"Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23848 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 28 қазандағы № 1100 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.10.2023 № 1100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18846 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарына және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      1.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген

"Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

      2. "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің нысанында мазмұндалған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      6. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдігі бар жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) анықтама алу үшін порталға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш береді.

      7. Сұрау салуды өңдеу Қорғаныс министрлігі жұмылдыру ресурстары автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзінде (бұдан әрі – ҚМ ИШ) 5 (бес) минут ішінде жүзеге асырылады. ҚМ ИШ-та мәліметтер бар болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сықойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      8. ҚМ ИШ-да әскери қызмет өткеру кезеңі мен орны туралы ақпарат болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін жауапты орындаушыға береді. Бұл ретте осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мынадай жағдайларда:

      Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде 30 (отыз) жұмыс күніне дейін;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      9. Көрсетілген мерзімдер аяқталған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" анықтама, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігі анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер және мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға жауабы теріс болған, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің қорытындысы теріс болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды оны қарайтын органға жолдамайды.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Заңда өзге көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының, басқа
мемлекеттердің аумағындағы
ұрыс қимылдарының
ардагерлері мен Чернобыль атом
электр станциясындағы апаттың
салдарын жоюға
қатысушыларға) анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
3) анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. Жергілікті әскери басқару органы кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды;
4) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтамалар беру не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылданған күн келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) www.​egov.​kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы анықтама беруге өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, тұрғылықты жеріне немесе уақытша болатын орнына тіркелгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының, басқа
мемлекеттердің аумағындағы
ұрыс қимылдарының
ардагерлері мен Чернобыль атом
электр станциясындағы апаттың
салдарын жоюға
қатысушыларға) анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан



      №________"Тіркеу нөмірі"_________"Өтінішті беру күні"

Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтама беруге өтініш

      __________________________________________________________________________

      (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

      __________________________________________________________________________

      растайтын мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға)

      __________________________________________ анықтама беруіңізді сұраймын.

      Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі департамент (басқарма, бөлім) (әскери комиссариат) әскерге шақырды

      __________________________________________________________________________

      Сұрау салынған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы ______________________

      __________________________________________________________________________

      Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Қызмет, жұмыс кезеңі (келген және кеткен жылы, айы) ______________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеңілдікке құқық туралы куәліктің №____________ берілген күні

      Кім және қашан берді __________________________________________________

      Қосымша мәліметтер ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтініш өзіне не туысқанына ресімделеді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының, басқа
мемлекеттердің аумағындағы
ұрыс қимылдарының
ардагерлері мен Чернобыль атом
электр станциясындағы апаттың
салдарын жоюға
қатысушыларға) анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



      №________"Тіркеу нөмірі"_________"Өтінішті беру күні"

Анықтама

      ________________________________ "Тегі", "Аты", "Әкесінің аты" (ол бар болған кезде), ________________________________ "Туған күні", туған жылы, шынымен ________________________________ жж. кезеңінде ________________________________

      Анықтама талап ету орнына ұсыну үшін берілді.

      Анықтаманың берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының, басқа
мемлекеттердің аумағындағы
ұрыс қимылдарының
ардагерлері мен Чернобыль атом
электр станциясындағы апаттың
салдарын жоюға
қатысушыларға) анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан



      №________"Тіркеу нөмірі"_________"Өтінішті беру күні"

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама

      Құрметті ___________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Анықтама беру үшін қажетті мәліметтердің жеткіліксіз болуына байланысты

      ______________________________________________________________________

      (тиісті органның атауы)

      __________________________________________ қолда бар ақпаратты растау үшін

      20 __ жылғы "___" ___________ № _____________________ сұрау салу жолдады.

      (күні)                  (шығыс нөмірі)

      Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын болуы туралы қосымша хабарланатын болады.

      Жауап берілген күн: ____________

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Жеңілдігі бар адамдарға
(Ұлы Отан соғысының, басқа
мемлекеттердің аумағындағы
ұрыс қимылдарының
ардагерлері мен Чернобыль атом
электр станциясындағы апаттың
салдарын жоюға
қатысушыларға) анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан



      №________"Тіркеу нөмірі"_________"Өтінішті беру күні"

Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті ___________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Сіздің ________________№__________________ өтінішіңіз бойынша жеңілдікке анықтама беруден бас тартылды. Жүйеде ұсынылған ақпарат бойынша мәліметтер жоқ.

      Бас тарту себебі: Сіздің деректеріңіз тізімдерде жоқ.

      Жауап берілген күн: ____________

      Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 500. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 августа 2021 года № 23848. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 28 октября 2023 года № 1100.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 28.10.2023 № 1100 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания государственной услуги "Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)".

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра обороны Республики Казахстан от 14 марта 2017 года № 113 "Об утверждении стандартов государственных услуг Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15393);

      2) приказ Министра обороны Республики Казахстан от 11 июня 2019 года № 442 "О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 14 марта 2017 года № 113 "Об утверждении стандартов государственных услуг Министерства обороны Республики Казахстан"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18846).

      3. Департаменту организационно-мобилизационной работы Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      4) направление информации о внесенных изменениях и (или) дополнениях в Единый контакт-центр, некоммерческое Акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан", оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", местные органы военного управления Министерства обороны и местные исполнительные органы областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента, районов и городов областного значения, в течение трех рабочих дней со дня государственной регистрации.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.01.2023 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны ‒ начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 4 августа 2021 года № 500

Правила оказания государственной услуги "Выдачи справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)"

Глава 1. Общие положения

      1. Правила оказания государственной услуги "Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)" (далее – Правила) определяют порядок выдачи справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции) в Республике Казахстан.

      2. Государственная услуга "Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)" (далее – государственная услуга) оказывается местными органами военного управления через управления и отделы по делам обороны (далее – услугодатель).

      3. Прием заявления на оказание государственной услуги осуществляется через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.01.2023 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Требования к оказанию государственной услуги, включающие характеристику процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в форме перечня основных требований к оказанию государственной услуги согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.01.2023 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Сведения о документах, удостоверяющих личность, о регистрации по месту жительства или месту временного пребывания услугополучателя, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      6. Для получения справки физические лица, имеющие льготы в соответствии с Законом Республики Казахстан "О ветеранах" (далее – услугополучатели) подают заявление по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам на портал в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) услугополучателя или одноразовым паролем.

      7. Обработка запроса осуществляется в интеграционном шлюзе автоматизированной системы мобилизационных ресурсов Министерства обороны (далее – ИШ МО) в течении 5 (пяти) минут. При наличии сведений в ИШ МО, справка по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам, в форме электронного документа подписанного ЭЦП услугодателя, направляется в "личный кабинет" услугополучателя.

      8. При отсутствии информации о периоде и месте прохождения воинской службы в ИШ МО, услугодатель осуществляет регистрацию заявления и передает его для исполнения ответственному исполнителю. При этом срок оказания государственной услуги продлевается с последующим уведомлением услугополучателя о продлении срока в течение 1 (одного) рабочего дня по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Срок оказания государственной услуги продлевается в случаях:

      до 30 (тридцати) рабочих дней – при необходимости получения подтверждения от соответствующих органов Республики Казахстан;

      до 90 (девяносто) рабочих дней – при необходимости получения информации из архивов стран бывшего Союза Советских Социалистических Республик.

      9. При истечении указанных сроков в течение 1 (одного) рабочего дня в "личный кабинет" услугополучателя направляется справка, либо уведомление об отказе в оказании государственной услуги по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      10. Отказ в оказании государственной услуги осуществляется, в случаях:

      установления недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      несоответствия услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленными настоящими Правилами;

      отрицательного ответа уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки.

      11. Выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через портал.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      12. Жалоба по вопросам оказания государственных услуг услугополучателем подается услугодателю, должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не направляет жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятное решение, совершит действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Жалоба услугополучателя в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.01.2023 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача справок лицам,
имеющим льготы (ветеранам
Великой Отечественной войны,
боевых действий на территории
других государств и участникам
ликвидации последствий
катастрофы на Чернобыльской
атомной электростанции)"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.01.2023 № 2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование государственной услуги "Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)"

1

Наименование услугодателя

Местные органы военного управления МО РК

2

Способы предоставления государственной услуги

Веб-портал "электронного правительства" www.​egov.​kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

1) при наличии сведений в государственной информационной системе – 5 (пять) минут;
2) при отсутствии сведений в государственной информационной системе – 1 (один) рабочий день;
3) при отсутствии информации и необходимых сведений для выдачи справки срок продлевается до 30 (тридцати) рабочих дней. Местный орган военного управления направляет запрос в соответствующие органы для подтверждения запрашиваемой информации с последующим уведомлением услугополучателя о продлении срока в течение одного рабочего дня;
4) в случае необходимости получения информации из архивов стран бывшего Союза Советских Социалистических Республик срок выдачи справки продлевается до 90 (девяносто) рабочих дней с последующим уведомлением услугополучателя о продлении срока в течение одного рабочего дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Выдача справки лицам, имеющим льготы (участникам Великой Отечественной войны, ликвидаторам Чернобыльской аварии, воинам-интернационалистам) в форме электронного документа, подписанного ЭЦП услугодателя, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, в случаях и по основаниям, предусмотренным разделом 9 настоящего Перечня.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством РК

Бесплатно

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан;
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, днем приема заявления является следующий рабочий день).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www. mod. gov.kz;
2) портале www.egov.kz.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Заявление на выдачу справки лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции) в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя или одноразовым паролем.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, о регистрации по месту жительства или месту временного пребывания услугополучателя, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

Услугодатель отказывает в предоставлении государственной услуги по следующим основаниям:
1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленными настоящими Правилами;
3) отрицательного ответа уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Услугополучатель имеет возможность получения информации о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством справочной службы услугодателя, Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www.gov.kz, а также на интернет-ресурсе Государственной корпорации: www.gov4c.kz.
Информацию о порядке оказания государственной услуги можно получить по телефону Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача справок лицам,
имеющим льготы (ветеранам
Великой Отечественной войны,
боевых действий на территории
других государств и участникам
ликвидации последствий
катастрофы на Чернобыльской
атомной электростанции)"
  Форма

     


      №________ "Регистрационный номер" _________ "Дата подачи заявления"

Заявление на выдачу справки лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)

      Прошу выдать подтверждающую справку ________________________________
                        (ветерана Великой Отечественной войны, боевых действий
___________________________________________________________________________
на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы Чернобыльской атомной электростанции)

      Когда и каким департаментом (управлением, отделом) по делам обороны (военкоматом) призван __________________________________________________
      Воинское звание и должность в запрашиваемый период ________________
______________________________________________________________________
      Род войск, номер воинской части, подчиненность и место дислокации ____
_______________________________________________________________________
      Период службы, работы (год, месяц прибытия и убытия) ________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
      Удостоверение о праве на льготы № __________ дата выдачи ____________
      Когда и кем выдано ________________________________________________
      Дополнительные сведения __________________________________________
_______________________________________________________________________
      Заявление оформляется на себя либо на родственника

      Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача справок лицам,
имеющим льготы (ветеранам
Великой Отечественной войны,
боевых действий на территории
других государств и участникам
ликвидации последствий
катастрофы на Чернобыльской
атомной электростанции)"
  Форма

     


      №________ "Регистрационный номер" _________ "Дата подачи заявления"

Справка

      ____________________________________ "Фамилия", "Имя", "Отчество"
      (при его наличии), ____________________________________"Дата рождения", года рождения, действительно ____________________________________
      в период с __________ по гг. ______________________________________________
      Справка дана для предъявления по месту требования.

      Дата выдачи справки __________ "Дата выдачи".

      Справка действительна: бессрочно.

      Данные предоставлены из информационной системы Министерства обороны Республики Казахстан.

      Данный документ согласно статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

     


  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача справок лицам,
имеющим льготы (ветеранам
Великой Отечественной войны,
боевых действий на территории
других государств и участникам
ликвидации последствий
катастрофы на Чернобыльской
атомной электростанции)"
  Форма

     


      №________ "Регистрационный номер" _________ "Дата подачи заявления"

Уведомление о продлении срока оказания государственной услуги

Уважаемый (ая) ______________________________________
(фамилия, имя и отчество (при его наличии)

      В связи недостаточностью необходимых сведений для выдачи справки направлен "___" _________ 20 __ года за № ____________________ запрос в (дата) (исходящий номер) __________________________________________________________________
                  (наименование соответствующего органа)
      для получения подтверждения имеющейся информации.

      В соответствии с Правилами срок оказания государственной услуги продлевается до 30 (тридцати) (или 90 (девяноста) рабочих дней.

      О готовности результата оказания государственной услуги будете проинформированы дополнительно.

      Дата представления ответа: ____________

      Данные предоставлены из информационной системы Министерства обороны Республики Казахстан.

      Данный документ согласно статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

     


  Приложение 5
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача справок лицам,
имеющим льготы (ветеранам
Великой Отечественной войны,
боевых действий на территории
других государств и участникам
ликвидации последствий
катастрофы на Чернобыльской
атомной электростанции)"
  Форма

     


      №________ "Регистрационный номер" _________ "Дата подачи заявления"

Уведомление об отказе в оказании государственной услуги по выдаче справки лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)

Уважаемый (ая) ______________________________________
(фамилия, имя и отчество (при его наличии)

      На Ваше заявление №__________________ от ____________ по поводу выдачи справки на льготы – пришел отказ. По представленной информации в Системе данные отсутствуют.

      Причина отказа: Ваших данных нет в списках.

      Дата представления ответа: ____________

      Данные предоставлены из информационной системы Министерства обороны Республики Казахстан.

      Данный документ согласно статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.