БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары
р/с № | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Қызметкерлерге саны | Қолдану саласы | Пайда лану уақыты |
---|---|---|---|---|---|
1 | Портативтік бейнетіркеуіштер док-станциямен | жинақ |
Өткізу пункттері/кеден бекеттері жұмыскерлерінің санына байланысты: | Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерде тауарлардың өткізуін мониторингты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер орагандары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін | 7 жыл |
2 | Дербес компьютер | жинақ | Әрбір облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1 дербес компьютер | Бейнетіркеуіштерден аудио - және бейне файлдарды жүктеу және оларды сақтау үшін арналған дербес компьютер | 7 жыл |
Ескерту: Нақты уақыт режимінде портативтік бейнетіркеуіштерден деректерді беру үшін мобильді интернет қызметін сатып алу Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бюджет қаражаты есебінен қарастырылады.