"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туристендіру картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 |
Туристендіру картасы
Ескерту. Туристендіру картасы жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 28.03.2025 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Республикалық деңгейдегі туристік аумақтардың атауы |
1. | Абай облысының "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2. | Абай облысының Алакөл көлінің жағалауы |
3. | Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағы |
4. | Ақмола облысының Зеренді курорттық аймағы |
5. | Ақмола облысының Ақкөл туристік дестинациясы |
6. | Қонаев қаласын қоса алғанда, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы |
7. | Алматы облысының "Түрген" тау-шаңғы курорты |
8. | Алматы облысының "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" Mountain Resort тау курорт-қонақ үйі |
9. | Алматы облысының "Ақбулақ" халықаралық туристік орталығы |
10. | Алматы облысының "Хан Тенгри" халықаралық альпинистік лагері |
11. | Алматы облысының "Арасан" санаториялық-курорттық аймағы |
12. | Алматы облысының "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
13. | Алматы облысының "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
14. | Алматы облысының "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
15. | Алматы облысының "Sokol" спорттық-техникалық кешені |
16. | Атырау облысының "Ортағасырлық Сарайшық" кешені |
17. | Шығыс Қазақстан облысының "Катон-Қарағай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
18. | Шығыс Қазақстан облысының Сібе көлдері |
19. | Шығыс Қазақстан облысының "Марқакөл" көлі |
20. | Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балхаш көлінің жағалауы |
21. | Жетісу облысының "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
22. | Жетісу облысының Балқаш көлінің жағалауы |
23. | Жетісу облысының "Жоңғар-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
24. | Жетісу облысы Алакөл көлінің жағалау |
25. | Қызылорда облысының "Байқоңыр" ғарыш айлағы |
26. | Қызылорда облысының "Сығанақ" көне қаласы |
27. | Қызылорда облысының Geopark Aral |
28. | Маңғыстау облысының Каспий теңізінің жағалауы |
29. | Маңғыстау облысының "Кендірлі" курорттық аймағы |
30. | Түркістан облысының Түркістан қаласы |
31. | Түркістан облысының Отырар қалашығы |
32. | Түркістан облысының "Арыстанбаб" кесенесі |
33. | Түркістан облысының Сауран қалашығы |
34. | Түркістан облысының "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы |
35. | Түркістан облысының Кентау қаласы |
36. | Түркістан облысының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы |
37. | Түркістан облысының "Сарыағаш" курорттық аймағы |
38. | Түркістан облысының "Ақмешіт" үңгірі |
39. | Түркістан облысының "Ақсу" шатқалы |
40. | Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағы |
41. | Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курорттық аймағы |
42. | Ұлытау облысының "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
43. | Астана қаласы |
44. | Алматы қаласы |
Өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың атауы | |
45. | Абай облысының Шошқалы көлінің курорттық аймағы |
46. | Абай облысының "Абай-Шәкәрім" кесенелер кешені |
47. | Абай облысының Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы |
48. | Абай облысының "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі |
49. | Ақтөбе облысының Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы |
50. | Ақтөбе облысының "Ақтолағай" тау жотасы |
51. | Ақтөбе облысының "Барқын" құмдары |
52. | Ақтөбе облысының "Аққұм" құмдары |
53. | Ақтөбе облысының "Қасқыр" сарқырамасы |
54. | Ақтөбе облысының "Мылқау" ауылы |
55. | Ақтөбе облысының "Мыңжылдық папоротникті" орман |
56. | Ақтөбе облысының "Аққайын" орманы |
57. | Ақтөбе облысының "Айдарлыаша" геоморфологиялық кесіндісі |
58. | Ақтөбе облысының "Орқаш" мемлекеттік табиғи қаумалы |
59. | Ақтөбе облысының Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты |
60. | Ақтөбе облысының "Жаманшың" метеорит кратері |
61. | Ақтөбе облысының "Ақбота-Сәңкібай" борлы тауы |
62. | Ақтөбе облысының "Эбита" мемлекеттік табиғи қаумалы |
63. | Ақтөбе облысының "Қобыланды батыр" мемориалдық кешені |
64. | Ақтөбе облысының "Абат-Байтақ" мемориалдық кешені |
65. | Ақтөбе облысының Исатай Тайманұлы кесенесі |
66. | Ақтөбе облысының "Хан моласы" мемориалдық кешені |
67. | Ақтөбе облысының "Есет Көкіұлы" мемориалдық кешені |
68. | Ақтөбе облысының "Хазірет Досжан ишан" мемориалдық кешені |
69. | Атырау облысының "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты |
70. | Атырау облысының "Лотос алқабы" |
71. | Атырау облысының "Индер тұзды көлі" |
72. | Атырау облысының "Нарын құмдары" |
73. | Атырау облысының "Ақкегершін" борлы таулары |
74. | Атырау облыстық өлкетану мұражайы |
75. | Атырау облысы Шаймардан Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы сәндік өнер музейі |
76. | Атырау облысының Мақаш қорымы |
77. | Атырау облысының Бала Ораз кесенесі |
78. | Атырау облысының "Құлшан ата" жер асты мешіті |
79. | Атырау облысының Ақмешіт қорымы |
80. | Атырау облысының Аралтөбе қорғаны |
81. | Атырау облысының "Жұбан ата" мазары |
82. | Атырау облысының Иманқара үңгірі |
83. | Атырау облысының Қарашүңгіл қауымы |
84. | Атырау облысының "Махамбет Өтемісұлы" мазары |
85. | Атырау облысының Зинеден ауылы Каспий теңізінің жағалау аймағы |
86. | Атырау облысының "Оңай ата" мазары |
87. | Атырау облысының "Байбақты ата" мазары |
88. | Атырау облысының "Тас кешу" керуен сарайы |
89. | Атырау облысының ақын Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы туған жердегі белгі |
90. | Атырау облысының композитор Құрманғазы Сағырбайұлына арналған белгі |
91. | Алматы облысының "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі |
92. | Жетісу облысының Текелі қаласы |
93. | Жетісу облысының Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы |
94. | Жетісу облысының Қора шатқалы |
95. | Жетісу облысының Көксу өзенінің шатқалы |
96. | Жетісу облысының Әулиеағаш |
97. | Жетісу облысының Ешкіөлмес петроглифтері |
98. | Шығыс Қазақстан облысының "Рахман қайнарлары" шипажайы |
99. | Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы |
100. | Шығыс Қазақстан облысы Алтай тау шаңғысы кластері |
101. | Жамбыл облысының "Ақыртас" сарай кешені |
102. | Жамбыл облысының "Айша бибі" кесенесі |
103. | Жамбыл облысының "Қарахан" кесенесі |
104. | Жамбыл облысының "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешені |
105. | Жамбыл облысының "Тектұрмас" этно-тарихи кешені |
106. | Батыс Қазақстан облысының Батыс Қазақстан облыстық "Хан Ордасы" тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы |
107. | Батыс Қазақстан облысының "Орал қаласының балалар-жасөспірімдер туризмінің кластері" |
108. | Қарағанды облысының Қарқаралы курорттық аймағы |
109. | Қостанай облысы Алтынсарин ауданының курорттық аймағы |
110. | Қызылорда облысының "Ханқожа" көлі |
111. | Қызылорда облысының "Қорқыт ата" кесенесі |
112. | Қызылорда облысы Қамысты көлінің курорттық аймағы |
113. | Қызылорда облысының Жаңақорған балшық курорттары |
114. | Қызылорда облысының Сауысқандық шатқалындағы петроглифтер |
115. | Қызылорда облысының "Жанкент" көне қаласы |
116. | Қызылорда облысының Ақтас мешіті |
117. | Қызылорда облысының "Хорасан ата" кесенесі |
118. | Қызылорда облысының "Оқшы ата" кесенесі |
119. | Қызылорда облысының Марал ишан кесенесі |
120. | Маңғыстау облысының керуен жолдары |
121. | Маңғыстау облысының киелі орындары |
122. | Маңғыстау облысының Үстірт түбегі |
123. | Маңғыстау облысының таулары және шатқалдары |
124. | Маңғыстау облысының тарих бесігі және мәдениет |
125. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы "Мәшһүр Жүсіп Көпеев" кесенесі |
126. | Павлодар облысының "Ғабду Уахит Хазірет" кесенесі |
127. | Павлодар облысының "Исабек Ишан" кесенесі |
128. | Павлодар облысының "Ақбалық Хазірет" кесенесі |
129. | Павлодар облысының "Сұлтанмахмұт Торайғыров" кесенесі |
130. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы "Қаздар қонысы" палеонтологиялық ескерткіші |
131. | Павлодар облысының "Ертіс орталық жағалауы" |
132. | Павлодар облысының "Богатырь" кесіндісінің байқау алаңы |
133. | Павлодар облысының Шалдай қарағайлы орманы |
134. | Павлодар облысының "Жалаулы" көлі |
135. | Павлодар облысының "Черноярская Жемчужина" демалыс базасы |
136. | Павлодар облысының "Мойылды" шипажайы |
137. | Павлодар облысының "Кемпіртас" жартасы |
138. | Павлодар облысының "Қоңыр Әулие" үңгірі |
139. | Павлодар облысының "Бақсылар" шатқалы |
140. | Павлодар облысының "Әбубәкір Хазрет" мешітінің медресесі |
141. | Павлодар облысының "Тұзқала" көлі |
142. | Павлодар облысының "Маралды" көлі |
143. | Павлодар облысының "Жасыбай" көлі |
144. | Павлодар облысының "Сабындыкөл" көлі |
145. | Павлодар облысының "Алдер тоғайы" |
146. | Павлодар облысының киелі орындары |
147. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхана |
148. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы |
149. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы "Шафер" мұражай үйі |
150. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы "Ertis" мұражайы |
151. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы А.П. Чехов атындағы драма театры |
152. | Павлодар облысының Павлодар қаласындағы "Астана" Мұз сарайы |
153. | Павлодар облысы Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт |
154. | Павлодар облысының академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы |
155. | Павлодар облысының Шарбақты тарихи-өлкетану мұражайы |
156. | Түркістан облысының "Аппақ Ишан" сәулет кешені |
157. | Түркістан облысының Боралдай петроглифтері |
158. | Түркістан облысының "Ақбура" кесенесі |
159. | Түркістан облысының "Ысмайл ата" кесенесі |
160. | Түркістан облысының "Ғайып Ерен Қырық Шілтен" жартасы |
161. | Түркістан облысының "Үкаша ата" кесенесі мен құдығы |
162. | Түркістан облысының "Бәйдібек ата" кесенесі |
163. | Түркістан облысының "Домалақ ана" кесенесі |
164. | Түркістан облысының "Қос ана" сәулет-мемориалдық кешені |
165. | Түркістан облысының "Баба түкті Шашты Әзіз" кесенесі |
166. | Түркістан облысының "Ысқақ баб" кесенесі |
167. | Түркістан облысының "Ақбикеш" мұнарасы |
168. | Түркістан облысының "Шәммәт ишан" мешіті |
169. | Түркістан облысының Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы |
170. | Түркістан облысының "Кеме қалған" монументі |
171. | Түркістан облысының "Жылаған ата" үңгірі |
172. | Түркістан облысының Келіншектау тау жотасы |
173. | Түркістан облысының Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі |
174. | Түркістан облысының "Келте Машат" шатқалы |
175. | Түркістан облысының "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы |
176. | Түркістан облысының "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығы |
177. | Түркістан облысының "Жүсіп ата" кесенесі |
178. | Түркістан облысының "Ұзын ата" кесенесі |
179. | Ұлытау облысының "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы |
180. | Ұлытау облысының "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені |
181. | Шымкент қаласының "Шым қала" тарихи мәдени-кешені |
182. | Шымкент қаласының "Ибрагим ата" кесенесі |
183. | Шымкент қаласының "Қарашаш ана" кесенесі |
184. | Шымкент қаласының "Мірәлі баба" кесенесі |
185. | Шымкент қаласының "Хызыр" мұнарасы |
186. | Шымкент қаласының "Абділ Әзіз баб" кесенесі |