Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12780 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К. Хаиров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады, бұл ретте Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің м.а. 2015 жылғы
30 желтоқсандағы № 1281
бұйрығымен бекітілген

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 293-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңы) және ивестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін және де "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

2-тарау. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі

      5. Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) және келесі құжаттар тапсырылады:

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

      4) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);

      5) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;

      6) өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының қолымен расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;

      7) өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) көшірмелері;

      8) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың көшірмесін түпнұсқасымен салыстырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғаулатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      портал арқылы жүгінген кезде:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметті алушының ЭЦҚ (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінімнің электронды көшірмесі;

      2) заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының жарғысының электронды көшірмесі;

      3) қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының электронды көшірмесі;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтама;

      5) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай грантты бағалау) электронды көшірмелері;

      6) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісудің электронды көшірмесі;

      7) өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

      8) өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) электронды көшірмелері;

      9) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 30.07.2021 № 11-1-4/305 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті ол түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2017 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші порталда өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:

      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараған кезде:

      1) Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтінішті қарағайды;

      2) Кодекстің 292-бабында көрсетілген құжаттардың болуын тексереді;

      3) Кодекстің 292-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;

      4) Кодекстің 282-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

      9. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша қызметті беруші инвестициялық преференцияларды беру немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге жазбаша жауап жібереді. Инвестициялық преференцияларды беруден бас тарту туралы шешім дәлелді болуы тиіс.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорацияда - өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды және оның өкілеттіктерін көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде;

      2) порталда-көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Ережелердің осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші келесі негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға мемлекеттік мүлікті басқару, кеден ісі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың теріс жауабы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі)

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Тұрған жері: заңды мекенжайы және нақты тұрған жері


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық жобаның менеджері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
______________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

7.

Инвестициялық жобаның атауы

_______________________________________

8

Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала)


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)

_______________________________________

10.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (тіркелген актив шығындары пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді берген күнге дейін
24 айдан соң ескеріледі)

_______________________________________
(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың:
1) меншік қаражатың
2) қарыз қаражатың
3) бюджет қаражатының болуы

1) _____________________________________
(меншік қаражатының болуын растайтын құжаттың атауы, №, күні)
2) ____________________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін
құжаттың атауы, №, күні, кредитор)
3) _____________________________
(бюджет қаражаттарын қаржыландыруды
растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар*

12.

Мыналарды:
1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босату

1) _______________________________
(жеңілдетілген сома)
2) _____________________________
(жеңілдетілген сома)

13

Шикізаттардың және (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

____________________________________
(жеңілдетілген сома)

14.

Кедендік тазартуды жүргізу орны


15.

Мемлекеттік заттай грант

_______________________________________
(нарық құны)
__________________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

17.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер***

________________________________
(шарттық сомасы)

19.

Инвестициялық субсидия**

____________________________
(мың. теңге)
қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты сатып алуға шығындыру сомасы көрсетіледі

20.

Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімге тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер нысанына сәйкес):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1) _____________________________
(адам саны)
2) _____________________________
(адам саны)
3) ____________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      * қажеттілігіне карай толтырылады;

      ** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;

      *** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған

      4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      ______________________________________________________________

                              (атауы)

      Инвестордың атауы: ___________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Тіркелген активтерді пайдалануға енгізу күні

Күнтізбелік жыл

Барлы
ғы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиынында







1-бөлім бойынша жиынында:












2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлы
ғы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиынында


1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:












2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:












2-бөлім бойынша жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

№ р/н

Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиынын
да








3-бөлім бойынша жиыны





      5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Атауы

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық комиссиясының тауарлық номенклатурасы- ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшем
бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар*

1.






Жиыны






      Ескертпе:

      * қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;

      ** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.

      6. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.

________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

___________________________________
(қолы, және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша
  нысан

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы/ тұрғылықты елі

Паспортының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тарту кезеңі (ай, жыл)








__________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

___________________________
(қолы және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
2-қосымша

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономиялық және экологиялық ықпалы*;

      5) қаржылық бөлім*.

      2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

      2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

      3) Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты берушілер;

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

      5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

      жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;

      2) Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

      3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады) *;

      4) Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы*;

      5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      2) қаржылық талдау:

      инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);

      жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;

      жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);

      Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

      7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.

      Ескертпе:

      *инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғалар толтырмайды.

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
  нысан

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Тауар
дың атауы

Техникалық сипаты

Құндық сипаты

Қазақстан Республика
сында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа елдерде

Қазақстан Республикасында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа елдерде








  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
  нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Құрылыс кезеңінде

Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
  нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Р/с №

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі
(тарифтік разряды, санаты)

Саны





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
  нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдер
дің түрлері

Күнтізбелік жыл

Жиыны

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференциялар
ды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы





Мүлік салығы





Жер салығы





Кедендік баж салығы





Әлеуметтік салық





Зейнетақы төлемдері





  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
3-қосымша
  нысан
  (Тегі, Аты, Әкесінің аты
(болған жағдайда)
Немесе көрсетілетін қызметті
алушының ұйымының атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)

Көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі

      Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісемін.

      ___________________"___"____жылы

      (қолы)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  (Тегі, Аты, Әкесінің аты
(болған жағдайда),
(бұдан әрі-Т.А.Ә )
Немесе көрсетілетін қызметті
алушының ұйымының атауы
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 20- бабының 2- тармағын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік корпорация, Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ мекен-жайы

      _________________________) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан

      ________________________________________ ескере отырып бас тартады

      "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакеті:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)__________________________________________________________;

      2)__________________________________________________________;

      3)...

      Осы түбіртек екі тарапқа, әрқайсысы үшін бір-бірден жазылған.

      __________________________________________                  _______________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)                         (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә._____________

      Телефон__________

      Қабылдаған: _______________________                   _______________________

                        Т.А.Ә.                               көрсетілетін қызметті

      алушының қолы

      "__" ____ 20__жыл

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 30.07.2021 № 11-1-4/305 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

1) коммерциялық емес акционерлік қоғам "Мемлекеттік корпорация "Азаматтар үшін үкімет" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) веб-портал "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі– портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап, инвестициялық субсидия беруді қоспағанда – 35 (отыз бес) жұмыс күні;
инвестициялық субсидия "Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Инвестициялық субсидия беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысымен белгіленген тәртіпте және мерзімде беріледі;
2) порталда:
құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні;
Инвестициялық субсидия беру қағидаларымен бекітілген мерзімде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.

4

Мемлекеттік қызмет нысаны

Электронды немесе қағазда

5

Мемлекеттік қызмет нәтижесі

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорация – Дүйсенбіден сенбіге дейін, 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, жексенбімен мереке күндерін қоспағанда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдау бойынша, жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электронды кезекке тапсырыс беруге болады.
2) портал –тәулік бойы, жөндеу жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызметі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекетік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);
6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;
7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 64-1-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлға басшысының қолымен расталған жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
8) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) көшірмелері;
9) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.
Порталға:
1) алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім;
2) заңды тұлға басшысының ЭЦҚ куәландырылған қызметті алушының жарғысының электронды көшірмесі;
3) қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының электронды көшірмесі;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электорндық анықтама;
5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай грантты бағалау) электронды көшірмелері;
6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісудің электронды көшірмесі;
7) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен құрылыс жобаларына заңды тұлға басшысының қолымен расталған ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының электронды көшірмесі (егер инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда);
8) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығын ұсынуды көздеген жағдайда, тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) электронды көшірмелері;
9) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның басым туристік аумақтарда инвестициялық басым жобаның іске асырылуын растайтын хаты қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға мемлекеттік мүлікті басқару, кеден ісі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзгеде талаптар

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Тұрмыс – тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mіd.gov.kzwww.mіd.gоv.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғайбайланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады