"Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 406/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25384 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 428/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.11.2022 № 428/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасында:

      1-қосымшада:

      "1-бөлімде:

      реттік нөмірі 496-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

496.

Жер саудасы

өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады


Жер саудасын өткізуді автоматтандыру

Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер

ЖҚБ

      ";

      2-бөлімде:

      реттік нөмірі 336-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

336.


өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады



Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер

ҚТКШБ

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады