БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Басшысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 22 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы "5" ақпандағы № 19 бұйрығына 3-қосымша | |
---|---|---|
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны | Приложение 3 к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от "5" февраля 2020 года № 19 |
Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы Анкета обследования домашнего хозяйства об использовании информационно-коммуникационных технологий
Индексі | Н-020 | жылдық | есепті кезең | жыл | |
Индекс | годовая | отчетный период | год |
Байқауға іріктемеге түскен үй шаруашылықтары қатысады
В наблюдении принимают участие домашние хозяйства, попавшие в выборку
Интервьюерлер ұсынатын мерзім – 30 қаңтарға (қоса алғанда) дейін
Срок представления интервьюерами – до 30 января (включительно)
1. Аумақтың (елді мекеннің) атауы
Наименование территории (населенного пункта)_______________________________
2. ӘАОЖ1 бойынша елді мекеннің коды
Код населенного пункта по КАТО1…………………….
3. Елді мекеннің түрі (1 – қала, 2 – ауыл)
Тип населенного пункта (1 - город, 2 - село)………………………………………
4. Даңғыл, көше, алаң, тұйық көше
Проспект, улица, площадь, переулок___________________________________________
5. Үйдің ID (АЙДИ) коды
ID (АЙДИ) код дома..............................................................
6. Пәтердің ID (АЙДИ) коды
ID (АЙДИ) код квартиры…….……………………………
7. Бланкінің реттік нөмірі
Порядковый номер бланка..................................................................................................
8. Интервьюердің коды
Код интервьюера.................................................................
9. Сұхбат жүргізу күні |
күні |
айы |
жылы |
Ескертпе:
Примечание:
1ӘАОЖ - Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші
1КАТО - Классификатор административно-территориальных объектов
"А" МОДУЛІ: ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК–ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТМОДУЛЬ
"А": СОЦИАЛЬНО-ДЕМОГРАФИЧЕСКАЯ ИНФОРМАЦИЯ ПО ДОМАШНЕМУ ХОЗЯЙСТВУ
Сауалнаманың сұрақтарына үй шаруашылығының 18 жастан асқан кез келген отбасы мүшесі жауап береді
На вопросы анкеты отвечает любой член семьи домашнего хозяйства с 18 лет
1. Сіздің үй шаруашылығыңызда қанша адам тұрады? | |||||||
1.1 Барлығы адам, оның ішінде 1.2 ерлер 1.3 әйелдер | |||||||
Үй шаруашылықтарының 6 жастағы және одан үлкен мүшелерінен жауап алынады | |||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | В | |
Үй шаруашылығы мүшесінің сәйкестендіру нөмірі |
| ||||||
Үй шаруашылығы мүшесінің аты |
Сұраққа көшу | ||||||
2. Респонденттің жынысы | |||||||
2.1 Ер |
|
|
|
|
| 3 3 | |
3. Үй шаруашылығы иесіне Сіздің туыстық қатысыңыз (туыстық байланыс) | |||||||
| 4 | ||||||
3.2 Күйеуі, әйелі |
|
|
|
|
| 4 | |
3.3 Ұлы, қызы |
|
|
|
|
| 4 | |
3.4 Әкесі, анасы |
|
|
|
|
| 4 | |
3.5 Ағасы/інісі, әпкесі/сіңлісі |
|
|
|
|
| 4 | |
3.6 Атасы, әжесі |
|
|
|
|
| 4 | |
3.7 Немересі |
|
|
|
|
| 4 | |
3.8 Туыстықтың басқа дәрежесі |
|
|
|
|
| 4 | |
3.9 Туыс емес (туыстық жоқ) |
|
|
|
|
| 4 | |
4. Жасы | 5 | ||||||
5. Сіздің қандай біліміңіз бар? |
|
|
|
|
| 6 | |
5.2 Бастауыш білімі жоқ |
|
|
|
|
| 6 | |
5.3 Бастауыш білім |
|
|
|
|
| 6 | |
5.4 Негізгі орта білім |
|
|
|
|
| 6 | |
5.5 Орта білім | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 6 | |
5.6 Орта білімнен кейінгі білім |
|
|
|
|
| 6 | |
5.7 Жоғары білім |
|
|
|
|
| 6 | |
5.8 Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм | 8 | 8 | 8 | 8 | 8 | 6 | |
6. Жұмыспен қамтылу мәртебесі |
|
| В немесе С модулі модуль В или C В немесе С модулі модуль В или C В немесе С модулі модуль В или C В немесе C модулі модуль В или С В немесе C модулі модуль В или С C модулі модуль С В немесе С модулі модуль В или C | ||||
|
|
|
"В" МОДУЛІ: АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА (бұдан әрі – АКТ)ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МОДУЛЬ
"В": ДОСТУП К ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ (далее – ИКТ)
Бұл модуль үй шаруашылығы туралы жалпы ақпаратты көрсетуге бағытталған
Этот модуль направлен на указание общей информации о домашнем хозяйстве
7. Сізде төменде көрсетілген АКТ бар ма? (қолда бардың барлығын белгiлеңiз)
Есть ли у Вас нижеперечисленные ИКТ? (отметьте все, что имеется в наличии)
7.1 Тіркелген телефон желісі | |
7.2 Ұтқыр телефон | |
7.2.1 Смартфон | |
7.3 Теледидар | |
7.3.1 Кабельдік телекөрсетілім | |
7.3.2 Жерсеріктік телекөрсетілім | |
7.3.3 Жерүсті цифрлық телекөрсетілім | |
7.3.4 Интернет хаттамасы негізіндегі теледидар (IPTV) (АЙПИТИВИ) | |
7.3.5 Цифрлық эфирлік телекөрсетілім | |
7.4 Үстелүстілік компьютер | |
7.5 Тасымалды компьютер (ноутбук, нетбук, ультрабук) | |
7.6 Планшет |
8. Сіздің үй шаруашылығыңыздың үйден Интернет желісіне шығуға мүмкіндігі бар ма (ұтқыр телефон арқылы шығуды қоса алғанда)?
