Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 наурызда № 8390 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына және 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

      Ескерту. Номенклатура жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2016 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2020 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186; 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2024 № 87 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Білім беру ұйымдарының түрлері:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаториялық бөбекжай;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      санаториялық мектеп-интернат;

      6) арнайы бөбекжай;

      7) арнайы балабақша.

      2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      1) білім беру деңгейі бойынша:

      бастауыш мектеп;

      негізгі орта мектеп;

      жалпы орта білім беретін мектеп;

      2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп (жоғары мектеп);

      3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

      шағын жинақты мектеп;

      тірек мектеп (ресурстық орталық);

      түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

      кешкі мектеп;

      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;

      аурухана жанындағы мектеп;

      арнайы мектеп;

      4) халықаралық:

      халықаралық мектеп;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      санаториялық мектеп-интернат;

      арнайы мектеп-интернат;

      6) біріктірілген:

      "мектеп-бөбекжай" кешені;

      "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені;

      "бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша";

      арнайы "мектеп-балабақша";

      арнайы кешен "балабақша-мектеп-интернат";

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беретін мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      арнайы кешен "мектеп-интернат-колледж";

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаның он екінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы;

      дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;

      қыздар мектеп-гимназиясы;

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      мамандандырылған мектеп;

      мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

      мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);

      мамандандырылған мектеп-интернат;

      мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

      мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

      мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

      мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

      мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

      мамандандырылған әскери мектеп - интернат;

      "Білім-инновация" лицей-интернаты;

      мамандандырылған мектеп-кешен;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі;

      желілік мектеп.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

      1) колледж – школа-интернат

      2) колледж – мектеп;

      3) колледж;

      4) училище;

      5) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

      7) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      8) түзету мекемелері жанындағы колледж;

      9) әскери – техникалық колледж;

      10) жоғары колледж.

      4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) жоғары колледж;

      3) училище.

      5. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.10.2018 № 557 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 26.04.2021 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

      1) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы;

      2) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы;

      4) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

      5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.

      10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);

      2) оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы және басқалары);

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, экология және өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы);

      4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар және жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі);

      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталығы);

      6) балалар аула клубы, балалар әскери патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

      7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8) балалар сауықтыру орталығы (орталығы, кешені, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагерь, палаталық лагерь, киіз үй лагері);

      9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі;

      10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

      11) балалар қызығушылығы мен жұмыстары бағыты бойынша ұйымдар;

      12) балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтары.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақты 13) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) қосымша білім беру институты;

      2) әдістемелік орталық (кабинет);

      3) қосымша білім беру (өңірлік, өңіраралық, салалық) оқу орталығы;

      4) білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның қосымша білім беру құрылымдық бөлімшесі.

      12. Арнайы білім беру ұйымдары:

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

      оңалту орталығы;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;

      аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы;

      логопедтік пункті.

      Ескерту. Номенклатура 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 21.06.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Номенклатураны 13-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады