Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қарашадағы № 612-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 желтоқсанда № 25546 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің м.а.
Е. Казанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 612-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;

      3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл - ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.

2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шығыстарда көрсетілген негіздеуші құжаттармен расталған шығыстар ескеріледі.

      4. Шығыстар осы көрсетілетін қызметтерге тікелей байланысты шығындар жататын, қызметтерді көрсету үшін қажетті ресурстар негізге алына отырып айқындалады.

      5. Келесі жоспарлы кезеңге көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.

      6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.

  Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша

Қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

      1. Шығыстар зерттеуді орындау үшін қажетті ресурстарға сүйене отырып айқындалады, оларға негізгі құрауыштары мыналар болып табылатын зерттеулерді жүзеге асыруға арналған шығындар жатады:

      1) қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      2) жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);

      3) іссапар шығыстары;

      4) көрсетілетін қызметті іске асыру үшін сыртқы сарапшыларды (консалтинг) тарту бойынша шығыстар;

      5) тікелей қызметті орындау үшін қажетті полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      6) қажет болған жағдайда конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу жалдау ақысы;

      7) көлік қызметтері;

      8) байланыс қызметтері;

      9)курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);

      10) аударма қызметтері.

      2. Ақпараттық-талдау және консалтингтік жұмыстар мен қызметтерді көрсетуге сыртқы сарапшыларды (консалтинг) тартқан кезде, құны орындалуы сыртқы сарапшыларға айқындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін ескермей, уәкілетті ұйымдардың орындайтын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің нақты көлеміне қарай айқындалатын болады.

      3. Әр шығыстар құжаттармен (есеп айырысулар, коммерциялық немесе кем дегенде үш баға ұсынысы) негізделіп, расталуы керек.

      Жалақы бойынша шығыстарды қоспағанда, шығыстарға баға ұсынысына "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының не салалық қауымдастықтарының сараптамалық қорытындысы қоса беріледі.

  Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша

Қызметтер құнының есебі

      1. Көрсетілетін қызмет құны мына формула бойынша есептеледі:

      Қ = Ш + Бш + ҚҚС, мұнда:

      Ш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және жұмыс берушiлердiң жарналары бойынша шығыстарын қоспағандағы шығыстар;

      Бш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, жұмыс берушiлердiң жарналарын қамтитын еңбек шығынына қарай бөлінетін шығыстар;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

      2. Қызмет құнының бөлінетін бөлігі мына формула бойынша есептеледі:

      Бш = ЕШ * СМ, мұнда:

      ЕШ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары;

      СМ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.

      3. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары мына формула бойынша есептеледі:

      ЕШ = А * Сағ * ЖКО, мұнда:

      А – қызметті орындау айларының саны;

      Сағ – бір күнгі қызметті орындау сағаттарының саны;

      ЖКО – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.

      4. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:

      СМ = ЕА/ЖСО, мұнда:

      ЕА – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар, жұмыс берушiлердiң жарналары;

      ЖСО – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.

Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Приказ и.о. Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 ноября 2021 года № 612-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 декабря 2021 года № 25546

      В соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания.

      2. Департаменту финансов и активов Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра
торговли и интеграции
Республики Казахстан
Е. Казанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом И.о. Министра
торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 29 ноября 2021 года
№ 612-НҚ

Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания (далее – услуги).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) исследования – прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ, надлежащими научными методами и средствами в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) консалтинговые услуги – услуги по определению и оценке проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности государственного органа либо по детальному анализу ситуации; по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы (в рамках следующих основных видов услуг: управленческий консалтинг, административно-кадровый консалтинг, финансовый консалтинг, IT-консалтинг, юридический консалтинг, специализированный консалтинг, консалтинг в области обороны, технические консалтинговые услуги) согласно Перечню специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13301);

      3) государственное задание – заказ юридическим лицам с участием государства в уставном капитале, организациям, входящим в группу Фонда национального благосостояния, Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан и ее организациям, определяемым Правительством Республики Казахстан, Национальному олимпийскому комитету Республики Казахстан, Национальному параолимпийскому комитету Республики Казахстан, автономному кластерному фонду, международному технологическому парку "Астана Хаб", автономным организациям образования и их организациям, корпоративному фонду "Академия Елбасы", определяемый Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг, реализацию бюджетных инвестиционных проектов и выполнение других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности и (или) социально-культурного развития государства.

Глава 2. Порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

      3. При определении стоимости услуг учитываются расходы, подтвержденные обосновывающими документами, которые указаны в расходах на предоставление услуг согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Расходы определяются исходя из необходимых ресурсов для оказания услуг, к которым относятся затраты, непосредственно связанные с данными услугами.

      5. При определении стоимости услуг на следующий плановый период учитывается влияние финансового рынка на обменные курсы валют, коэффициент инфляции и длительность срока исполнения договорных обязательств.

      6. Стоимость услуг определяется в соответствии с расчетом стоимости услуг согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Правилам определения
стоимости исследований,
консалтинговых услуг
и государственного задания

Расходы на предоставление услуг

      1. Расходы определяются исходя из необходимых ресурсов для выполнения исследования, к ним относятся затраты на осуществление исследований, основными составляющими которых являются:

      1) расходы по оплате труда работников, непосредственно участвующих в предоставлении услуги;

      2) взносы работодателей (социальный налог, социальные отчисления в Государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования);

      3) командировочные расходы;

      4) расходы по привлечению внешних экспертов (консалтинг), привлекаемых для реализации услуги;

      5) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов исследований, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов), необходимые непосредственно для выполнения услуги;

      6) арендная плата в случаях необходимости проведения конференций, семинаров, круглых столов;

      7) транспортные услуги;

      8) услуги связи;

      9) курьерские услуги (рассылка материалов);

      10) услуги по переводу.

      2. При привлечении внешних экспертов (консалтинг) на оказании информационно-аналитических и консалтинговых работ и услуг стоимость определяется в зависимости от фактического объема выполняемых работ и услуг уполномоченными организациями, без учета объема работ и услуг, выполнение которых определено за внешними экспертами.

      3. Каждые расходы обосновываются и подтверждаются документами (расчеты, коммерческие либо ценовые предложения не менее трех).

      К расходам, за исключением расходов по заработной плате, прикладывается ценовое предложение либо экспертное заключение отраслевых ассоциаций Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

  Приложение 2
к Правилам определения
стоимости исследований,
консалтинговых услуг
и государственного задания

Расчет стоимости услуг

      1. Стоимость услуги рассчитывается по следующей формуле:

      С = Р + Рр + НДС, где:

      Р – расходы, без расходов по оплате труда работников, непосредственно участвующих в предоставлении услуги и взносов работодателей;

      Рр – расходы, распределяемые в зависимости от трудозатрат, включающие расходы по оплате труда работников, непосредственно участвующих в предоставлении услуги, взносы работодателей;

      НДС – налог на добавленную стоимость.

      2. Распределяемая часть стоимости услуги рассчитывается по следующей формуле:

      Рр = ТЗ * ЧС, где:

      ТЗ – трудозатраты в человеко-часах на одного работника, непосредственно участвующего в предоставлении услуги;

      ЧС – почасовая ставка работника, непосредственно участвующего в предоставлении услуги.

      3. Трудозатраты в человеко-часах на одного работника, непосредственно участвующего в предоставлении услуги рассчитываются по следующей формуле:

      ТЗ = М * Ч * СРД, где:

      М – количество месяцев исполнения услуги;

      Ч – количество часов исполнения услуги в день;

      СРД – среднемесячное число рабочих дней согласно балансу рабочего времени на соответствующий год.

      4. Почасовая ставка на одного работника, непосредственно участвующего в предоставлении услуги рассчитывается по следующей формуле:

      ЧС = ОТ /СРЧ, где:

      ОТ – расходы по оплате труда работников, непосредственно участвующих в предоставлении услуги, взносы работодателей;

      CРЧ – среднемесячное количество рабочих часов согласно балансу рабочего времени на соответствующий год.