вознаграждения (по договору, указанному в пункте 3-1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" - значение вознаграждения):

_______ процентов

Выбранный заемщиком метод погашения микрокредита

________________________
(аннуитетный, дифференцированный или другой метод в соответствии с внутренними правилами микрофинансовой организации)


Реквизиты организации

Реквизиты заемщика

___________________
(подпись представителя организации)

_______________________
(подпись заемщика/представителя заемщика)

      График погашения микрокредита по соглашению сторон содержит дополнительные сведения.

      Пояснение:

      В графе 1 вводятся даты совершения платежей (первая дата является датой выдачи суммы микрокредита).

      В графе 2 вводятся суммы платежей заемщика (первая сумма платежа со стороны заемщика отсутствует).

      В графах 3 и 4 вводятся суммы вознаграждения и основного долга, составляющие сумму платежа заемщика.

      В графе 5 вводятся остатки основного долга (задолженности) после произведенного очередного платежа заемщика.

      В строке "Итого" вводятся суммы потоков платежей по графам 2, 3 и 4.