БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:";
4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың саны;
ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;
құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;
заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;
адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;"
4-тармақтың 3, 4)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:
қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
істің атауы, қаулының шығарылған күні;
қорғау және өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;
күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;
тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің бабы;
қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);
күдіктінің, айыпталушының, сотталушының әрекеті өзгертілген күн;
заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;
адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;
адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;
сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);
адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;
қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;
адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;
процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына арыз (қарсылық) келтіру уақытының ұзақтығы;
адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;
адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;
4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:
соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
істің атауы, қарау орны және күні;
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;
адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;
адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;
адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;
сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);
адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;
адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;
адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.
Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.
Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы сот ұйғарымы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.
Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.
Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін адвокат Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішін жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.
Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 4-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық және өзге де қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады."
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.";
Қағиданың 1-қосымшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
___________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
___________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
___________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
___________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
___________________________
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
___________________________