Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.09.2022 № 750 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.09.2022 № 750 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.09.2022 № 750 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министр | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"___"_________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"___"_________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"___"_________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
"___"_________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"___"_________ 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"___"_________ 2018 жыл
Бекітілді Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығы |
Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.09.2022 № 750 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 23-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін заң көмегінің келесі түрлері жатады:
1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;
3) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 749-бабының және 750-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;
4) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112 және 325-баптарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;
5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;
6) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету;
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге заң консультанттары көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:
1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру;
2) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету.
3) Қазақстан Республикасының ӘРПК 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету";
4) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі
4. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.
5. Адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта келесі құжаттарды қоса бере отырып жасалады:
1) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;
ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;
құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;
заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;
адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;
тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамадардың) қаулылары, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша соттардың ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберінде адвокаттар тағайындау туралы қаулылары;
3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:
қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
істің атауы, қаулының шығарылған күні;
қорғау және өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;
күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;
тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің бабы;
қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);
күдіктінің, айыпталушының, сотталушының әрекеті өзгертілген күн;
заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;
адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;
адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;
сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);
адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;
қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;
адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;
процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына арыз (қарсылық) келтіру уақытының ұзақтығы;
адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;
адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;
Қылмыстық іс бойынша, сондай – ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қорғаушы ретінде қатысқан жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 "Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (бұдан әрі-қаулы) 1-тармағының 1) -3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5 сәйкес жүзеге асырылады;
4) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың ұйғарымы, заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары туралы конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі ұйғарымдары, оларда:
соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
істің атауы, қарау орны және күні;
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;
адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;
адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;
адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;
адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;
сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);
адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;
адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;
адвокаттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;
5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары, оларда:
қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:
1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келуінен есептелетін процессуалдық іс-әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту, егер адвокат осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;
2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;
3) сотқа дейін тергеп-тексеру немесе қылмыстық істің сотқа түсуінен кейін, бірақ істің басты сот талқылауында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралуына дейін, оның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамды тұтқындау қаулысымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;
3-1) істің басты сот талқылауында қаралуына дейін азаматтық не әкімшілік істің материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;
3-2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның конституциялық іс жүргізу шеңберінде хаттамасымен танысу;
4) тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан қорғалушыға бару туралы анықтаманы алғанға дейін адвокаттың қорғалушыны шақыру талонын беру сәтінен бастап есептелетін іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін үйде қамауда болған немесе күзетпен қамауға алынған қорғалушымен, уақытша ұстау изоляторында қорғалушымен, немесе Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне сәйкес заң көмегін көрсету үшін Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 63 қбпү (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15120 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемесінің Келушілерді есепке алу журналында тіркелген кезден бастап тиісті мекемеден адвокат сотталушымен жолығу туралы анықтама алғанша;
5) іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін әкімшілік тұтқындауға тартылған қорғалушыға бару;
6) адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Адвокат нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.
9. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға тағайындалған адвокаттан бас тартса, адвокаттың іспен танысуға кеткен уақыты, кездесу кезіне заң көмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына келтірілген қарсылықтарына уақыты, осындай бас тартудың процессуалдық рәсімделуі, адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады.
10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.
Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.
Азаматтық, әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсетуге ақы төлеу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу шеңберіндегі қаулысы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.
Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.
Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-1. Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:
1 минуттан 1 сағатқа дейін төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;
1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;
1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.
Екі сағаттан асқан жағдайда төлем ақы сағаттардан және минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.
1 сағат шегінде көрсетілген мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.
1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.
1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.
2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініш жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.
Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады.
13. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. Заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі
14. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Заң консультанттың өтініші) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жасаған заң консультант көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.
15. Заң консультантының бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтініші, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта құжаттарды қоса бере отырып жасалады:
1) заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі негізінде жасақталған заң консультантының құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:
заң консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;
құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;
заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;
заң консультанттың қолтаңбасы;
заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолтаңбасы көрсетіледі;
2) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша заң консультантын тағайындау туралы соттардың ұйғарымдары, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі заң консультантты тағайындау туралы қаулылары;
3) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі туралы ұйғарымдары, оларда:
соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
істің атауы, қарау орны және күні;
заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;
заң консультант қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;
заң консультанттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;
заң консультант қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;
сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);
заң консультанттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;
заң консультанттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;
заң консультанттың аты, жөні (болған жағдайда), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2),3),4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:
1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта заң консультанттың келуінен есептелетін сот отырысының басталуын күту, егер заң консультант осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;
2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер заң консультант бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;
3) істі басты сот отырысында қаралуына дейін азаматтық немесе әкімшілік іспен, конституциялық іс жүргізу шеңберінде материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;
4) өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Заң консультант нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.
19. Азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі қаулысы, заң консультанттың өтініші негізінде заң консултантының өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ол шығарылған күні электрондық құжат нысанында жолданады.
Нақты іс бойынша ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні заң консультантқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Заң консультанттар палатасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.
Өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште заң консультант нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін заң консультант Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19-1. Заң консультанттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:
1 минуттан 1 сағатқа дейін, төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;
1 сағаттан астам 1 сағат 30 минутқа дейін, төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;
1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін, төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.
Екі сағаттан асқан кезде төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.
1 сағат шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы екі және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.
1 сағаттан 1 сағат 30 минуттан асқанға дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.
1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.
2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Заң көмегін көрсету нәтижелері бойынша заң консультанты мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы өтініш жасайды және аумақтық әділет органдарына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге, интернет желісіне қол жеткізу не жүйе арқылы жібері мүмкін болмаған жағдайларда қағаз форматта жолдайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Аумақтық әділет органы заң консультанттың өтінішінің заң консультанттың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, заң консультанттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жасайды және заң консультанттың банктік шотына заң консультанттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген заң консультанттың төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.
Заң консультанттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 16-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін заң консультантқа қайтарады.
22. Ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кейін келіп түскен өтініштер бойынша заң консультанттарына төлеуге жататын қаражатты қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Нысан
АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы
___________________________
(адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
№ № | Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері | Заң көмегін алған тұлғалардың саны | Қаулылар саны | Сағаттар,минуттар саны | Төлем сомасы | Төлемнің жалпы сомасы | |
1. | Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету | ||||||
2. | Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету | Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
3. | Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету | Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
4. | Соттарда қылмыстық істер бойынша айыпталушының, сотталушының қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету | Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
5. | Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету | Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||
Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша | |||||||
6. | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету | ||||||
7. | Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы | |||||
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы | |||||||
8. | Әкімшілік істер бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы | |||||
9. | Конституциялық іс жүргізу бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы | |||||
10. | Барлығы | ||||||
10. | Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге | Іссапардың жалпы саны | Іссапар күндерінің жалпы саны | Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы |
Нысан
ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ӨТІНІШІ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.06.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік
берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік
етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы
___________________________
(адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
№ № | Адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері | Заң көмегін алған тұлғалардың саны | Қаулылар саны | Сағаттар,минуттар саны | Төлем сомасы | Төлемнің жалпы сомасы | |
1. | Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету | ||||||
2. | Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы | |||||
3. | Әкімшілік істер бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы | |||||
4. | Конституциялық іс жүргізу бойынша заң көмегін көрсету | Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы | |||||
5. | Барлығы | ||||||
6. | Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу | Іссапардың жалпы саны | Іссапар күндерінің жалпы саны | Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы |