Қазақстан Республикасы Қорғаныс миистрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31636 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көлік құралдарының жүргізушілері ретінде дайындау үшін тағайындалған әскерге шақырылушылар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдарының жүргізушісін қайта медициналық тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеруден өтеді.".

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарына және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеулі негізде даярлау ақылы негізде жүзеге асырылады. "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЖӘБО арқылы көрсетеді.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің нысанында мазмұндалған.";

      Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.10.2023 № 1100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
  2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.​egov.​kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) бірінші кезеңде – құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
2) екінші кезеңде – оқуға қабылдау туралы хабарламада көрсетілген сабақтар басталған сәттен бастап 42 (қырық екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген) Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларының 19-тармағына сәйкес өтеулі негізде білім алатын әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) оқу үшін төлемді олардың ақша қаражатын ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының есеп шотына аудару жолымен жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем оқу үшін алынады, ол білім алушыны әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау құнының калькуляциясына сәйкес 305 000 теңгені құрайды.
Оқу үшін төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылданған күн келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында;
2) www.​egov.​kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Ұялы байланыс операторы ұсынған әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету өтінішіне тіркейді.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы, соттылығының болуы не болмауы туралы, соңғы тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелген жері,әскери есепте тұрғаны туралы мәліметтерді ЖӘБО "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді оқыту өтеулі негізде 1 ақпан мен 20 желтоқсан кезеңінде жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алғаннан кейін оқуға қабылдау туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО-ға қайтарылуға тиіс.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің қашықтан қолжетімділік режимінде ЖӘБО-ның анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.10.2023 № 1100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады