Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 19747 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.09.2021 № 994 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15057 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1358 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары

      Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.09.2021 № 994 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с
Заттай норманың атауы Өлшем бірлігі Қызметкерлерге саны Қолдану саласы Пайда лану уақыты

1

Портативтік бейнетіркеуіштер док-станциямен

жинақ

Өткізу пункттері/кеден бекеттері жұмыскерлерінің санына байланысты:
50 адамға дейін – 5 жинақ;
50-ден 100 адамға дейін – 10 жинақ;
100-ден 200 адамға дейін – 20 жинақ;
200-ден 300 адамға дейін – 30 жинақ;
300-ден 400 адамға дейін – 40 жинақ;
400 адамнан жоғары – 50 жинақ.

Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерде тауарлардың өткізуін мониторингты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер орагандары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін

7 жыл

2

Дербес компьютер

жинақ

Әрбір облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1 дербес компьютер

Бейнетіркеуіштерден аудио - және бейне файлдарды жүктеу және оларды сақтау үшін арналған дербес компьютер

7 жыл

      Ескерту: Нақты уақыт режимінде портативтік бейнетіркеуіштерден деректерді беру үшін мобильді интернет қызметін сатып алу Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бюджет қаражаты есебінен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады