Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25718 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

  Басшысының
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Бұл Әдістемеде "Қаржы және сақтандыру қызметі" экономикалық қызмет түрі бойынша тұрақты бағалардағы жалпы қосылған құнын есептеу қарастырылады.

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аралық тұтыну (бұдан әрі – АТ) – есепті кезеңдегі өндіріс процесінде түрленетін немесе толықтай тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құны;

      2) дефлятор – экономикада белгілі бір кезеңге бағалардың орташа өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;

      3) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;

      4) жалпы шығарылым (бұдан әрі – ЖШ) – есепті кезеңде ұлттық экономикада бірлік-резиденттердің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен қызметтердің жиынтық құнын көрсететін тауарлар мен қызметтердің шығарылымы;

      5) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі;

      6) нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – салыстырмалы кезеңдерде өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Базистік кезең бағасымен бағаланған ағымдағы кезеңдегі белгілі бір көрсеткіштің құнын оның базистік кезеңдегі құнына бөлу арқылы есептеледі;

      7) тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ) – халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды;

      8) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын, шоттар мен кестелердің белгілі жиынтығы түрінде құрастырылған статистикалық көрсеткіштердің жүйесі.

2-тарау. Қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

1-параграф. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

      4. 2008 жылғы ҰШЖ сәйкес қаржы корпорациялары секторына негізгі қызметі қаржы делдалдығы қызметтерін, сақтандыру қызметтерін және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтерін қоса алғанда, қаржылық қызметтер көрсетуден тұратын барлық резидент корпорациялар, сондай-ақ қаржы делдалдығына жәрдемдесетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірліктер кіреді.

      5. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ-ны және АТ-ны есептеу мынадай әдістемелерге сәйкес қалыптастырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14362 болып тіркелген) Қаржы делдалдығы қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 қазандағы № 226 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14393 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 271 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14539 болып тіркелген) Орталық банк қызметтерін есепке алу әдістемесі;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15627 болып тіркелген) Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 тамыздағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15687 болып тіркелген) Зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтерін есепке алу әдістемесі.

      6. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      GVAҚСҚ = OutҚСҚ – ICҚСҚ (1)

      мұнда:

      GVAҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ;

      OutҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ;

      ICҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің АТ-сы.

2-параграф. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

      7. Ағымдағы бағалардағы ЖІӨ өндірілген және пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің нақты көлемінің өзгеруін тікелей өлшеуге мүмкіндік бермейді. Осы мақсатта тұрақты бағалардағы ЖІӨ-ні бағалау жүргізіледі, оның негізінде ЖІӨ-нің нақты көлем индексі есептеледі.

      8. ЖІӨ-ні тұрақты бағаларда бағалау ЖІӨ-ні ағымдағы бағаларда жеке құндық компоненттерге бөлуді және оларды базалық жылдың бағаларында бағалау үшін оларға тиісті әдістерді қолдануды қамтиды. Тұрақты бағалардағы ЖІӨ мен оның компоненттерін бағалаудың негізгі әдістері дефляторлау және экстраполяциялау әдістері болып табылады.

      9. Дефляторлау әдісі ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің құнын базистік кезеңдегі бағалармен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі осы тауарлар мен қызметтерге бағаның өзгеруін көрсететін индекске бөлуден тұрады. Бұл қайта бағалау рәсімі былай сипатталады:



      мұнда:


– базистік кезең бағаларындағы ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;

– ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) саны;

және

– ағымдағы және базистік кезеңдегі бағалар;

– ағымдағы кезеңдегі ағымдағы бағалардағы тауарлар (қызметтер) құны;

– базистік кезеңмен салыстырғандағы ағымдағы кезеңдегі баға индексі.

      10. Экстраполяциялау әдісі базистік кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің құнын базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің (немесе осы жиынтық үшін репрезентативті тауарлар мен қызметтердің) осы жиынтығының нақты көлемінің өзгеруін көрсететін индекске көбейтуден тұрады. Бұл рәсім былай сипатталады:



      мұнда:


– базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;

– базистік кезеңдегі тауарлар (қызметтер) саны;

– базистік кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;

– базистік кезеңмен салыстырғандағы ағымдағы кезеңдегі тауарлардың (қызметтердің) нақты көлем индексі.

      11. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-сын есептеудің негізгі әдісі "қосарланған дефляторлау" әдісі болып табылады, онда қаржы қызметінің ЖҚҚ-сы тұрақты бағалармен бағаланған қаржы қызметінің ЖШ-дан қаржы қызметінің АТ-ны шегеру арқылы есептеледі.

      "Қосарланған дефляторлау" әдісін пайдалану кезінде тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеу келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі:

      1) ТБИ дефляторлау арқылы тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ-ны бағалау осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) ТБИ дефляторлау арқылы тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің АТ-ны бағалау осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

      3) Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны анықтау тұрақты бағалардағы ЖШ-дан тұрақты бағалардағы АТ-ның айырмасы ретінде осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

      12. Қаржы қызметінің ЖҚҚ-ның НКИ-ді тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны базистік кезеңдегі қаржы қызметінің ЖҚҚ-ға бөлу арқылы есептеледі.

      13. Тұрақты бағаларда ЖІӨ-нің компоненттерін сапалы бағалау үшін тауарлар мен қызметтерге өндірушілер бағаларының индекстері мен ТБИ-ді негізделген баға индекстерінің (дефляторлардың) дамыған жүйесі болуы қажет.

      14. ТБИ-дің көпшілігі тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаларды өлшеуге арналғандықтан, тауарларға да, қызметтерге де (облигацияларға, акцияларға немесе басқа да қаржы активтеріне) жатпайтын өнімдерді сатып алу ТБИ-дің болжамды қамтылуына енгізілмейді.

      15. Қаржылық қызметтерге баға индекстерін құру қиындықтармен байланысты, өйткені ТБИ-ге қандай қаржылық қызметтер қосылуы керек және оларды қалай өлшеу керек деген бірыңғай пікір жоқ.

      16. Осыған байланысты, тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеудің осы кезеңінде есепті кезеңнің ЖШ мен АТ деректерін дефляторлау үшін ТБИ-ді қолдануға болады.

      17. "Қосарланған дефляторлау" әдісінен басқа осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарында сипатталған осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ға орташа айлық атаулы жалақы индексін қолдану арқылы "дара дефляторлау" әдісімен немесе осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес қызметкерлердің нақты санының өзгерісі индексімен экстраполяциялау әдісімен бағалау жүргізуге болады.

  Тұрақты бағалардағы қаржы
қызметінің жалпы қосылған
құнын есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы шығарылымды есептеу



Базистік кезеңдегі жалпы шығарылым

Тұтыну бағаларының индексі

Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі жалпы шығарылым

Ағымдағы кезеңдегі жалпы шығарылым

миллион теңге

базистік кезеңге пайызбен

миллион теңге

миллион теңге

1

2

3=4/2%

4

Қаржы және сақтандыру қызметі

1=S2-4

2 764 104,9


3 342 236,8

3 421 404,2

Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

2

2 148 296,4

102,6

2 279 998,0

2 339 277,9

Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

3

352 395,2

102,6

359 446,9

368 792,5

Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

4

263 413,3

101,5

702 791,9

713 333,8

  Тұрақты бағалардағы қаржы
қызметінің жалпы қосылған
құнын есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің аралық тұтынуын есептеу



Базистік кезеңдегі аралық тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі

Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі аралық тұтыну

Ағымдағы кезеңдегі аралық тұтыну

миллион теңге

базистік кезеңге пайызбен

миллион теңге

миллион теңге

1

2

3=4/2%

4

Қаржы және сақтандыру қызметі

1=S2-4

993 323,4


1 371 281,6

1 400 994,4

Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

2

719 299,0

102,6

700 729,3

718 948,3

Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

3

149 201,1

102,6

130 501,1

133 894,1

Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

4

124 823,3

101,5

540 051,2

548 152,0

  Тұрақты бағалардағы қаржы
қызметінің жалпы қосылған
құнын есептеу әдістемесіне
3-қосымша

"Қосарланған дефляторлау" әдісімен ағымдағы және тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу



Базистік кезеңдегі ЖҚҚ

Нақты көлем индексі

Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

Ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

миллион теңге

базистік жылға пайызбен

миллион теңге

миллион теңге

1

2=3/1%

3

4

Қаржы және сақтандыру қызметі

1=S2-4

1 770 781,5

111,3

1 970 955,2

2 020 409,8

Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

2

1 428 997,4

110,5

1 579 268,7

1 620 329,6

Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

3

203 194,1

112,7

228 945,8

234 898,4

Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

4

138 590,0

117,4

162 740,7

165 181,8

  Тұрақты бағалардағы қаржы
қызметінің жалпы қосылған
құнын есептеу әдістемесіне
4-қосымша

"Дара дефляторлау" әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу



Базистік кезеңдегі ЖҚҚ

Орташа айлық атаулы жалақы индексі

Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

Ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

ЖҚҚ-ның НКИ-і

миллион теңге

базистік жылға пайызбен

миллион теңге

миллион теңге

базистік жылға пайызбен

1

2

3=4/2%

4

5=3/1%

Қаржы және сақтандыру қызметі

1=S2-4

2 048 002,8


1 986 360,4

2 233 384,2

97,0

Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

2

1 428 997,4

107,0

1 514 326,7

1 620 329,6

106,0

Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

3

203 194,1

129,5

275 260,8

356 462,7

135,5

Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

4

415 811,3

130,4

196 772,9

256 591,9

47,3

  Тұрақты бағалардағы қаржы
қызметінің жалпы қосылған
құнын есептеу әдістемесіне
5-қосымша

Экстраполяциялау әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу



Базистік кезеңдегі ЖҚҚ

ЖҚҚ-ның НКИ-і

Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

Ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ

Қызметкерлердің нақты санының өзгеру индексі

миллион теңге

базистік жылға пайызбен

миллион теңге

миллион теңге

базистік жылға пайызбен

1

2=3/1%

3=1*5%

4

5

Қаржы және сақтандыру қызметі

1=S2-4

2 048 002,8

100,8

2 063 728,6

2 233 384,2


Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

2

1 428 997,4

102,4

1 463 293,3

1 620 329,6

102,4

Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

3

203 194,1

97,0

197 098,3

356 462,7

97,0

Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

4

415 811,3

97,0

403 337,0

256 591,9

97,0


Об утверждении Методики расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 8 декабря 2021 года № 43. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2021 года № 25718

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", а также подпунктом 22) пункта 17 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах.

      2. Департаменту национальных счетов совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (Джаркинбаев Ж.А.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом руководителя
от 8 декабря 2021 года № 43

Методика расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах

Глава 1. Общие положения

      1. Методика расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах (далее – Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной статистике".

      2. В данной Методике рассматривается расчет Валовой добавленной стоимости по виду экономической деятельности "Финансовая и страховая деятельность" в постоянных ценах.

      3. В настоящей Методике используются следующие понятия:

      1) промежуточное потребление (далее – ПП) – стоимость товаров и услуг, которые трансформируются или полностью потребляются в процессе производства в отчетном периоде;

      2) дефлятор – показатель, характеризующий среднее изменение цен в экономике за определенный период;

      3) валовая добавленная стоимость (далее – ВДС) – разница между выпуском товаров и услуг и промежуточным потреблением. Этот показатель включает потребленную в процессе производства стоимость основного капитала;

      4) валовой выпуск (далее – ВВ) – выпуск товаров и услуг, представляющий суммарную стоимость товаров и услуг, являющихся результатом производственной деятельности единиц-резидентов национальной экономики в отчетном периоде;

      5) валовой внутренний продукт (далее – ВВП) – один из важнейших показателей системы национальных счетов, характеризующий конечный результат экономической деятельности страны;

      6) индекс физического объема (далее – ИФО) – относительный показатель, характеризующий изменение объемов производства в сравниваемых периодах. Рассчитывается путем деления стоимости определенного показателя в текущем периоде, оцененного в ценах базисного периода, на его стоимость в базисном периоде;

      7) индекс потребительских цен (далее – ИПЦ) – характеризует изменение во времени среднего уровня цен на фиксированную корзину товаров и услуг, приобретаемых населением для личного потребления;

      8) система национальных счетов (далее – СНС) – система статистических показателей, построенная в виде определенного набора счетов и таблиц, характеризующих результаты экономической деятельности страны.

Глава 2. Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности

Параграф 1. Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности в текущих ценах

      4. В соответствии с СНС 2008 года сектор финансовых корпораций включает все резидентские корпорации, основная деятельность которых состоит в предоставлении финансовых услуг, включая услуги финансового посредничества, услуги страхования и услуги пенсионного обеспечения, а также единицы, осуществляющие виды деятельности, которые содействуют финансовому посредничеству.

      5. Расчет ВВ и ПП финансовой деятельности в текущих ценах формируется согласно следующим методикам:

      1) методике учета выпуска услуг финансового посредничества, утвержденного приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 сентября 2016 года № 217 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14362);

      2) методике учета финансовых услуг банков второго уровня, утвержденного приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 октября 2016 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14393);

      3) методике учета услуг центрального банка, утвержденного приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 ноября 2016 года № 271 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14539);

      4) методике учета услуг страхования, утвержденного приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 114 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15627);

      5) методике учета услуг пенсионных фондов, утвержденного приказом и.о. Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 118 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15687).

      6. Расчет ВДС финансовой деятельности в текущих ценах осуществляется по следующей формуле:

      GVAФСД = OutФСД – ICФСД (1)

      где:

      GVAФСД – ВДС финансовой деятельности в текущих ценах;

      OutФСД – ВВ финансовой деятельности в текущих ценах;

      ICФСД – ПП финансовой деятельности в текущих ценах.

Параграф 2. Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах

      7. ВВП в текущих ценах не позволяет прямо измерить изменение физического объема произведенных и использованных товаров и услуг. С этой целью производится оценка ВВП в постоянных ценах, на основе которой исчисляется индекс физического объема ВВП.

      8. Оценка ВВП в постоянных ценах предполагает разделение ВВП в текущих ценах на отдельные стоимостные компоненты и применение к ним соответствующих методов для получения их оценки в ценах базисного года. Основными методами оценки ВВП и его компонентов в постоянных ценах являются методы дефлятирования и экстраполирования.

      9. Метод дефлятирования состоит в делении стоимости товаров и услуг в текущем периоде на индекс, отражающий изменение цен на эти товары и услуги в текущем периоде по сравнению с ценами базисного периода. Эта процедура переоценки описываются следующим образом:

     

(2)

      где:

     

– стоимость товаров (услуг) текущего периода в ценах базисного периода;

     

– количество товаров (услуг) в текущем периоде;

     

– цены в текущем и базисном периодах;

     

– стоимость товаров (услуг) в текущем периоде в текущих ценах;

     

– индекс цен в текущем периоде по сравнению с базисным периодом.

      10. Метод экстраполирования состоит в умножении стоимости товаров и услуг в базисном периоде на индекс, отражающий изменение физического объема данной совокупности товаров и услуг (или товаров и услуг, репрезентативных для данной совокупности) в текущем периоде по сравнению с базисным периодом. Эта процедура описываются следующим образом:

     

(3)

      где:

     

– стоимость товаров (услуг) текущего периода в ценах базисного периода;

     

– количество товаров (услуг) в базисном периоде;

     

– стоимость товаров (услуг) в базисном периоде;

     

– индекс физического объема товаров (услуг) в текущем периоде по сравнению с базисным периодом.

      11. Основным методом расчетов ВДС финансовой деятельности в постоянных ценах является метод "двойного дефлятирования", при котором ВДС финансовой деятельности исчислена путем вычитания ПП финансовой деятельности из ВВ финансовой деятельности, оцененных в постоянных ценах.

      При использовании метода "двойного дефлятирования" расчет ВДС финансовой деятельности в постоянных ценах производится по следующим этапам:

      1) оценка ВВ финансовой деятельности в постоянных ценах путем дефлятирования ИПЦ осуществляется согласно приложению 1 к настоящей Методике;

      2) оценка ПП финансовой деятельности в постоянных ценах путем дефлятирования ИПЦ осуществляется согласно приложению 2 к настоящей Методике;

      3) определение ВДС финансовой деятельности в постоянных ценах как разницы между ВВ в постоянных ценах и ПП в постоянных ценах осуществляется согласно приложению 3 к настоящей Методике.

      12. ИФО ВДС финансовой деятельности рассчитывается путем деления ВДС финансовой деятельности в постоянных ценах на ВДС финансовой деятельности базисного периода.

      13. Для качественной оценки компонентов ВВП в постоянных ценах необходимо располагать развитой системой индексов цен (дефляторов), в основе которой лежат индексы цен производителей и ИПЦ на товары и услуги.

      14. Поскольку концептуально большинство ИПЦ предназначено для измерения цен на потребительские товары и услуги, покупка продуктов, которые не относятся ни к товарам, ни к услугам (облигаций, акций или других финансовых активов) не включается в предполагаемый охват ИПЦ.

      15. Построение индексов цен на финансовые услуги связано с трудностями, поскольку нет единства мнений относительно того, какие финансовые услуги должны включаться в ИПЦ и каким именно образом их следует измерять.

      16. В этой связи на данном этапе расчетов ВДС финансовой деятельности в постоянных ценах можно использовать ИПЦ для дефлятирования данных ВВ и ПП отчетного периода.

      17. Помимо метода "двойного дефлятирования" ВДС может также оцениваться методом "одинарного дефлятирования" используя индекс среднемесячной номинальной зарплаты согласно приложению 4 к настоящей Методике или методом экстраполирования индексом фактической численности работников согласно приложению 5 к настоящей Методике, описанных в пунктах 9 и 10 настоящей Методики.

  Приложение 1
к Методике расчета валовой
добавленной стоимости
финансовой деятельности
в постоянных ценах

Расчет валового выпуска финансовой деятельности в постоянных ценах



Валовой выпуск в базисном периоде

Индекс потребительских цен

Валовой выпуск в текущем периоде в ценах базисного периода

Валовой выпуск в текущем периоде

миллион тенге

в процентах к базисному периоду

миллион тенге

миллион тенге

1

2

3=4/2%

4

Финансовая и страховая деятельность

1=S2-4

2 764 104,9


3 342 236,8

3 421 404,2

Финансовое посредничество, кроме страхования и пенсионного обеспечения

2

2 148 296,4

102,6

2 279 998,0

2 339 277,9

Страхование, перестрахование и пенсионное обеспечение, кроме обязательного социального обеспечения

3

352 395,2

102,6

359 446,9

368 792,5

Вспомогательная деятельность в сфере финансовых услуг и страхования

4

263 413,3

101,5

702 791,9

713 333,8

  Приложение 2
к Методике расчета валовой
добавленной стоимости
финансовой деятельности
в постоянных ценах

Расчет промежуточного потребления финансовой деятельности в постоянных ценах



Промежуточное потребление в базисном периоде

Индекс потребительских цен

Промежуточное потребление в текущем периоде в ценах базисного периода

Промежуточное потребление в текущем периоде

миллион тенге

в процентах к базисному периоду

миллион тенге

миллион тенге

1

2

3=4/2%

4

Финансовая и страховая деятельность

1=S2-4

993 323,4


1 371 281,6

1 400 994,4

Финансовое посредничество, кроме страхования и пенсионного обеспечения

2

719 299,0

102,6

700 729,3

718 948,3

Страхование, перестрахование и пенсионное обеспечение, кроме обязательного социального обеспечения

3

149 201,1

102,6

130 501,1

133 894,1

Вспомогательная деятельность в сфере финансовых услуг и страхования

4

124 823,3

101,5

540 051,2

548 152,0

  Приложение 3
к Методике расчета валовой
добавленной стоимости
финансовой деятельности
в постоянных ценах

Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности в текущих и постоянных ценах методом "двойного дефлятирования"



ВДС в базисном периоде

Индекс физического объема

ВДС в текущем периоде в ценах базисного периода

ВДС в текущем периоде

миллион тенге

в процентах к базисному году

миллион тенге

миллион тенге

1

2=3/1%

3

4

Финансовая и страховая деятельность

1=S2-4

1 770 781,5

111,3

1 970 955,2

2 020 409,8

Финансовое посредничество, кроме страхования и пенсионного обеспечения

2

1 428 997,4

110,5

1 579 268,7

1 620 329,6

Страхование, перестрахование и пенсионное обеспечение, кроме обязательного социального обеспечения

3

203 194,1

112,7

228 945,8

234 898,4

Вспомогательная деятельность в сфере финансовых услуг и страхования

4

138 590,0

117,4

162 740,7

165 181,8

  Приложение 4
к Методике расчета валовой
добавленной стоимости
финансовой деятельности
в постоянных ценах

Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах методом "одинарного дефлятирования"



ВДС в базисном периоде

Индекс среднемесячной номинальной зарплаты

ВДС в текущем периоде в ценах базисного периода

ВДС в текущем периоде

ИФО ВДС

миллион тенге

в процентах к базисному году

миллион тенге

миллион тенге

в процентах к базисному году

1

2

3=4/2%

4

5=3/1%

Финансовая и страховая деятельность

1=S2-4

2 048 002,8


1 986 360,4

2 233 384,2

97,0

Финансовое посредничество, кроме страхования и пенсионного обеспечения

2

1 428 997,4

107,0

1 514 326,7

1 620 329,6

106,0

Страхование, перестрахование и пенсионное обеспечение, кроме обязательного социального обеспечения

3

203 194,1

129,5

275 260,8

356 462,7

135,5

Вспомогательная деятельность в сфере финансовых услуг и страхования

4

415 811,3

130,4

196 772,9

256 591,9

47,3

  Приложение 5
к Методике расчета валовой
добавленной стоимости
финансовой деятельности
в постоянных ценах

Расчет валовой добавленой стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах методом экстраполирования



ВДС в базисном периоде

ИФО ВДС

ВДС в текущем периоде в ценах базисного периода

ВДС в текущем периоде

Индекс изменения фактической численности работников

миллион тенге

в процентах к базисному году

миллион тенге

миллион тенге

в процентах к базисному году

1

2=3/1%

3=1*5%

4

5

Финансовая и страховая деятельность

1=S2-4

2 048 002,8

100,8

2 063 728,6

2 233 384,2


Финансовое посредничество, кроме страхования и пенсионного обеспечения

2

1 428 997,4

102,4

1 463 293,3

1 620 329,6

102,4

Страхование, перестрахование и пенсионное обеспечение, кроме обязательного социального обеспечения

3

203 194,1

97,0

197 098,3

356 462,7

97,0

Вспомогательная деятельность в сфере финансовых услуг и страхования

4

415 811,3

97,0

403 337,0

256 591,9

97,0