ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12780 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларында:
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) және келесі құжаттар тапсырылады:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
4) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);
5) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;
6) өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының қолымен расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;
7) өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) көшірмелері;
8) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғаулатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
портал арқылы жүгінген кезде:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметті алушының ЭЦҚ (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінімнің электронды көшірмесі;
2) заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының жарғысының электронды көшірмесі;
3) қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының электронды көшірмесі;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтама;
5) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай грантты бағалау) электронды көшірмелері;
6) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісудің электронды көшірмесі;
7) өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
8) өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) электронды көшірмелері;
9) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.";
Қағидалардың 5-қосымшада:
8- тармақ келесі редакциясында жазылсын:
"
8 | Мемлекетік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Нурышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі