Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.11.2022 № 428/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасында:
"1-бөлімде:
реттік нөмірі 496-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
496. | Жер саудасы | өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады | Жер саудасын өткізуді автоматтандыру | Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер | ЖҚБ |
";
2-бөлімде:
реттік нөмірі 336-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
336. | өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады | Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер | ҚТКШБ |
".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |