Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қазандағы № 1125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қазанда № 24975 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-1-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қаржы министрінің міндетін атқарушы М. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қаржы министрінің міндетін
атқарушы 2021 жылғы 30
қазандағы № 1125 бұйрығымен
бекітілген

Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) және электрондық алаң операторлары (бұдан әрі – Операторлар) арасында жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидалардың шеңберінде арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын дара кәсіпкерлердің (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) пайдасына банктік шоттарға келіп түскен төлемдер сомалары, сондай-ақ, дара кәсіпкерлердің Операторлардан алған кірістер сомалары туралы ақпараттар арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) деп танылады.

2-тарау. Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      4. Мәліметтер Банктер мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен (Банктер мен ұйымдардың АЖ), Операторлардың ақпараттық жүйелерінен (Операторлардың АЖ) дара кәсіпкерлердің келісімі негізінде Комитеттің "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесіне (ИДБ АЖ) жіберіледі.

      Ақпарат алмасу мынадай ақпараттық жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады:

      Банктер мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері (Банктер мен ұйымдардың АЖ) – ақпарат алмасудың бастамашысы және деректерді жеткізуші;

      Операторлардың ақпараттық жүйелері (операторлардың АЖ) – ақпарат алмасудың бастамашысы және деректерді жеткізуші;

      "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі (ИДБ АЖ) – ақпарат алушы және ақпарат алмасудың бастамашысы.

      5. Банктер мен ұйымдардың АЖ-дан, Операторлардың АЖ-дан ИДБ АЖ-ға мәліметтерді жіберу күн сайын XML-форматта электрондық құжаттар арқылы жүргізіледі.

      Банктер мен ұйымдар, Операторлар ИДБ АЖ-ға дара кәсіпкерлердің тізімін ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      6. Арнаулы мобильді қосымшаның платформасымен интеграцияланған Банктер мен ұйымдар мынадай сервистерді пайдаланады:

      дара кәсіпкер үшін банктік шотын ашу бойынша сервис;

      дара кәсіпкердің банктік шотына төлемдерді есептеу туралы деректерді беру бойынша сервис;

      арнаулы мобильді қосымшада қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар бойынша чектерді қалыптастыру, беру және жою;

      салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу.

      7. Банктер мен ұйымдармен, Операторлармен интеграциялық өзара іс-қимыл болмаған жағдайда:

      Комитет Microsoft Excel форматында жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, дара кәсіпкерлердің тізімін қалыптастырады;

      Комитет тізімді қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Банктер мен ұйымдарға, Операторларға дара кәсіпкерлердің тізімін қоса бере отырып, Мәліметтерді беру туралы сұрау салу жібереді.

      Банктер және ұйымдар, Операторлар Мәліметтер беру туралы сұрау салуды алған күннен бастап, дара кәсіпкерлердің келісімі негізінде 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Комитетке осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Microsoft Excel немесе CSV-форматында арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын дара кәсіпкерлердің шоттарына келіп түскен төлемдердің жиынтық сомалары бойынша мәліметтерді электрондық құжат түрінде береді.

  Уәкілеттік берілген екінші
деңгейдегі банктердің, банк
операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың, электрондық алаң
операторларының арнаулы
мобильді қосымшаға
операциялар бойынша
мәліметтерді беру мақсаттары
үшін мемлекеттік кірістер
органдарымен өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына
қосымша
  нысан

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын дара кәсіпкерлердің банктік шоттарына келіп түскен төлемдердің жиынтық сомалары бойынша мәліметтер


р/с
Ай Жыл Дара кәсіпкер Банк шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің), деректемелері Банк шотының түрі Банк шотының валютасы Банк шотының нөмірі Күнтізбелік айда келіп түскен төлемдердің жиынтық сомалары (теңге)
ЖСН атауы БСН БСК атауы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

      _______________________________________________________________________

      (нысанды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      _______________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      Ескертпе:

      аббревиатураларды таратып жазу:

      БСК – банктің сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      р/с – реттік саны.

Об утверждении Правил взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с органами государственных доходов для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2021 года № 1125. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2021 года № 24975

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 3.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 686-1 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с органами государственных доходов для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      И.о. Министра финансов М. Султангазиев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
И.о. Министра финансов
от 30 октября 2021 года № 1125

Правила взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций,
осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных
площадок с органами государственных доходов для целей передачи сведений
по операциям в специальное мобильное приложение

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с органами государственных доходов для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 686-1 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок взаимодействия уполномоченных банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, операторов электронных площадок с органами государственных доходов для целей передачи сведений по операциям в специальное мобильное приложение.

      2. Информационное взаимодействие осуществляется между Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет), банками второго уровня, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – Банки и организации) и операторами электронных площадок (далее – Операторы).

      3. В рамках настоящих Правил под сведениями по операциям в специальное мобильное приложение (далее – Сведения) понимаются информация о суммах платежей в пользу индивидуальных предпринимателей, использующих специальное мобильное приложение (далее – индивидуальные предприниматели), поступивших на банковские счета, а также суммы доходов, полученных индивидуальными предпринимателями от Операторов.

Глава 2. Порядок взаимодействия уполномоченных банков второго уровня,
организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций,
операторов электронных площадок с органами государственных доходов

      4. Сведения передаются из информационных систем Банков и организаций (ИС Банков и организаций), информационных систем Операторов (ИС Операторов) на основании согласия индивидуальных предпринимателей в информационную систему "Интегрированная база данных" Комитета (ИС ИБД).

      Информационный обмен осуществляется с помощью следующих информационных систем:

      информационные системы Банков и организаций (ИС Банков и организаций) – инициатор информационного обмена и поставщик данных;

      информационные системы Операторов (ИС Операторов) – инициатор информационного обмена и поставщик данных;

      информационная система "Интегрированная база данных" (ИС ИБД) – получатель информации и инициатор информационного обмена.

      5. Передача сведений с ИС Банков и организаций, ИС Операторов в ИС ИБД производится ежедневно посредством электронных документов в XML-формате.

      Банки и организации, Операторы отправляют в ИС ИБД запрос о предоставлении списка индивидуальных предпринимателей.

      6. Банки и организации, интегрированные с платформой специального мобильного приложения, используют следующие сервисы:

      сервис по открытию банковского счета для индивидуального предпринимателя;

      сервис по передаче данных о зачислениях платежей на банковский счет индивидуального предпринимателя;

      формирование, передача, аннулирование чеков по наличным и безналичным операциям в специальное мобильное приложение;

      оплата налогов и социальных платежей.

      7. В случае отсутствия интеграционного взаимодействия с Банками и организациями, Операторами:

      Комитет формирует в формате Microsoft Excel список индивидуальных предпринимателей, с указанием индивидуального идентификационного номера;

      Комитет в течение 10 (десяти) календарных дней со дня формирования списка направляет в Банки и организации, Операторам запрос о представлении Сведений с приложением списка индивидуальных предпринимателей.

      Банки и организации, Операторы в течение 20 (двадцати) рабочих дней со дня получения запроса о представлении Сведений на основании согласия индивидуальных предпринимателей, передают в Комитет Сведения по итоговым суммам платежей, поступившим на счет индивидуального предпринимателя, использующего специальное мобильное приложение в виде электронного документа в формате Microsoft Excel или CSV-формате по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

  Приложение
к Правилам взаимодействия
уполномоченных банков
второго уровня, организаций,
осуществляющих отдельные
виды банковских операций,
операторов электронных
площадок с органами
государственных доходов
для целей передачи сведений
по операциям в специальное
мобильное приложение
  форма

Сведения по итоговым суммам платежей, поступившим на счет
индивидуального предпринимателя, использующего специальное мобильное приложение


п/п

Месяц

Год

Индивидуальный предприниматель

Реквизиты банка (филиала, подразделения банка), организации, в которых открыты банковские счета

Вид банковского счета

Валюта банковского счета

Номер банковского счета

Итоговая сумма платежей, поступивших за календарный месяц (тенге)

ИИН

наименование

БИН

БИК

наименование

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      __________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, ответственного за составление формы, подпись)
__________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, подпись)
Примечание:
расшифровка аббревиатур:
БИН – бизнес-идентификационный номер;
БИК – банковский идентификационный код;
ИИН – индивидуальный идентификационный номер;
п/п – порядковый номер.