ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту). Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 602 Бұйрық), азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есептері бойынша тексеру үшін ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдарына және экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністерге сұрау салу жібереді.
Ұлттық қауіпсіздік аумақтық органдары мен полиция департаменттерінің экстремизмге және терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аумақтық бөліністері белгіленген мерзімдерде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 25-бабына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда қорытынды беру келісілген болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисінде көрсетілетін қызметті беруші соттылыққа қойылатын талаптары бар электрондық сұрау салуды қалыптастырады және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуына тексеруді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, осы адамның заңды пайдалануында кемінде үш жыл аңшылық тегіс ұңғылы қаруы болғанын растайтын ішкі істер органы берген қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы (ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алған кезде), қаруды иелену құқығы туралы, қару саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендерде сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің шлюзі арқылы алады.
Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген, Қазақстан Республикасына туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істер бойынша келген және ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік адамдарды жоғарыда көрсетілген есепке алу бойынша тексеру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 313 бұйрық) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша қаруды сақтау шарттарын тексеру туралы учаскелік полиция инспекторына тапсырма дайындайды және жолдайды, № 313 бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару иелерін тексеру туралы тапсырмаларды тіркеу журналына тіркейді және орындау үшін учаскелік полиция инспекторына береді.
Учаскелік полиция инспекторы тапсырманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны оның тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша № 313 бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру туралы баянат жасалады және көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 1-қосымшасында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру үшін: |
".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы |
М. Кожаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі