Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9673 тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдеде
№ 295 бұйрығымен
бекітілген

Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну туралы қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.01.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігі оның спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік спорттық федерацияда (бұдан әрі – спорттық федерация) тіркелуден өткендігін растайтын құжат болып табылады.

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұсынысы бойынша спорттық федерациялар спортшыларды тіркеуді жүзеге асырады.

      4. Спорттық жарысқа алғаш рет қатысқан спортшы тіркеуден өтуі тиіс.

2-тарау. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін беру және ауыстыру, спортшыны тіркеу туралы спорттық федерациялардың мәлімет ұсыну тәртібі

      5. Спортшыны тіркеу үшін жергілікті атқарушы органдар спорттық федерацияларға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) спортшының жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес Спортшыны тіркеу туралы ұсыну;

      3) 3х4 екі түрлі-түсті фотосурет.

      6. Спорттық федерациялар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу және спортшыны тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдайды.

      7. Спорттық федерациялар спортшыны тіркеу туралы берілген куәліктердің есебін электрондық және қағаз түрінде жүргізеді.

      8. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша спорттық федерациялар сауал қабылданған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес спортшыны тіркеу бойынша мәлімет ұсынады.

      9. Спортшыны тіркеу туралы куәлігін ауыстыру (көшірмесін беру) келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) спортшының тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтердің өзгеруі;

      2) спортшының тіркеу куәлігінің тозуына немесе механикалық бұзылуына байланысты оның жарамсыз болуы;

      3) спортшының тіркеу куәлігінің жоғалуы.

  Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына 1-қосымша
  нысан

Спортшыны тіркеу туралы ұсыну

№ р/с

Спортшы туралы мәліметтер

3х4 түрлі
түсті фотосурет

1

Тегі


2

Аты


3

Әкесінің аты (бар болса)


4

Туған күні


5

Жеке сәйкестендiру нөмiрi


6

Спорт түрі


7

Жынысы


8

Спортшы ұсынатын өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)


9

Спортшы ұсынатын дене шынықтыру-спорт ұйымы


10

Білімі


11

Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер


12

Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер


13

Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері


14

Жарыстан шеттету туралы мәліметтер


15

Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер


16

Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер


17

Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер


18

Жеке жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


19

Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының тізіміне сәйкес жаттықтырушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы

      органы

      Басшысы ___________________________________             ________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Мөр орны

      "__"_____ 20__ жыл

  Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына 2-қосымша
  нысан

Спортшыны тіркеу туралы куәлігі

р/с

Спортшы туралы мәліметтер

3х4 түрлі
түсті фотосурет

1

Тегі


2

Аты


3

Әкесінің аты (бар болса)


4

Туған күні


5

Жынысы


6

Спорт түрі


7

Спортшыны тіркеу туралы куәлігінің тіркеу нөмірі


8

Спортшыны тіркеу туралы куәлігіне тіркеу нөмірін берген күні


9

Тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы


10

Спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер


11

Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер


12

Спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері


13

Жарыстан шеттету туралы мәліметтер


14

Допинг қолданған жағдайлар туралы мәліметтер


15

Мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер


16

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)


17

Таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер


      ____________________________

      (Спорттық федерацияның атауы)

      Басшысы ____________________________________             ________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                         (қолы)

      Мөр орны

      "__"_____ 20__ жыл

  Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына 3-қосымша
  нысан

Спортшыны тіркеу туралы ақпарат

Спортшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)

Спортшының
туған күні

Спорт түрі

Спортшының спорттық атағы

Спортшы ұсынатын өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)

Спортшының жоғары көрсеткіші

Спортшының жаттықтырушысы (бірінші, жеке)

Спортшыны тіркеу куәлігінің тіркеу нөмірі/ күні

1

2

3

4

5

6

7

8











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады