Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 қазандағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 3 қарашада № 14393 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемеcі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы                Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 3 қазандағы  
№ 226 бұйрығымен     
бекітілді         

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке
алу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Әдістемені халықаралық стандарттарға сәйкес екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) пайдаланады және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін ғана қолданылады.
      3. Осы Әдістеменің мақсаты екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің есептеулерін жаңа экономикалық жағдайға, әдіснамалық зерттеулердің соңғы жетістіктеріне сәйкестендіру болып табылады. Осы Әдістеме «Қаржы және сақтандыру қызметі» K секциясындағы «Қаржы қызметтері, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда» 64-кіші секциясының жалпы қосылған құнын есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі.
      4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы (Еуростат), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі (2008 жылғы ҰШЖ) пайдаланылған.
      5. Осы Әдiстемеде келесi анықтамалар қолданылады:
      1) аралық тұтыну (АТ) – есепті кезеңде өндіріс үдерісінде тасымалданатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтынудың құрамына кірмейді;
      2) жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) - өндірістік қызметтің түпкілікті нәтижесін сипаттайды және осы өндірістік үдерістегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады, өндіріс үдерісінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;
      3) жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;
      4) қаржылық делдалдықтың жанама өлшенетін қызметтері (ҚДЖӨҚ) – қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық қызметі үшін тікелей төлемді өндірмейтін жағдайдағы қаржылық делдалдық қызметтердің жанама көрсеткіші болып табылады;
      5) ұлттық шоттар жүйесі – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің белгілі бір жиынтығы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесін білдіреді.

2-тарау. 2008 жылғы ҰШЖ-ге сәйкес екінші деңгейлі банктердің
қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметтерін есептеуге арналған
әдіснамалық тәсіл

      6. Қаржылық делдалдық функцияларын, қосалқы қаржылық қызметтерді және басқа қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын корпорациялар немесе квазикорпорациялар-резиденттер қаржылық корпорациялар секторына жатады.
      2008 жылғы ҰШЖ-де қаржылық қызметтер мониторингпен байланысты қызметтерді, өтімділікті қамтамасыз етумен, тәуекелдерді қабылдаумен байланысты қызметтерді, сондай-ақ құнды қағаздарды орналастыру және қаржылық құралдарды айырбастау бойынша қызметтерді қамтиды.
      7. «Қаржылық корпорациялар» сектордың ішкі секторлары:
      1) орталық банкті;
      2) орталық банктен басқа депозиттер қабылдаған корпорацияларды;
      3) ақша нарығы қорларын;
      4) ақшалай емес нарықтың инвестициялық қорларын;
      5) сақтандыру корпорациялары және зейнетақы қорларынан басқа өзге қаржылық делдалдарды;
      6) қосалқы қаржылық корпорацияларды;
      7) кэптивтік қаржылық мекемелерді және өсімқорларды;
      8) сақтандыру корпорацияларын;
      9) зейнетақы қорларын қамтиды.
      8. 2008 жылғы ҰШЖ бойынша екінші деңгейлі банктер «орталық банктен басқа депозиттер қабылдаған корпорациялар» ішкі секторға жатады және қаржылық коммерциялық ұйымдар болып табылады. Аталған корпорациялардың негізгі функциялары қаржылық делдалдық қызметтерін және көмекші қаржылық қызметтерді көрсету болып табылады.
      9. Қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық қызметтері үшін тікелей төлемдерді өндірмейді. Осы қызметтер үшін төлем анық емес түрде не қаржыны қарызға алушылармен төленетін пайыздарға қосылады, не ол анық емес түрде қаржылық мекемелерге олар үшін неғұрлым төмен пайыздық жарналарды қолдану арқылы ресурстарды тарылтатын институционалдық бірліктерден өндіріледі. ҰШЖ-де қаржылық делдалдық қызметтері шығарылымының құны жанама әдіспен есептеп шығарылады (ҚДЖӨҚ).
      10. Көмекші қаржылық қызметтер үшін комиссиялық төлемдер түріндегі тікелей төлем өндіріледі. Олардың шығарылымы осы төлем мөлшерінде анықталады. Көмекші қызмет ұйым ішінде оның негізгі немесе қосалқы қызметінің қалыпты жүзеге асырылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.
      Екінші деңгейлі банктер шығарылымы қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымы мен көмекші қызметтер шығарылымының қосындысына тең.
      11. Клиенттерге көмекші қаржылық қызметтерді барлық қаржылық мекемелер көрсетеді. Бұл біреулер үшін негізгі қызмет болып табылады, ал басқалар үшін қаржылық делдалдық қызметін ұсынуға қосымша ретінде қосалқы қызмет болып табылады.
      12. Қаржылық қызметтер анық және анық емес түрде төленеді.
      Анық түрдегі қаржылық қызметтер төлеміне шетел валютасымен және құнды қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша маржалар қосылған. Маржа сатушы мен сатып алушы бағамы арасындағы айырмашылық болып есептеледі. Маржа банк үшін табыс көзі болып табылады, оның есебінен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша шығындар жабылады және валюталық тәуекел сақтандырылады.
      Баға белгіленімінің екі түрі бар: тікелей және жанама. Көптеген елдер тікелей баға белгіленімін пайдаланады. Тікелей баға белгіленімі кезінде шетел валютасы бірлігінің құны ұлттық ақшалай бірлікте көрінеді. Жанама баға белгіленімінде бірлік үшін бағамы шетел валютасының белгілі бір мөлшерінде көрініс табатын ұлттық ақшалай бірлік қабылданған.
      13. Көптеген қызметтер анық нысанда қаржылық мекемелердің әртүрлі санаттарымен ұсынылады. Депозиттер қабылдайтын мекемелер жекелей алғанда банктер үй шаруашылықтарынан ипотеканы рәсімдегені, инвестициялық портфелдерін басқарғаны, салық бойынша консультациялар бергені, жылжымайтын мүлікті басқарғаны үшін өндіріп алады.
      Мамандандырылған қаржылық мекемелер қаржылық емес корпорациялардан акцияларды орналастыруды ұйымдастырғаны үшін немесе корпорация тобын қайта құрылымдауды басқарғаны үшін өндіреді. Төлемге ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қаражаты ретінде кредиттік карталарды қабылдайтын бөлімшелерден кредиттік карталардың эмитенттері өндіріп алатын төлем неғұрлым кең таралған тікелей төлем болып табылады.
      14. Төлем сатудан түскен пайыз ретінде есептеледі, бөлшектеп сату жағдайында сату көлемі шығарылымға емес, айналымға сәйкес келеді. Пайыз абсолютті шамада (бір немесе екі пайызға) шамалы және оны ірі сомалар үшін қолдану төлемнің жалпы сомасы өте үлкен екенін білдіреді. Аталған төлем кредиттік карталарды компаниялардың шығарылымын және кредиттік карточкаларды төлем қаражаты ретінде қабылдайтын корпорациялардың аралық тұтынуын білдіреді.
      Кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың рөлін елемеу қатынасы бар тауарлар мен қызметтерге шығындарын (түпкілікті тұтыну немесе экспорт) өлшеуге әсер етпейді, бірақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің шығындарын және кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың шығарылымын жете бағаламайды. Бұл компанияның кредиттік карталарды шығаратын компаниялардан кредиттік карталармен төленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қосылған құн салығын қайта бөлуге әкеледі (2008 жылғы ҰШЖ, 6.161).
      15. Кредиттік карталарды шығаратын компаниялардың мысалы қаржылық корпорация әртүрлі клиенттердің әртүрлі қаражаттарының есебінен немесе әртүрлі жағдайларда төленетін қызметтерді ұсына алатынын анық көрсетеді. Карта ұстаушыдан картаны пайдаланғаны үшін де анық төлем өндіріле алады. Картаны ұстаушы кредиттерді пайдаланған жағдайда өтелмеген кредиттердің пайыздарын төлеумен байланысты анық емес нысандағы шығындарды төлеуге тұра келеді (бұл ҰШЖ-дағы несие ретінде қарастырылады) (2008 жылғы ҰШЖ, 6.162).
      16. Екінші деңгейлі банктер негізгі қызметімен (делдалдық қызмет) қатар қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты көптеген қызметтерді қамтитын әртүрлі көмекші операцияларды жүзеге асырады.
      17. Екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңымен белгіленген банктік және басқа операцияларды жүзеге асырады.
      Клиенттерге осыған ұқсас қызметтерді көрсеткені үшін қаржылық мекемелер комиссия немесе банктік қызметке байланысты өзге де төлемдер түрінде төлемақы алады.

3-тарау. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің
көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымын және аралық
тұтынуын есептеу

1-параграф. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің
көрсетілетін қызметінің жалпы шығарылымын есептеу

      18. ЖІӨ үш әдіспен есептеледі, олар: өндіріс әдісі, табыстар әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі. ЖІӨ өндіріс әдісімен негізгі құраушылары жалпы шығарылым, аралық тұтыну, жалпы қосылған құн болып табылады.
      19. Қаржылық мекемелер (банктер) шығарылымы ҚДЖӨҚ шығарылымынан және көмекші қаржылық қызметтер шығарылымынан қалыптасады.
      Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің шығарылымын есептеу үшін дереккөз ретінде орталық банктің ресми сайтында орналастырылған жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пайдаланылған.
      20. Банктердің табыстары мен шығындары туралы есепте келесі көмекші қаржылық қызметтерден түскен табыстар көрініс табады:
      1) заемдар бойынша комиссиялық кірістер;
      2) заемдар бойынша дисконтты, сыйлықақыны және сыйақыны, өзге де борыштық құралдар бойынша амортизациялау кірістері;
      3) өзге де құнды қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер;
      4) комиссиялық кірістер;
      5) банк қызметінен болатын өзге де кірістер;
      6) құнды қағаздарды, шетел валютасын, қымбат металдарды алып-сату бойынша кірістер.
      Шетел валютасымен байланысты (соның ішінде фьючерстер мен опциондар) құнды қағаздарды сату және сатып алу операцияларына және мәмілелердің барлық түрлеріне қатысты қызметтермен байланысты шығарылым сатып алу мен сату арасындағы айырмашылық сомасында бағаланады.
      Комиссиялық төлемдер түрінде тікелей төлемдер ұсталатын көмекші қаржылық қызметтер ҰШЖ шығарылымы ретінде ескеріледі. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің көрсетілетін қызметінің шығарылымына қосылған баптар осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

2-параграф. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің
көрсетілетін қызметтерін аралық тұтынуды есептеу

      21. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің аралық тұтынуын есептеу үшін ақпараттың дереккөзі ретінде орталық банктің ресми сайтында орналастырылған жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пайдаланылған.
      22. Көптеген шығындар баптары кешенді болып табылады. Осы баптардан аралық тұтынумен байланысты тиісті бөліктер бөлініп шығады. Іскерлік сапарларға шығындар, жол жүру және тұру үшін төлемдер үшін шығындар, сондай-ақ визалар және іссапарлармен байланысты әртүрлі алымдарға төлемдер құрамына аралық тұтынуға жатады.
      23. Кейбір шығындар баптары қаржылық құралдармен байланысты мәмілелердің мәндерін немесе ағымдағы шығындар және оның ішінде аралық тұтыну құрамына кірмейтін оларды қайта бағалау нәтижелерін қамтиды.
      24. Көмекші қызметтерді аралық тұтыну келесі есеп баптарынан қалыптастырылады:
      1) заемдар бойынша дисконтты, сыйлықақыны және сыйақыны амортизациялау бойынша шығыстар;
      2) құнды қағаздармен операциялар бойынша шығыстар;
      3) комиссиялық шығыстар;
      4) жалпы шаруашылық шығыстары;
      5) сатудан болатын шығыстар;
      6) өзге де шығыстар.
      25. Шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық банктердің ЖҚҚ-ын анықтайды. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің аралық тұтынуын және ЖҚҚ-ын есептеулер Осы Әдістемеге 2 және 3-қосымшаларда келтірілген.

Екінші деңгейлі банктердің 
қаржылық қызметтерін есепке алу
әдістемесіне       
1-қосымша         

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің
қызметтер шығарылымын есептеу

                    млн.теңге

Шот нөмірі

«ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп»

2013

2014

2015

4429

Клиенттерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы

17 268,0

25 459,5

19 783,0

4434

Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

55 444,0

73 674,5

95 348,3

4440

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

893,0

1 059,7

59 537,4

4445

Сенімгерлік трасттық басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер

0,0

0,0

0,0

4453

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

3 296,0

3 483,6

3 515,4

4454

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

1 293,0

2 459,7

1 603,3

4455

Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша кірістер

305,0

872,2

1 950,6

4492

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер

129,0

267,0

1 143,3

4510

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату кірістері

1 122,0

1 608,1

2 952,3

4530

Шетел валютасын сатып алу-сату кірістері

116 318,0

155 054,5

369 052,8

4540

Қымбат металдарды сатып алу-сату кірістері

1 030,0

196,4

221,0

4600

Комиссиялық кірістер

283 803,5

295 868,8

311 937,9

4601

Аударым операциялары бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық кірістер

60 532,0

64 846,2

66 651,7

4602

Агенттік көрсететін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

20 025,5

15 985,4

16 940,4

4603

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

11,9

17,0

17,7

4604

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

9 012,9

11 232,5

8 592,6

4605

Сенімгерлік операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

565,8

641,3

721,9

4606

Кепілдіктермен операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

26 692,5

20 580,2

21 701,3

4607

Салымдарды қабылдау, клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

23 616,5

27 076,9

28 929,6

4608

Өзге де комиссиялық кірістер

77 528,0

98 922,4

113 635,3

4609

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық кірістер

2 031,8

1 114,8

1 216,3

4610

Төлем құжаттарының акцепті үшін алынған комиссиялық кірістер

2,6

1,0

0,0

4611

Кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

49 973,0

46 022,7

42 082,5

4612

Құжаттық есеп айырысулар бойынша комиссиялық кірістер

11 301,3

6 460,5

5 956,7

4613

Форфейтинг операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

0,0

0,0

0,0

4614

Факторинг операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

18,7

43,1

12,3

4615

Инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

1 319,7

1 508,7

1 854,1

4616

Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

2,5

2,0

1,0

4617

Сейф операциялары бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық кірістер

575,0

647,8

698,6

4618

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша көрсетілетін қызметтер үшін кірістер

593,8

766,3

2 925,9


Өзге де кірістер

114 303,3

205 475,1

36 846,4

4921

Банк қызметінен болатын өзге де кірістер

107 647,7

200 783,2

31 244,1

4922

Негізгі емес қызметтен болатын өзге де кірістер

6 655,6

4 691,9

5 602,4


Барлығы шығарылым

595 204,8

765 479,1

903 891,7

Екінші деңгейлі банктердің 
қаржылық қызметтерін есепке алу
әдістемесіне       
2-қосымша         

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметінің
қызметтерін аралық тұтынуды есептеу

                                                 млн.теңге

Номер счета

«ҚР-ның екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп»

2013

2014

2015

5069

Алынған заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша шығыстар

11 567,8

11 552,7

4 495,7

5070

Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

0,0

0,0

0,0

5071

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар

0,0

0,0

0,0

5095

Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы

324,6

32,0

19,9

5510

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар

687,7

1 550,3

1 098,8

5530

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар

68 500,5

80 448,1

299 112,7

5540

Қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша шығыстар

1 001,7

141,4

76,4

5600

Комиссиялық шығыстар

30 261,5

35 252,8

41 576,9

5601

Аударым операциялары бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

2 639,2

3 066,7

3 956,5

5602

Алынған агенттік көрсететін қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

5 539,0

7 985,9

14 259,1

5603

Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

452,0

356,5

727,0

5604

Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

436,5

1 105,1

1 097,3

5605

Сенімгерлік операциялар бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

252,4

287,2

219,1

5606

Кепілдіктер бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

5 847,0

3 511,9

1 383,9

5607

Клиенттердің карт-шоттары бойынша алынған қызметтер бойынша комиссиялық шығыстар

7 311,8

8 461,6

9 856,2

5608

Өзге де комиссиялық шығыстар

6 963,5

9 511,0

9 113,1

5609

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет бойынша комиссиялық шығыстар

820,1

966,9

964,7

5740

Жалпы шаруашылық шығыстары

120 175,9

145 908,5

126 845,8

5741

Көлік шығыстары

2 279,0

2 481,3

3 568,7

5742

Әкімшілік шығыстар

25 404,2

29 007,6

29 707,2

5743

Инкассациялауға арналған шығыстар

6 327,5

7 598,0

7 267,0

5744

Жөндеуге арналған шығыстар

4 868,9

5 252,4

4 770,3

5745

Жарнамаға арналған шығыстар

11 301,6

11 892,5

11 634,3

5746

Күзетке және дабылға арналған шығыстар

9 242,5

10 484,5

11 016,2

5747

Өкілдік шығыстар

391,1

523,9

392,7

5748

Өзге де жалпы шаруашылық шығыстары

4 024,9

6 514,7

6 968,8

5749

Қызметтік іссапарларға арналған шығыстар

3 789,4

4 740,1

3 744,4

5750

Аудит және консультациялық қызметтер бойынша шығыстар

16 209,9

24 937,8

6 135,1

5752

Сақтандыру бойынша шығыстар

2 385,3

2 739,9

4 524,9

5753

Байланыс қызметтері бойынша шығыстар

8 515,5

9 533,7

9 456,0

5754

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына жарналар түріндегі шығыстар

25 436,1

30 202,1

27 660,2

5850

Сатудан болатын шығыстар

7 598,1

14 752,3

6 384,9

5851

Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың акцияларын сатудан болатын шығыстар

287,7

0,0

3 234,5

5852

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатудан болатын шығыстар

7 212,4

1 740,7

2 217,2

5853

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді өтеусіз беруден болатын шығыстар

0,0

1,0

13,7

5854

Тауарлық-материалдық қорларды сатудан болатын шығыстар

98,0

13 010,6

919,5

5856

Өзге де инвестицияларды іске асырудан болатын шығыстар

0,0

0,0

0,0

5920

Өзге де шығыстар

55 441,9

70 702,9

123 236,6

5921

Банктік қызметтен болатын өзге де шығыстар

20 204,8

27 064,0

86 165,1

5922

Негізгі емес қызметтен болатын өзге де шығыстар

8 483,2

14 947,0

8 085,9

5923

Жалдау бойынша шығыстар

24 887,0

26 816,7

27 296,6

5924

Акцепттерден болатын шығыстар

0,0

0,0

0,0

5925

Банк алған кепілдіктер бойынша шығыстар

0,0

62,4

93,7

5926

Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар

1 866,8

1 812,8

1 595,2


Барлығы аралық тұтыну

295 559,7

360 341,0

602 847,7

Екінші деңгейлі банктердің 
қаржылық қызметтерін есепке алу
әдістемесіне       
3-қосымша         

Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметі қызметтерінің
жалпы қосылған құнын есептеу

                                                     млн.теңге

Компоненттің атауы

2013

2014

2015

Жалпы шығарылым

595 204,8

765 479,1

903 891,7

Аралық тұтыну

295 559,7

360 341,0

602 847,7

Жалпы қосылған құн

299 645,1

405 138,1

301 044,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады