"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 994 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24582 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 994 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Қаржы
министрінің 2019 жылғы
10 желтоқсандағы № 1358
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары

р/с
Заттай норманың атауы Өлшем бірлігі Қызметкерлерге саны Қолдану саласы Пайда лану уақыты

1

Портативтік бейнетіркеуіштер док-станциямен

жинақ

Өткізу пункттері/кеден бекеттері жұмыскерлерінің санына байланысты:
50 адамға дейін – 5 жинақ;
50-ден 100 адамға дейін – 10 жинақ;
100-ден 200 адамға дейін – 20 жинақ;
200-ден 300 адамға дейін – 30 жинақ;
300-ден 400 адамға дейін – 40 жинақ;
400 адамнан жоғары – 50 жинақ.

Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерде тауарлардың өткізуін мониторингты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер орагандары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін

7 жыл

2

Дербес компьютер

жинақ

Әрбір облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1 дербес компьютер

Бейнетіркеуіштерден аудио - және бейне файлдарды жүктеу және оларды сақтау үшін арналған дербес компьютер

7 жыл

      Ескерту: Нақты уақыт режимінде портативтік бейнетіркеуіштерден деректерді беру үшін мобильді интернет қызметін сатып алу Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бюджет қаражаты есебінен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады