Туристендіру картасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24950 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған туристендіру картасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 332 бұйрығымен
бекітілген

Туристендіру картасы

      Ескерту. Туристендіру картасы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.08.2023 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ п/п

Республикалық деңгейдегі туристік аумақтардың атауы

1.

Абай облысының "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2.

Абай облысының Алакөл көлінің жағалауы

3.

Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағы

4.

Ақмола облысының Зеренді курорттық аймағы

5.

Қонаев қаласын қоса алғанда, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауы

6.

Алматы облысының "Түрген" тау-шаңғы курорты

7.

Алматы облысының "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" Mountain Resort тау курорт-қонақ үйі

8.

Алматы облысының "Ақбулақ" халықаралық туристік орталығы

9.

Алматы облысының "Хан Тенгри" халықаралық альпинистік лагері

10.

Алматы облысының "Арасан" санаториялық-курорттық аймағы

11.

Алматы облысының "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

12.

Алматы облысының "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

13.

Алматы облысының "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

14.

Атырау облысының "Ортағасырлық Сарайшық" кешені

15.

Шығыс Қазақстан облысының "Катон-Қарағай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

16.

Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балхаш көлінің жағалауы

17.

Жетісу облысының "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

18.

Жетісу облысының Балқаш көлінің жағалауы

19.

Жетісу облысының Жоңғаралатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

20.

Жетісу облысы Алакөл көлінің жағалау

21.

Маңғыстау облысының Каспий теңізінің жағалауы

22.

Түркістан облысының Түркістан қаласы

23.

Түркістан облысының Отырар қалашығы

24.

Түркістан облысының "Арыстанбаб" кесенесі

25.

Түркістан облысының Сауран қалашығы

26.

Түркістан облысының "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы

27.

Түркістан облысының Кентау қаласы

28.

Түркістан облысының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы

29.

Павлодар облысының Баянауыл курорттық аймағы

30.

Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курорттық аймағы

31.

Ұлытау облысының "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

32.

Астана қаласы

33.

Алматы қаласы

Өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың атауы

34.

Абай облысының Шошқалы көлінің курорттық аймағы

35.

Абай облысының "Абай-Шәкәрім" кесенелер кешені

36.

Абай облысының Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы

37.

Ақтөбе облысының Қарғалы су қоймасының курорттық аймағы

38.

Ақтөбе облысының "Ақтолағай" тау жотасы

39.

Ақтөбе облысының "Барқын" құмдары 

40.

Ақтөбе облысының "Аққұм" құмдары

41.

Ақтөбе облысының "Қасқыр" сарқырамасы

42.

Атырау облысының "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты

43.

Атырау облысының "Лотос алқабы"

44.

Атырау облысының "Индер тұзды көлі"

45.

Атырау облысының "Нарын құмдары"

46.

Атырау облысының "Ақкегершін" борлы таулары

47.

Алматы облысының "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі

48.

Жетісу облысының Текелі қаласы

49.

Шығыс Қазақстан облысының "Рахман қайнарлары" шипажайы

50.

Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы

51.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай тау шаңғысы кластері

52.

Жамбыл облысының "Ақыртас" сарай кешені

53.

Жамбыл облысының "Айша бибі" кесенесі

54.

Жамбыл облысының "Қарахан" кесенесі

55.

Жамбыл облысының "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешені

56.

Жамбыл облысының "Тектұрмас" этно-тарихи кешені

57.

Батыс Қазақстан облысының "Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы"

58.

Батыс Қазақстан облысы "Орал қаласының балалар-жасөспірімдер туризмінің кластері"

59

Қарағанды облысының Қарқаралы курорттық аймағы

60.

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының курорттық аймағы

61.

Қызылорда облысының "Ханқожа" көлі

62.

Қызылорда облысының "Қорқыт ата" кесенесі

63.

Қызылорда облысы Қамысты көлінің курорттық аймағы

64.

Қызылорда облысының Жаңақорған балшық курорттары

65.

Маңғыстау облысының керуен жолдары

66.

Маңғыстау облысының киелі орындары

67.

Маңғыстау облысының Үстірт түбегі

68.

Маңғыстау облысының таулары және шатқалдары

69.

Маңғыстау облысының тарих бесігі және мәдениет

70.

Солтүстік Қазақстан облысының "Қазақстан жұлдызы" алтарі

71.

Түркістан облысының "Аппақ Ишан" сәулет кешені

72.

Түркістан облысының Боралдай петроглифтері

73.

Түркістан облысының "Ақбура" кесенесі

74.

Түркістан облысының "Ысмайл ата" кесенесі

75.

Түркістан облысының "Ғайып Ерен Қырық Шілтен" жартасы

76.

Түркістан облысының "Үкаша ата" кесенесі мен құдығы

77.

Түркістан облысының "Бәйдібек ата" кесенесі

78.

Түркістан облысының "Домалақ ана" кесенесі

79.

Түркістан облысының "Қос ана" сәулет-мемориалдық кешені

80.

Түркістан облысының "Баба түкті Шашты Әзіз" кесенесі

81.

Түркістан облысының "Ысқақ баб" кесенесі

82.

Түркістан облысының "Ақбикеш" мұнарасы

83.

Түркістан облысының "Шәммәт ишан" мешіті

84.

Түркістан облысының Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы

85.

Түркістан облысының "Кеме қалған" монументі

86.

Түркістан облысының "Жылаған ата" үңгірі

87.

Түркістан облысының Келіншектау тау жотасы

88

Түркістан облысының "Сарыағаш" курорттық аймағы

89.

Түркістан облысының "Ақмешіт" үңгірі

90.

Түркістан облысының Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

91.

Түркістан облысының "Ақсу" шатқалы

92.

Түркістан облысының "Келте Машат" шатқалы

93.

Түркістан облысының "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы

94.

Түркістан облысының "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығы

95.

Ұлытау облысының "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы

96.

Ұлытау облысының "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені

97.

Шымкент қаласының "Шым қала" тарихи мәдени-кешені

98.

Шымкент қаласының "Ибрагим ата" кесенесі

99.

Шымкент қаласының "Қарашаш ана" кесенесі

100.

Шымкент қаласының "Мірәлі баба" кесенесі

101.

Шымкент қаласының "Хызыр" мұнарасы

102.

Шымкент қаласының "Абділ Әзіз баб" кесенесі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады