Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығымен бекітілген |
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.12.2022 № 492 бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын (бұдан әрі – бірінші басшылар) ротациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау (бұдан әрі – ротациялау) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру.
3. Бірінші басшыларды ротациялау Заңның 44-бабы 5-1-тармағының 2-абзацына сәйкес бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібі
4. Бірінші басшыларды ротациялауды жүргізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының кадр қызметі мынадай мәліметтерді көрсете отырып, ротациялауға жататын Бірінші басшылардың тізімін (бұдан әрі – тізім) қалыптастырады:
1) бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) атқаратын лауазымы туралы мәлімет;
3) атқаратын лауазымдағы жұмыс өтіліне қатысты ақпарат;
4) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді, білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 83 бұйрық) қарастырылған біліктілік санатының болуы туралы мәліметтер.
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының бір білім беру ұйымында 7 (жеті) жыл жалпы өтілі бар, қайта ұйымдастырылуына (бірігуіне, бөлінуіне, бөлінуіне, қайта құрылуына), білім беру ұйымының атауын өзгертуіне, сондай-ақ жұмыстан босатылу және сол білім беру ұйымына басшы лауазымына оралу кезеңіне қарамастан бірінші басшылар ротациялауға жатады.
6. Ротациялауға жататын бірінші басшылардың тізімі жыл сайын мамырда қалыптастырылады және 5 маусымнан кешіктірілмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының кадр қызметіне ілеспе хатпен жолдайды.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органының кадр қызметі бірінші басшыны ротация жүргізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей алдағы ротация туралы жазбаша хабардар етеді.
8. Қалыптастырылған тізімді ұсынғаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының кадр қызметі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық білім беру деректер қорынан (бұдан әрі – ҰБДҚ) алынған № 83 бұйрықпен бекітілген бірінші басшының жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша есепті қалыптастырады.
9. № 83 бұйрықпен бекітілген бірінші басшылардың тиімділік көрсеткіштері "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) (бұдан әрі – №50 бұйрық) бекітілген білім беру ұйымының түріне қарай бірінші басшыларға қолданылады.
10. ҰБДҚ-да бірінші басшылардың тиімділік көрсеткіштері болмаған жағдайда, кадр қызметі 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына электрондық пошта арқылы ақпарат беру туралы сұраныс жібереді.
11. Кадр қызметі есепті қалыптастырған және қосымша ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әрбір бірінші басшыға электрондық портфолио қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының актісімен құрылатын ротация жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына жібереді.
12. Комиссия кемінде 5 (бес) адамнан, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұрады. Комиссия құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдерінің, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Комиссияның хатшысы комиссия отырысын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссияның отырысы комиссия төрағасының, комиссия мүшелерінің, отырысқа қатысқандардың, сондай-ақ хатшының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Егер комиссияның отырысына комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса комиссияның отырысы өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылдануы тиіс. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі ұсынған әрбір бірінші басшы бойынша портфолионы қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) лауазым шегінде білім беру ұйымын көрсете отырып бірінші басшылар арасындағы ротациялауды өткізу туралы;
2) лауазым шегінде бірінші басшылар арасында ротациялаудан бас тарту туралы;
3) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда білім беру ұйымын көрсете отырып лауазым шегінде ауыстыру.
Қабылданған шешімді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысы ілеспе хатпен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының кадр қызметіне жібереді.
14. Ротациялауға жататын бірінші басшы, сондай-ақ "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 тіркелген) бұйрығымен бекітілген осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда комиссия шешімінің негізінде білім беру ұйымына онда тең дәрежелі лауазым бос болған жағдайда ауыстырылады.
Бірінші басшылар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің оң келісімі болған кезде ротацияланады.
15. Бірінші басшыны бос лауазымға ауыстыру үшін білім беру ұйымы болмаған жағдайда мұндай басшы білім беру ұйымын көрсете отырып, лауазым шегінде бірінші басшылар арасында ротация жүргізу туралы комиссия шешім шығарғанға дейін ротация жөніндегі комиссияда жыл сайын қаралуы тиіс.
16. Ротацияланатын бірінші басшылар үшін білім беру ұйымын № 50 бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымының түрін негізге ала отырып, № 83 бұйрықпен бекітілген бірінші басшының жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері негізінде комиссия айқындайды.
Білім беру ұйымын көрсете отырып, лауазым шегінде Бірінші басшылардың арасында ротация жүргізу туралы шешім шығарған кезде комиссия мемлекеттік білім беру ұйымдарының ротацияланатын бірінші басшыларының еңбек қатынастарын атқару кезеңіндегі қызметінің көрсеткіштерін ескереді.
17. Комиссия осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдағаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының кадр қызметі бірінші басшыны қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
18. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органы комиссияның шешіміне сүйене отырып, еңбек шартына қосымша келісім жасаса отырып, бірінші басшыны лауазымға ауыстыру тәртібімен 5 (бес) жыл мерзімге тағайындау туралы акт шығарады.
19. Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысымен жасалған еңбек шартында аттестаттаудан, ротациядан өту шарттары мен тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастарын орындау кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы қол жеткізуге тиіс қызметтің негізгі көрсеткіштері көзделеді.
20. Бірінші басшыларды ротациялау кезінде ротацияланушының біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.
21. 7 (жеті) жыл өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы жұмыс берушінің актісімен міндетін орындаушы болып тағайындалады және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген комиссия шешім шығарғанға дейін білім беру ұйымының бірінші басшысының міндетін атқарушы тағайындайды және функцияларын орындайды.
22. Бірінші басшы комиссия шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне шағымданады.
23. Білім беру ұйымының бірінші басшысы ротациядан бас тартқан жағдайда еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабы 7-тармақшасының негізінде бұзылуы тиіс.
24. Арнайы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау кезінде Комиссия арнайы білім беру ұйымында оқитын балалардың бұзушылықтарының ерекшелігі мен түрлерін ескереді.