Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 14 қазандағы № 295 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібі
3. АӨК саласындағы бюджеттік субсидиялардан экономикалық әсерді айқындауды жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 ақпаннан кешіктірмей, уәкілетті орган басшысының бұйрығына сәйкес айқындалатын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшілері осы құрылымдық бөлімшелер қызметінің бағыттары бойынша жүргізеді.
4. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері:
1) уәкілетті орган ресми көздерден алған деректердің мониторингін, талдауды және салыстыруды жүзеге асырады;
2) АӨК саласындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін айқындайды;
3) АӨК саласындағы бюджеттік субсидиялардың әрбір бағыты бойынша экономикалық әсерді айқындау нәтижелері туралы қорытынды дайындайды.
5. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері мынадай бюджеттік субсидиялар бойынша тиімділік коэффициентіне сәйкес айқындалады:
инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
АӨК субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау.
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау.
өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау.
6. Егер тиімділік коэффициенті "АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде тартылған инвестициялар көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тиімді деп танылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = НКИКағ. жыл / НКИКөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
НКИКағ.жыл. – ағымдағы кезеңде АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде тартылған инвестициялар көлемі;
НКИК өт.жыл. – өткен кезеңде АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде тартылған инвестициялар көлемі.
7. Егер тиімділік коэффициенті "АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), АӨК субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тиімді деп танылады.
"АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = ТККағ. жыл. / ТККөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
ТККағ.жыл. – ағымдағы кезеңде АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі;
ТККөт.жыл. – өткен кезеңде АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі.
8. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысқан АӨК субъектілеріне жұмыс орындарын сақтаған кезде тиімді деп танылады.
9. Егер тиімділік коэффициенті "Екінші деңгейдегі банктер арқылы АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыруды субсидиялау тиімді деп танылады.
"Екінші деңгейдегі банктер арқылы АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = ТККЕДБ ағ.жыл / ТККЕДБ өт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
ТККЕДБ ағ.жыл. – ағымдағы кезеңде екінші деңгейдегі банктер арқылы АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі;
ТККЕДБ өт.жыл – өткен кезеңде екінші деңгейдегі банктер арқылы АӨК-ге тартылған кредиттер көлемі.
10. Егер тиімділік коэффициенті "АӨК-де сақтандырумен қамтылған субъектілер саны" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе немесе асып кетсе (>1), сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау тиімді деп танылады.
"АӨК-де сақтандырумен қамтылған субъектілер саны" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = СҚССағ. жыл / СҚССөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
СҚССағ. жыл – ағымдағы кезеңде АӨК-де сақтандырумен қамтылған субъектілер саны;
СҚССөт.жыл – өткен кезеңде АӨК-де сақтандырумен қамтылған субъектілер саны.
11. Егер тиімділік коэффициенті "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнім өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тиімді деп танылады.
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнім өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = АШКӨӨКағ. жыл / АШКӨӨКөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
АШКӨӨКағ.жыл – ағымдағы кезеңде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнім өндіру көлемі;
АШКӨӨКөт.жыл – өткен кезеңде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнім өндіру көлемі.
12. Егер тиімділік коэффициенті "Өсімдік шаруашылығы өніміндерін өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тиімді деп танылады.
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі" көрсеткіші ағымдағы жылғы түсімнен алынған белгілі бір ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәнді, бұршақты және майлы дақылдар, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілер, көкөністер мен бақша дақылдары, жемістер мен жидектер, азықтық дақылдар және басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдері) құны ретінде айқындалады.
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = ӨШӨӨКағ. жыл / ӨШӨӨКөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
ӨШӨӨКағ.жыл – ағымдағы кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі;
ӨШӨӨКөт.жыл – өткен кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі.
13. Егер тиімділік коэффициенті "Сүт/ет/жұмыртқа өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау тиімді деп танылады.
"Сүт/ет/жұмыртқа өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = СЕЖӨағ. жыл / СЕЖӨөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
СЕЖӨағ. жыл – ағымдағы кезеңде сүт/ет/жұмыртқа өндірісінің көлемі;
СЕЖӨөт.жыл – өткен кезеңде сүт/ет/жұмыртқа өндірісінің көлемі.
14. Егер тиімділік коэффициенті "Өсірілген тауарлық балық көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе(>1), акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау тиімді деп танылады.
"Өсірілген тауарлық балық көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = ӨТБКағ. жыл / ӨТБКөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
ӨТБКағ. жыл – ағымдағы кезеңде өсірілген тауарлық балық көлемі;
ӨТБКөт.жыл – өткен кезеңде өсірілген тауарлық балық көлемі.
15. Егер тиімділік коэффициенті "Сары май/ірімшік/құрғақ сүт/глютен/биоэтанол өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тең болса (=1) немесе асып кетсе (>1), өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау тиімді деп танылады.
"Сары май/ірімшік/құрғақ сүт/глютен/биоэтанол өндіру көлемі" көрсеткіші бойынша тиімділік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктиімді = ӨКағ. жыл / ӨКөт.жыл,
мұнда:
Ктиімді – тиімділік коэффициенті;
ӨКағ. жыл – ағымдағы кезеңде сары май/ірімшік/құрғақ сүт/глютен/биоэтанол өндіру көлемі;
ӨКөт.жыл – өткен кезеңде сары май/ірімшік/сүт ұнтағы/глютен/биоэтанол өндіру көлемі.
16. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсері егер тиімділік коэффициенті (<1) төмен болса теріс және егер тиімділік коэффициенті (=1) тең болса немесе (>1) асатын болса оң болып табылады.
Егер тиімділік коэффициенті (<1) төмен болған жағдайда, уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде растайтын құжаттармен бірге (ауа райының жай-күйі (жауын-шашын, құрғақшылық), балықтың қырылуы, судың орташа температурасы (ұзақ қыс немесе ыстық жаз өнімділіктің төмендеуіне әкеп соғады), судың ластануы, тиісті мемлекеттік органдардан ветеринариялық/фитосанитариялық жағдайдың саламатсыздығы туралы ақпарат) есепті кезеңде өнім өндіру көлемінің төмендеу себептерінің негіздемелерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.
Өнім өндіру көлемінің төмендеу себептері расталған кезде субсидиялар тиімді болып табылады.