БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
140 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Пробация қызметінің бастығы немесе оны ауыстыратын адам сотталғанға ҚАК-пен және сот жүктеген шектеулерге сәйкес тиісті құралдарды орнатудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке басын сипаттайтын мәліметтер негізінде электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы жазбаша ескертуі бар бас бостандығын шектеуге сотталған адамға қатысты бір жыл мерзімге, ал шартты сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау сот қаулысымен ұзартылған мерзімге электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |