Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) І-а санатты "Астана – Ерейментау – Шідерті" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын "Астана – Павлодар" 16+000 километр (бұдан әрі – км) – 1367+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар "Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау" автомобиль жолы, республикалық маңызы бар "Бастау – Ақтау – Теміртау" автомобиль жолының "Теміртау – Ақтау" учаскесі, республикалық маңызы бар "Қарағанды – Аягөз – Бұғаз" автомобиль жолының "Ақтау – Ульяновск" учаскесі, республикалық маңызы бар "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск" автомобиль жолы, облыстық маңызы бар "Беловка – Қалқама" автомобиль жолы, республикалық маңызы бар "Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов" автомобиль жолының "Беловка-Ленинский" учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 16+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1367+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 375 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 584 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
239 км | Бозшакөл станциясы |
214 км | Төрт-Құдық ауылы |
197 км | Бозтал ауылы |
195 км | Қойтас ауылы |
180 км | Сарадыр ауылы |
173 км | Сайдалы ауылы |
158 км | Малтабар ауылы |
126 км | Балықты ауылы |
122 км | Стаханово ауылы |
1356 км | Спутник ауылы |
1340 км | Пограничник ауылы |
1303 км | Қалқаман ауылы |
1260 км | Екібастұз қаласы |
1240 км | Байет ауылы |
1206 км | Шідерті ауылы |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетінатқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 584 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
І-а санатты "Астана – Ерейментау – Шідерті" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын "Астана – Павлодар" 16+000 километр (бұдан әрі-км) – 1367+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 16+000 км – 39+000 км (23 км) | 0,0125 | 0,0106 | 0,0518 | 0,0440 | 0,1028 | 0,0874 |
2 | 39+000 км – 73+275 км (34 км 275 метр) | 0,0186 | 0,0158 | 0,0772 | 0,0656 | 0,1532 | 0,1302 |
3 | 73+275 км – 160+050 км (86 км 775 метр) | 0,0470 | 0,0401 | 0,1955 | 0,1661 | 0,3880 | 0,3297 |
4 | 160+050 км – 198+436 км (38 км 386 метр) | 0,0208 | 0,0177 | 0,0865 | 0,0735 | 0,1716 | 0,1458 |
5 | 198+436 км –230+000 км (31 км 564 метр) | 0,0171 | 0,0146 | 0,0711 | 0,0604 | 0,1411 | 0,1199 |
6 | 259+000 км – 1262+410 км(56 км 410 метр) | 0,0306 | 0,0261 | 0,1271 | 0,1080 | 0,2522 | 0,2143 |
7 | 1262+410 км – 1275+410 км (13 км) | 0,0070 | 0,0060 | 0,0293 | 0,0249 | 0,0581 | 0,0494 |
8 | 1275+410 км – 1306+200 км (30 км 790 метр) | 0,0167 | 0,0142 | 0,0694 | 0,0589 | 0,1377 | 0,1170 |
9 | 1306+200 км – 1318+200 км (12 км) | 0,0065 | 0,0055 | 0,0270 | 0,0230 | 0,0537 | 0,0456 |
10 | 1318+200 км – 1367+000 км (48 км 800 метр) | 0,0264 | 0,0226 | 0,1100 | 0,0934 | 0,2182 | 0,1854 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (375 км) | 0,2031 | 0,1733 | 0,8451 | 0,7178 | 1,6766 | 1,4247 |
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем |
0,1538 | 0,1307 | 0,2065 | 0,1756 | 0,2575 | 0,2190 |
0,2292 | 0,1948 | 0,3077 | 0,2617 | 0,3837 | 0,3263 |
0,5804 | 0,4933 | 0,7791 | 0,6625 | 0,9715 | 0,8261 |
0,2567 | 0,2182 | 0,3446 | 0,2931 | 0,4297 | 0,3654 |
0,2111 | 0,1794 | 0,2834 | 0,2410 | 0,3534 | 0,3005 |
0,3773 | 0,3207 | 0,5064 | 0,4307 | 0,6315 | 0,5370 |
0,0869 | 0,0739 | 0,1167 | 0,0992 | 0,1455 | 0,1238 |
0,2059 | 0,1750 | 0,2764 | 0,2351 | 0,3447 | 0,2931 |
0,0803 | 0,0682 | 0,1077 | 0,0916 | 0,1343 | 0,1142 |
0,3264 | 0,2774 | 0,4381 | 0,3726 | 0,5463 | 0,4646 |
2,5081 | 2,1316 | 3,3667 | 2,8629 | 4,1983 | 3,5699 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
1 | Қоянды ауылы |
2 | Софиевка ауылы |
3 | Жабай ауылы |
4 | Приречное ауылы |
5 | Кенеткөл ауылы |
6 | Қаражар ауылы |
7 | Новомарковка ауылы |
8 | Балықты ауылы |
9 | Ақмырза ауылы |
10 | Торғай ауылы |
11 | Малтабар ауылы |
12 | Сайдалы ауылы |
13 | Ерейментау қаласы |
14 | Өлеңті ауылы |
15 | Қойтас ауылы |
16 | Бозтал ауылы |
17 | Төрт Құдық ауылы |
18 | Екібастұз қаласы |
19 | Ленинский ауылы |
20 | Спутник ауылы |
21 | Пограничник ауылы |
22 | Қалқаман ауылы |
23 | Байет ауылы |
24 | Шідерті ауылы |
25 | Достық ауылы |