Имеет ли Ваше домашнее хозяйство выход к сети Интернет (включая выход через мобильный телефон) из дома?
8.1 | Иә | 10-тармақ және одан әрі | |
Да | пункт 10 и далее | ||
8.2 | Жоқ | 9-тармақ және одан әрі "C" модулі | |
Нет | пункт 9 и далее модуль "C" |
9. Сіздің үй шаруашылығыңызда Интернет желісіне шығу болмауының негізгі себебін атаңыз?
Назовите основную причину, почему в Вашем домашнем хозяйстве нет выхода к сети Интернет?
9.1 Қажеттілігі жоқ | |
9.2 Көрсетілетін қызметтер құны өте жоғары | |
9.3 Интернет желісіне қосылу үшін жабдыққа кететін шығын жоғары | |
9.4 Деректерді қорғау және олардың қауіпсіздігі үшін қауіптену | |
9.5 Сіз тұратын жерде Интернет желісінің көрсетілетін қызметтері қолжетімді емес | |
9.6 Интернет желісіне шығу басқа жерде бар (жұмыста, таныстарда, қоғамдық қол жеткізудің орталықтарында) | |
9.7 Басқа (көрсетіңіз) |
10. Үй шаруашылығында Интернет желісіне қол жеткізу байланысының қандай түрі пайдаланылады?(пайдаланылатынның бәрiн белгiлеңiз)
Какой вид связи доступа к сети Интернет используется в домашнем хозяйстве? (отметьте все, что используется)
10.1 Стандартты модем (аналогты телефонмен қосылу арқылы) немесе тар жолақты ISDN-ға (АЙЭСДИЭН) қосылу | |
10.2 Тіркелген (сымды) кең жолақты байланыс | |
10.3 Кең жолақты жерүсті тіркелген сымсыз байланыс | |
10.4 Жерсеріктік кең жолақты байланыс | |
10.5 Ұтқыр кең жолақты қосылу | |
10.5.1 ұялы телефон арқылы ұтқыр кең жолақты байланыс | |
10.5.2 карта немесе USB (ЮЭСБИ) модем арқылы ұтқыр кең жолақты байланыс | |
10.6 Ұтқыр интернет-қатынаудың аналогты ұтқыр телефоны арқылы |
"С" МОДУЛІ: КОМПЬЮТЕР, ҰТҚЫР ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТІ ЖЕЛІНІ ПАЙДАЛАНУБОЙЫНША СҮЗГІ СҰРАҚТАРЫ МОДУЛЬ
"С": ВОПРОСЫ ФИЛЬТРЫ ПО ИСПОЛЬЗОВАНИЮ КОМПЬЮТЕРА, МОБИЛЬНОГО ТЕЛЕФОНА И СЕТИ ИНТЕРНЕТА
11, 12, 13, 14, 15 және 16 нөмірлі сұрақтарға үй шаруашылығының 6 жастағы және одан үлкен мүшелерінен жауап алынады
На вопросы под номерами 11, 12, 13, 14, 15 и 16 отвечают члены домашних хозяйств в возрасте 6 лет и старше
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | В |
Үй шаруашылығы мүшесінің сәйкестендіру нөмірі("А" модуліндегі 1-тармақ) |
| |||||
Үй шаруашылығы мүшесінің аты("А" модуліндегі 1-тармақ) |
Сұраққа көшу | |||||
11. Соңғы 3 ай ішінде қай жерлерде пайдаланылғанына қарамастан, Сіз компьютерді (дербес компьютерді, планшетті, ноутбукті) пайдаландыңыз ба? | ||||||
11.1 Иә | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 12, 13, 14, 16 және D модулі 12, 13, 14, 16 и модуль D |
11.2 Жоқ | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 12, 13, 14және 16 12, 13, 14 и 16 |
12. Компьютерлік сауаттылық деңгейі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 13, 14 және 16 13, 14 и 16 |
12.2 Жаңадан бастаған пайдаланушы | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 13, 14 және 16 13, 14 и 16 |
12.3 Қарапайым пайдаланушы | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 13, 14 және 16 13, 14 и 16 |
12.4 Тәжірибелі пайдаланушы | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 13, 14 және 16 13, 14 и 16 |
13. Цифрлық сауаттылық деңгейі | ||||||
13.1 Сіз өздігіңізден дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбук пайдалана аласыз ба? |
|
|
|
|
| 13.2 |
13.2 Сіз өздігіңізден стандарттық бағдарламаларды (мәтіндік және кестелік редакторларды) пайдалана аласыз ба? |
|
|
|
|
| 13.3 |
13.3 Сіз өздігіңізден Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтер және сервистер ала аласыз ба? |
|
|
|
|
| 13.4 |
13.4 Сіз өздігіңізден компьютерді және дербес деректерді қорғау бойынша туындаған мәселелерді шеше аласыз ба? |
|
|
|
|
| 13.5 |
13.5 Сіз кәсіби қызметте бағдарламалық – аппараттық шешімдерді пайдалана аласыз ба? |
|
|
|
|
| 13.6 |
13.6 Сіз цифрлық құрылғылардың қандай да біреуін (цифрлық фотоаппараттар, цифрлық бейнекамералар, веб-камералар, цифрлық телевизиялар, DVD (ДИВИДИ)-күйтабақ ойнатқыштар және проекторлар) пайдалана аласыз ба? |
|
|
|
|
| 14 |
14. Соңғы 3 ай ішінде Сіз ұтқыр телефонды пайдаландыңыз ба? | ||||||
14.1 Иә | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 15 |
14.2 Жоқ | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 16 |
15. Сіз осы ұтқыр телефонның иесі болып табыласыз ба? | 16 | |||||
15.1 Иә |
|
|
|
|
| |
15.2 Жоқ |
|
|
|
|
| |
16. Соңғы 3 ай ішінде қосылу жеріне қарамастан, Сіз Интернет желісін пайдаландыңыз ба? |
|
|
|
|
| E модулі модуль Е 17 және соңы 17 и конец |
17. Интернет пайдаланбаудың себебін көрсетіңіз |
|
|
|
|
|
Ескертпе:
Примечание:
Осы статистикалық нысанға қосымша С модулінің 11, 14 немесе 16 сұрақтарына "Иә" деп жауапберген үй шаруашылығының әрбір мүшесіне толтырылады
Приложение к настоящей статистической форме заполняется на каждого члена домашнего хозяйства, ответившего "Да" на вопросы 11, 14 или 16 Модуля С
ЖЕКЕ СҰРАҚНАМА ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ВОПРОСНИК
Үйдің ID (АЙДИ) коды (титулдық парақтағы үйдің ID (АЙДИ) кодына сәйкес) | |
Пәтердің ID (АЙДИ) коды (титулдық парақтағы пәтердің ID (АЙДИ) кодына сәйкес) |
Үй шаруашылығы мүшесінің сәйкестендіру нөмірі ("А" модуліндегі 1-тармақ)
Идентификационный номер члена домашнего хозяйства (из модуля "А" пункт 1) _________________
Үй шаруашылығы мүшесінің аты ("А" модуліндегі 1-тармақ)
Имя члена домашнего хозяйства (из модуля "А" пункт 1) ______________________________________
"D" МОДУЛІ: КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУМОДУЛЬ
"D": ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОМПЬЮТЕРА
С модулінің 11-тармағын "Иә" деп белгілегендер толтырады
Заполняют те, кто отметил "Да" в пункте 11 модуля С
18. Соңғы 3 ай ішінде Сіз компьютерді қаншалықты жиі пайдаландыңыз? (бір нұсқаны белгілеңіз)
Как часто Вы использовали компьютер в последние 3 месяца? (отметьте один вариант)
18.1 Күніне кем дегенде бір рет | |
18.2 Аптасына кем дегенде бір рет, бірақ күнде емес | |
18.3 Аптасына кемінде бір рет |
19. Сіз компьютерді қай жерде пайдаландыңыз? (пайдаланған жердің бәрiн белгiлеңiз)
Где Вы использовали компьютер? (отметьте все, где использовали)
19.1 Үйде | |
19.2 Жұмыс орнында | |
19.3 Оқу орнында | |
19.4 Коммерциялық орталықта (ақылы негізде, мысалы интернет-кафе) | |
19.5 Көршілерде, достарда немесе туысқандарда |
20. Сіз төмендегі жабдықтардың қай түрін қолдандыңыз? (қолданатыныңыздың бәрін белгілеңіз)
Каким из нижеперечисленных видов оборудования Вы пользовались? (отметьте все, что используете)
20.1 Үстелүстілік компьютер | |
20.2 Тасымалды компьютер (ноутбук, нетбук, ультрабук) | |
20.3 Планшет |
21. Сіз төмендегі компьютерлік әрекеттердің қайсыларын орындадыңыз? (орындағандарыңыздыңбарлығын белгiлеңiз)
Какие из нижеперечисленных компьютерных действий Вы выполняли? (отметьте все, что выполняли)
21.1 Файлдар салынған электронды поштаны (құжат, фотосурет, бейнежазба) жөнелту | |
21.2 Бағдарламалық қамтамасыз етуді іздеу, жүктеу және орнату | |
21.3 Операциялық жүйеге немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларға өзгерісті қоса алғанда бағдарламалық қамтамасыз етуді күйге келтіру | |
21.4 Excel (Эксель) электрондық кестелер редакторында жұмыс істеу (кестелерде негізгі арифметикалық формулаларды пайдалану) | |
21.5 Word (Ворд) мәтіндік редакторында жұмыс істеу | |
21.6 Графикалық редакторда жұмыс істеу (презентация, мәтін, сурет, дыбыс, бейнежазба немесе диаграмманы қоса алғанда) | |
21.7 Жаңа құрылғыларды (принтер, модем және камера) қосу және орнату | |
21.8 Арнайы бағдарламалық тілді пайдаланумен компьютерлік бағдарламалар әзірлеу | |
21.9 Файлды немесе папканы көшіру немесе орнын ауыстыру | |
21.10 Құжаттағы ақпараттың көшірмесін алу немесе орнын ауыстыру үшін ақпаратты немесе ақпараттың бөлігін көшіру және орнына қою құралдарын пайдалану | |
21.11 Компьютерлер мен басқа құрылғылар арасында файлдар жөнелту | |
21.12 Басқа (көрсетіңіз) |
"E" МОДУЛІ: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
МОДУЛЬ "E": ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СЕТИ ИНТЕРНЕТ И УСЛУГИ ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА
С модулінің 16-тармағын "Иә" деп белгілегендер толтырады
Заполняют те, кто отметил "Да" в пункте 16 модуля С
22. Соңғы 3 ай ішінде Сіз Интернет желісін (кез келген жерде) қаншалықты жиі пайдаландыңыз? (бір нұсқаны белгілеңіз)
Как часто Вы использовали сеть Интернет (в любом месте) за последние 3 месяца? (отметьте один вариант)
22.1 Күніне кем дегенде бір рет | |
22.2 Аптасына кем дегенде бір рет, бірақ күнде емес | |
22.3 Аптасына кемінде бір рет |
23. Сіз Интернет желісін қай жерде пайдаландыңыз? (пайдаланған жердің бәрiн белгiлеңiз)
Где Вы использовали сеть Интернет? (отметьте все, где использовали)
23.1 Үйде | |
23.2 Жұмыс орнында | |
23.3 Оқу орнында | |
23.4 Қоғамдық орында (ақысыз негізде, мысалы, вокзалда, әуежайда, қоғамдық кітапханада) | |
23.5 Көршілерде, достарда немесе туысқандарда | |
23.6 Ұтқыр телефон арқылы кез келген жерде | |
23.7 Басқа ұтқыр қатынау құрылғылары арқылы кез келген жерде |
24. Сіз Интернет желісіне қол жеткізу үшін төмендегі тасымалды жабдықтардың қай түрін пайдаландыңыз? (пайдаланатынның бәрін белгілеңіз)
Каким из нижеперечисленных видов переносного устройства для доступа к сети Интернет Вы пользовались? (отметьте все, что используете)
24.1 Ұтқыр телефон | |
24.1.1 Интернет желісіне қосылу үшін технологияны пайдалана отырып, ұтқыр байланыс желісі бойынша | |
24.1.2 Басқа да сымсыз байланыс желілері бойынша (мысалы, клиенттік Wi-Fi (Вай-Фай) қабылдау-жіберу құрылғыларымен жабдықталған ұтқыр құрылғылар) | |
24.2 Планшет | |
24.2.1 USB (ЮЭСБИ)-кілт/аппараттық кілт немесе интеграцияланатын деректер SIM (СИМ)-картасын пайдалана отырып, ұтқыр байланыс желісі бойынша | |
24.2.2 Басқа да сымсыз байланыс желілері бойынша (мысалы, клиенттік Wi-Fi (Вай-Фай) қабылдау-жіберу құрылғыларымен жабдықталған ұтқыр құрылғылар) | |
24.3 Тасымалды компьютер (ноутбук, нетбук, ультрабук) | |
24.3.1 USB (ЮЭСБИ)-кілт/аппараттық кілт немесе интеграцияланған деректер SIM (СИМ)-картасын немесе модем ретінде ұтқыр телефонды пайдалана отырып, ұтқыр байланыс желісі бойынша | |
24.3.2 Басқа да сымсыз байланыс желілері бойынша (мысалы, клиенттік Wi-Fi (Вай-Фай) қабылдау-жіберу құрылғыларымен жабдықталған ұтқыр құрылғылар) | |
24.4 Басқа да тасымалды құрылғылар (мысалы,тасымалды ойын консолдары, сағаттар, электронды кітаптарды оқу үшін құрылғылар) |
25. Сіз ұтқыр (ұялы) байланыс арқылы Интернет желісінің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттанасызба?
Вы удовлетворены качеством и доступностью сети Интернет через мобильную (сотовую) связь?
25.1 Қанағаттанбаған | |
25.2 Қанағаттанған |
26. Сіз Интернет желісін қандай мақсатта пайдаландыңыз? (пайдаланған мақсаттардыңбарлығын белгiлеңiз)
С какой целью Вы использовали сеть Интернет? (отметьте все цели, какие использовали)
26.1 Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды алу | |
26.2 Денсаулық сақтаумен немесе денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтермен байланысты ақпараттарды іздеу | |
26.3 Веб-сайт арқылы денсаулығына байланысты маманға қабылдауға жазылу | |
26.4 Электрондық поштаны жіберу және алу | |
26.5 Интернет желісі/VoIP (ВоАЙПИ) арқылы телефонмен сөйлесу | |
26.6 Әлеуметтік желілерге қатысу (мысалы, Одноклассники, Facebook (Фэйсбук), Twitter (Твиттер), Instagram (Инстаграм) | |
26.7 Чаттарға, блогтарға, жаңалықтарға және онлайн-талқылауларға қол жеткізу | |
26.8 Ақпарат орналастыру немесе хабарламалармен шапшаң алмасу (мысалы, WhatsApp (Ватсап), Viber (Вайбер) | |
26.9 Тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе тапсырыс беру (OLX (ОЛИКС), Laмoda (Ламода), eBay (еБэй) арқылы) | |
26.10 Тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сату (OLX (ОЛИКС), Ebay (еБэй) арқылы) | |
26.11 Сапар кезінде саяхаттаумен немесе қонақүйлерде орналасумен байланысты көрсетілетін қызметтерді алу | |
26.12 Кәсіби желілерге қатысу | |
26.13 Жұмыс іздеу немесе жұмысқа қатысты өтініш беру | |
26.14 Интернет-банкингті пайдалану | |
26.15 Білім беру және оқыту саласындағы қызмет (википедия, онлайн энциклопедиялар) | |
26.16 Ресми онлайн-курстарды пайдалану | |
26.17 Фильмдерді, суреттерді, музыканы жүктеу, бейнетуындыны қарау, музыка тыңдау, ойын ойнау немесе ойындар жүктеу | |
26.18 Веб-радио тыңдау (ақылы да, ақысыз да) | |
26.19 Веб –телевидение қарау (ақылы да, ақысыз да) | |
26.20 Бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе қосымшаларды көшіру | |
[MISSING IMAGE: , ]26.21 Онлайн газеттер немесе журналдарды, электронды кітаптарды оқу немесе көшіру | |
26.22 Жалпы ортақ қол жеткізу үшін сайтқа мәтіндерді жүктеу | |
26.23 Азаматтық немесе саяси мәселелер бойынша онлайн консультацияларға немесе дауыс берулерге қатысу | |
26.24 Құжаттарды, суреттерді, музыканы, бейнетуындыны немесе басқа да файлдарды сақтау үшін Интернетте орынды пайдалану (мысалы, Google Drive (Гугл Драйв), Dropbox (Дропбокс), Windows Skydrive (Виндоус Скайдрайв), iCloud (АйКлауд), Amazon Cloud Drive (Амазон Клауд Драйв) | |
26.25 Интернет арқылы жұмыс жасау үшін, мәтіндік құжаттарды, кестелерді немесе презентацияларды редакциялау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану | |
26.26 Қызметтің өзге де түрлері (көрсетуіңізді өтінеміз) |
27. Сіз Интернет желісі арқылы электрондық үкіметтің (мемлекеттік органдардың веб-сайты) халыққа көрсететін қызметтерін пайдаландыңыз ба?
Пользовались ли Вы услугами электронного правительства (веб-сайты государственных органов) для населения через сеть Интернет?
27.1 | Иә | 27.2 | Жоқ | F модулі | |||
Да | Нет | модуль F |
28. Сіз электрондық үкімет көрсететін қандай қызметтерді пайдаландыңыз? (бір немесе одан көп жауапты белгілеуге болады)
Какими услугами электронного правительства Вы пользовались? (можно отметить один или более ответов)
28.1 Мемлекеттік басқару органдарының веб-сайты арқылы ақпарат алу | |
28.2 Мемлекеттік басқару органдарының сайтынан ресми нысандарды жүктеу (көшіру) | |
28.3 Толтырылған нысандарды электронды түрде жіберу |
"F" МОДУЛІ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАМОДУЛЬ
"F": ЭЛЕКТРОННАЯ ТОРГОВЛЯ
29. Соңғы 12 ай ішінде Сіз Интернет желісі арқылы тауарлар және көрсетілетін қызметтерді сатып алдыңыз ба (тапсырыс бердіңіз бе)?
Покупали (заказывали) ли Вы товары и услуги через сеть Интернет за последние 12 месяцев?
29.1 | Иә | 29.2 | Жоқ | 33 және соңы | |||
Да | Нет | 33 и конец |
30. Соңғы 12 ай ішінде қандай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Интернет желісі арқылы сатып алдыңыз (тапсырыс бердіңіз)? (сатып алғанның барлығын белгiлеңiз)
Какие товары и услуги за 12 последних месяцев Вы покупали (заказывали) через сеть Интернет? (отметьте все, что покупали)
30.1 Халықтың тамақ өнімдері | |
30.2 Дәрілік препараттар | |
30.3 Фильмдер, музыка | |
30.4 Кітаптар, журналдар, газеттер | |
30.5 Киім, аяқкиім, спорттық тауарлар | |
30.6 Косметика | |
30.7 Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету (ойындарды қоспағанда, жаңартулар мен ақылы қосымшалар) | |
30.8 Компьютерлік тауарлар (дискілер және USB (ЮЭСБИ)-флеш-жинақтаушы) | |
30.9 Компьютерлік ойындар немесе бейне ойындар | |
30.10 Фото, телекоммуникациялық және оптикалық жабдықтар | |
30.11 Үйде қолдануға арналған тауарлар (жиһаз және асүй ыдыстары) | |
30.12 Телекоммуникациялық қызметтер (телевизия, цифрлық телефония және сымсыз байланыс) | |
30.13 Қаржылық және сақтандыру қызметтері | |
30.14 Саяхат үшін қызметтерді брондау (қонақүй, отель, билеттер және турлар) | |
30.15 Музыкалық өнімдер | |
30.16 Басқа (көрсетіңіз) |
31. Соңғы 12 ай ішінде тауарлар мен көрсетілген қызметтерді Интернет желісі арқылы қалай төледіңіз?
Как Вы оплачивали товары и услуги через сеть Интернет за последние 12 месяцев? (возможны несколько вариантов ответа)
31.1 Интернет желісі арқылы банктік төлем карталарымен төлем (кредиттік және дебеттік) | |
31.2 Банктік аударыммен төлеу | |
31.3 Банктік төлем картасы арқылы алдын-ала төлем | |
31.4 Тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету кезінде қолма-қол ақшамен төлем | |
31.5 Ұтқыр төлемдер (мысалы, Сіздің ұтқыр телефоныңызға байланыстырылған аккаунт бойынша) |
32. Соңғы 12 айда Интернет желісі арқылы тапсырыс берілген тауарлар мен қызметтердіжеткізудің Сіз пайдаланатын тәсілдерін көрсетіңіз?
Укажите используемые Вами способы доставки товаров и услуг, заказанных через сеть Интернет за последние 12 месяцев?
32.1 Кәдімгі пошта (курьерлік) қызметтерін немесе жеткізудің басқа нысандарын пайдалана отырып жеткізу | |
32.2 Сату немесе сервистік қызмет көрсету пунктінен өздігінен алып кету | |
32.3 Веб-сайттан немесе қосымша, бағдарламалық қамтамасыз ету немесе басқа құрылғы арқылы жүктеу арқылы онлайн/электронды жеткізу |
33. Соңғы 12 ай ішінде Сіздің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Интернет желісіарқылы сатып алмауыңыздың (тапсырыс бермеуіңіздің) себептері қандай?
Каковы были причины того, что Вы не покупали (не заказывали) товары и услуги через сеть Интернет за последние 12 месяцев?
33.1 Қажеті жоқ | |
33.2 Өзі сатып алғанды қалау, тауарлар көз алдында, дүкендерге, сауда орталықтарына деген бейілділік | |
33.3 Тәжірибенің жеткіліксіздігі | |
33.4 Интернет желісі арқылы тапсырыс берілген тауарларды жеткізумен байланысты мәселелер (ұзақ немесе тасымалдау қиындықтары) | |
33.5 Төлем қауіпсіздігі мәселелері (кредит картасы бойынша ақпарат беру) | |
33.6 Дербес ақпараттың құпиялылығы (дербес ақпарат беру) | |
33.7 Тауарларды алу немесе қайтарып беру мүмкіндігіне сенімсіздік | |
33.8 Басқа (көрсетіңіз) |
34. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 |
40 сағаттан артық |
Түсіністігіңіз және ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз! Благодарим Вас за понимание и сотрудничество!
Басшысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 22 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 19 бұйрығына 4-қосымша |
"Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы" (индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы" (индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы" (индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
2) цифрлық сауаттылық – адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі;
3) "электрондық үкімет" – мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы және жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі.
3. Статистикалық нысан іріктемеге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына (отбасына) жеке толтырылады. Әртүрлі үй шаруашылығына жататын респонденттер бір үй-жай аумағында тұрып жатқанына қарамастан, олар бойынша ақпаратты бір статистикалық нысанында біріктіруге жол берілмейді.
Сұхбат кезінде сұрақтар оқылады және жауаптардың келтірілген нұсқаларына тиісті белгілер қойылады. Респонденттің жауап нұсқасының коды дөңгелектеп қоршалады.
4. Статистикалық нысан отбасының 6 жастағы және одан үлкенбарлық мүшелеріне толтырылады. Сауал салуды жүргізуге уәкілетті тұлға (бұдан әрі –интервьюер) олардың әрқайсысына реттік нөмір береді. Егер үй шаруашылығында сұралатындардың саны 5 адамнан асса, онда осы үй шаруашылығына тек статистикалық нысанның A және C модульдері бойынша екі немесе одан көп бланкі толтырылады, олардың титулдық бетіне "Жалғасы" деген сөз жазылады.
5. "А" модуліндегі 1, 2, 3, 4, 5 және 6-сұрақтар үй шаруашылығы мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына қатысты.
5-тармақта сұхбат алу сәтіндегі білім көрсетіледі.
5-тармақтың 5.1-тармақшасында мектепке дейін тәрбиеленетіндер мен оқытылатындарға бөбекханаға, балабақшаларға және дайындық топтарына баратын балалар жатады.
5-тармақтың 5.2-тармақшасындағы бастауыш білімі жоқтарға мектепке және балабақшаларға бармайтын 6 және 7 жастағы балалар, сонымен қатар бастауыш білімі жоқ 8 жастағы және одан үлкен жастағы адамдар жатады.
5-тармақтың 5.3-тармақшасында мектептегі 1-4 сыныпқа дейінгі оқыту негізгі бастауыш білім деп түсініледі.
5-тармақтың 5.4-тармақшасында мектептегі 5-9 сыныпқа дейінгі оқыту орта білім деп түсініледі.
5-тармақтың 5.5-тармақшасында орта білімге жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім жатады. Орта білім алған немесе алып жатқандарға 9-сыныпты бітіргендер немесе кәсіптік және техникалық училищелерде, колледждерде, лицейлерде білім алушылар, сондай-ақ 10 және 11 (12) - сыныптарда білім алушылар немесе 11-сыныпты бітіргендер жатады.
5-тармақтың 5.6-тармақшасында орта білімнен кейінгі білімге колледждерде білім алып жатқан немесе бітіргендер жатады.
6-тармақтың 6.6-тармақшасында біреудің асырауындағы адам деп өзін өздігінен қамтамасыз ете алмауына байланысты басқа адамдар тарапынан ұзақ мерзімге немесе тұрақты материалдық немесе ақшалай қамтамасыз етудегі жұмыс істеуге қабілеті жоқ адамдар танылады. Кәмелетке толмаған балалар, өз қорғаншыларына қатысты алғанда іс-әрекетке қабілетсіздер, қарт ата-ана (олар зейнетақы алмайтын жағдайда), мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын адамдар. Уақытша жұмыссыз, бірақ жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар біреудің асырауындағы адам болып саналмайды.
6. "В" модулінде үй шаруашылығында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу туралы ақпарат көрсетіледі.
7-тармақтың 7.3.1-тармақшасында кабельдіккөрсетілім деп телевизиялық хабар тарату (сонымен қатар FM (ЭФЭМ)-радио хабарларын тарату) моделі танылады, онда теледабыл тұтынушыға тартылған кабель арқылы жеткізілетін жоғары жиілікті дабылдар көмегімен таратылады.
7-тармақтың 7.3.2-тармақшасында жерсеріктік көрсетілімге тарату орталығынан тұтынушыға экватордан жоғары геотұрақты жерге жақын орбитада орналасқан, Жердің жасанды серігі арқылы телевизиялық дабылды беру жүйесі жатады.
7-тармақтың 7.3.3-тармақшасында жерүсті цифрлық көрсетілім деп көп арналар санын беру қабілетін қамтамасыз ететін аналогты жерсеріктік телевизияның технологиялық эволюциясы жатады.
7-тармақтың 7.3.4-тармақшасындағы Интернет хаттамасы негізіндегі телевизияға (IPTV (АЙПИТИВИ) кең жолақты қосылу көмегімен Интернетке қатынау арқылы деректерді желіде IP (АЙПИ) хаттамасы бойынша беретін цифрлық телевизия технологиясы жатады. Мұнда жалпыға ортақ қолданылатын Интернет желісі, жіберу ағыны арқылы қолжетімді бейнеқызметтер қосылмайды. Сондай-ақ IPTV (АЙПИТИВИ) көрсетілетін қызметтері, дербес компьютерде емес, телевизиялық қабылдағышта көруге арналған.
8-тармақта Интернет желісі деп бөліктері TCP/IP (ТИСИПИ/АЙПИ) хаттамасында негізделген бірыңғай мекенжай кеңістігі арқылы бір-бірімен қисындық байланысқа түскен ғаламдық ақпараттық желі түсініледі.
10-тармақтың 10.1-тармақшасында стандартты модемге (аналогты телефон желісі бойынша қатынау) немесе ISDN (АЙЭСДИЭН) арқылы қосылу телефон арқылы сөйлесу үшін телефон желісін пайдалану мүмкіндігінсіз, жылдамдығы секундына 256 килобитқа (бұдан әрі – килобит/с) дейінгі аналогты телефон желісі арқылы Интернет желісіне қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технологиялар жатады.
10-тармақтың 10.2-тармақшасында бекітілген (сымды) кең жолақты байланыс деп бір немесе екі бағытта да (жүктеу және түсіру) жылдамдығы 256 килобит/с кем емес жалпыға бірдей қолдану үшін жоғары жылдамдықты байланыс орнату танылады. Оған кабельді модемдер қолдану арқылы интернетке қосылу жылдамдығы 256 килобит/с кем емес цифрлық абоненттік желілер негізінде интернетке қосылу, талшықты-оптикалық және бекітілген кең жолақты қол жеткізудің басқа да технологиялары кіреді.
10-тармақтың 10.3-тармақшасында Интернетке қосылу жылдамдығы 256 килобит/с кем емес абоненттік қосылулар кең жолақты жер үсті тіркелген сымсыз байланыс деп түсініледі. Бұл көрсеткішке WiMax (ВиМАкс)тіркелген қосылулары және тіркелген сымсыз абоненттік қосылулар кіреді, бірақ оған пайдалану кезінде пайдаланушылар көрсетілетін қызметке бүкіл ел бойынша кез-келген қамту аймағының кез-келген нүктесінен қол жеткізетін ұтқыр кең жолақты абоненттік қосылулар кірмейді.
10-тармақтың 10.5-тармақшасында дауыстық, мәтіндік және графикалық ақпарат белгілі бір орынға немесе аумаққа тіркелмеген абоненттік сымсыз терминалдарға жіберілетін телекоммуникациялар түрі ұтқыр кең жолақты қосылу деп түсініледі.
7. "С" модулі компьютер, ұтқыр телефон және Интернет желісін пайдалану бойынша сүзгі-сұрақтардан тұрады.
11-тармақта компьютерді пайдаланушыларға соңғы үш айда кез келген жерде (жұмыста, үйде, оқу орнында және қоғамдық орындарда) компьютер (дербес компьютер, планшет, ноутбук) пайдаланған пайдаланушылар жатады.
12-тармақта компьютерлік сауаттылық деңгейіне компьютерді және оған қатысты технологияларды тиiмдi пайдалана алу және бiлу жатады.
12-тармақтың 12.1-тармақшасында компьютерде жұмыс істеуге дағдыланбаған халыққа дербес компьютерде жұмыс істеуге ең болмағанда аздаған тәжірибесі жоқ халық тобы жатады.
12-тармақтың 12.2-тармақшасында жаңадан бастаған пайдаланушыларға компьютерде (файлдарды көшіруге, дискілік құрылғылармен, компьютерлік ойындармен жұмыс істеуге қабілетті) немесе Интернет желісіне қатынайтын планшетті компьютерде жұмыс істеудің ең төмен дағдыларына ие адамдар жатады.
12-тармақтың 12.3-тармақшасында қарапайым пайдаланушыларға офистік бағдарламалық өнімдерде (Microsoft Office (Майкрасофт Офис), (Excel (Эксель), Word (Ворд) пакеттерімен) жұмыс істеуге базалық дағдысы бар адамдар жатады.
12-тармақтың 12.4-тармақшасында тәжірибелі пайдаланушыға кең таралған бағдарламалар мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің (Corel Draw (Корел Дро), MS Project (ЭМЭС Проджект), AutoCAD (АвтоКЭД), SPSS (ЭСПИЭСЭС) бай тәжірибесі бар адамдар және қарапайым бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарымен қатар, сондай-ақ бағдарламалаудың арнаулы тілдерінде (Basic (Бэйсик), Pascal (Паскаль), Java (Джава), С++) бағдарламалауға қабілеті бар адамдар жатады.
13-тармақта адамның күнделікті және кәсіби қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану білімі және қабілетін сипаттайтын цифрлық сауаттылық деңгейі көрсетіледі.
Адамның игерген цифрлық білімі мен машықтығына адамның өздігінен:
1) базалық цифрлық құрылғыларды;
2) стандартты бағдарламаларды;
3) Интернет желісі арқылы сервистер мен көрсетілетін қызметтерді (көрсетілетін қызметтің өзін тікелей алуына дейін ақпаратты іздеу);
4) бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік бойынша механизмдерді;
5) салалық бағдарламалық–аппараттық шешімдерді;
6) қосымша цифрлық құрылғыларды (цифрлық фотоаппараттар, цифрлық видеокамералар, веб-камералар, цифрлық телекөрсетілімдер, DVD (ДИВИДИ)-күйтабақ ойнатқыштар және проекторлар) пайдалану қабілетінқамтиды.
13-тармақтың 13.2-тармақшасында стандарттық бағдарламаларға мәтіндік және кестелік редакторлар жатады.
13-тармақтың 13.3-тармақшасында Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтерге және сервистерге ақпарат іздеу, көрсетілетін қызметтерді алу, ақпараттарды, музыка жүктеу, онлайн журналдарды және фильмдерді қарау.
13-тармақтың 13.4-тармақшасында компьютерді және дербес деректерді қорғау бойынша мәселелерге антивирустық бағдарламаларды баптау және бекіту, жеке деректерді өзгерту (пароль және жеке мәліметтер) жатады.
13-тармақтың 13.5-тармақшасында кәсіби қызметте пайдаланылатын бағдарламалық–аппараттық шешімдерге, функционалдық міндеттерді орындауға арналған бағдарламалармен аппараттық кешендер жатады.
14-тармақта ұтқыр ұялы телефондыпайдаланушыларға соңғы үш айда қызметті кез келген жерде қоңырау шалу немесе қабылдау үшін немесе SMS (ЭСЭМЭС) жолдау немесе қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыру немесе Интернет желісіне қол жеткізу үшін пайдаланған пайдаланушылар жатады.
16-тармақта Интернет желісін пайдаланушыға соңғы үш айда кез келген құрылғы арқылы және кез келген жерде (жұмыста, үйде, оқу орнында және қоғамдық орындарда) Интернетжелісіне қосылған пайдаланушы жатады.
8. "D" модулінде компьютерді пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.
9. "Е" модулінде Интернет желісін және электрондық үкіметтің көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.
24-тармақшада Интернет желісіне қол жеткізу үшін тасымалды құрылғыларға ұтқыр телефон, планшет және тасымалды компьютер (ноутбук, нетбук, ультрабук) жатады. Интернет желісіне қол жеткізу үшін пайдаланылатын желі, ұтқыр байланыс немесе басқа сымсыз байланыс желілері(клиенттік Wi-Fi (Вай-Фай) қабылдау-жіберу құрылғыларымен жабдықталған ұтқыр құрылғылар) болуы мүмкін.
26-тармақтың 26.5-тармақшасындағы Интернет желісі арқылы немесе кез келген IP (АЙПИ )-желілер бойынша сөздік дабылдарды жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс жүйесі Интернет желісі/VoIP (ВоАЙПИ) арқылы телефонмен сөйлесу деп түсініледі.
26-тармақтың 26.6-тармақшасында әлеуметтiк желiге қызығушылықтары ортақ адамдарды таныстыру және жинау, оларға әртүрлі тақырыптарға әңгімелесу мүмкіндігін беру, фото және бейнекөріністерді салу және талқылау, бірін-бірі достарға немесе дос еместерге қосу, музыка жүктеу және тыңдау мақсатында әзірленген желі жатады.
26-тармақтың 26.12-тармақшасындакәсіптік желіге ізденушілер мен жұмыс берушілер пайдаланатын әлеуметтік желілер жатады.
26-тармақтың 26.14-тармақшасында қашықтықтан банкілік қызмет көрсету технологиясы Интернет желісі арқылы банктік операцияларды жүзеге асыру деп түсініледі, Интернет желісіне қол жеткізуі бар кез келген компьютерден кез келген уақытта есепшоттар мен операцияларға олар бойынша қол жеткізу беріледі. Операцияларды орындау үшiн браузер пайдаланылады, яғни жүйенi бағдарламалық қамтамасыз етудiң клиент бөлiгiн орнатудың қажеттiлiгi болмайды. Интернет-банкинг көбінесе жіңішке клиент технологиясын қолданумен банк-клиент жүйесі бойынша қолжетімді. Интернет-банкинг көрсететін қызметтер мыналарды қамтиды:
1) есепшоттар туралы үзінді-көшірмелер;
2) банктік өнімдер бойынша ақпараттарды ұсыну (депозиттер, кредиттер);
3) депозиттердi ашуға өтiнiмдер, кредиттер, банктiк карталарды алу; банк есепшотына iшкi аударымдар;
4) басқа банктердегі есепшоттарға аударымдар, құралдарды конвертациялау, көрсетілетін қызметтерге төлеу.
26-тармақтың 26.16-тармақшасында онлайн-курстарға қашықтықтан оқыту курстары жатады. Оқыту процесі бейнесабақтар көмегімен жүргізіледі, онда бейне және мәтiндiк материалдармен танысу, тәжірибелік тапсырмаларды орындау және білімді бақылау үшін тестілерден өткізу жүзеге асырылады.
26-тармақтың 26.18-тармақшасында веб-радиоға дыбыстық хабар тарату мен музыканы әлемнің Интернет желісіне қол жеткізуі бар кез келген нүктесіне Интернеттің жаһандық желілері (WAN (ВАН) арқылы немесе жергілікті есептеу желісі арқылы осы желіге қосылған кез келген компьютерге беретін бұқаралық ақпарат құралдары жатады.
26-тармақтың 26.19-тармақшасында веб-телевизияға кең жолақты қатынау көмегімен Интернетке қосылу арқылы телевизиялық дабылды екі жақты цифрлық жолмен беруге негізделген жүйе жатады.
10. "F" модулінде электрондық коммерция туралы ақпарат көрсетіледі.
Интернет желісі арқылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сату немесе сатып алу электрондық коммерция деп түсініледі.
31-тармақтың 31.1-тармақшасында Интернет желісі арқылы банктік төлем карталарымен төлем жүргізу кредит немесе дебет картасымен төлем жүргізу деп түсініледі:
1) несие беру шарттың талаптарына сәйкес белгіленген лимит шеңберінде банктің клиентке берген қаражаты есебінен клиентке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлеуге мүмкіндік беретін кредиттік төлем картасымен;
2) банк айналысқа шығаратын және клиент есепшотына байланыстыратын төлем картасы дебет карта деп түсініледі. Картаны ұстаушы оны тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем жүргізу, банкоматтан немесе банк кассасынан қолма-қол ақша алу үшін пайдаланады, аталған карта ақшаны есепшотта орналасқан меншікті қаражат есебінен ғана пайдалануға мүмкіндік береді.
31-тармақтың 31.5-тармақшасында ұялы телефон шотынан 50 теңгеден 75000 теңгеге дейінгі шамада көрсетілетін қызметтер мен тауарлар ақысын төлеуге мүмкіндік беретін сервис ұтқыр төлемдер деп түсініледі.
11. Ескертпе: Х – бұл позиция толтыруға жатпайды.