ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.07.2022 дейін (осы бұйрықтың 5-т. қараңыз)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданыста болу тәртібін 5 т. қараңыз
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24071 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
2021 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 376 бұйрығына | |
1-қосымша |
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.07.2022 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) тауар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) уәкілетті органның интернет-ресурсында (www.gov.kz) 2022 жылғы ақпан-маусымда Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.
Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі: тауардың атауы, бөлінетін квотаның ай сайынғы көлемі, бір өтінім берушіге өтінім беруге жол берілетін ай сайынғы лимит, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына күнбағыс майын кепілді жеткізу көлемі, квотаны алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты, уәкілетті органның заңды мекенжайы, уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайы.
4. Уәкілетті орган квотаның қолданылу кезеңіне бір өтінім берушіге өтінім беру үшін жол берілетін ай сайынғы лимитті белгілейді: күнбағыс тұқымдарын әкетуге – 1000 (бір мың) тоннадан аспайды, күнбағыс майын өндіруші күнбағыс майын әкетуге – 6000 (алты мың) тоннадан аспайды.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс майын әкетуге арналған квотаны бөлуге өтінім берушілер тиісті айға бөлінген квотаның 20 (жиырма) пайызына дейінгі көлемде күнбағыс майын ішкі нарыққа кепілді жеткізу туралы міндеттемелер қабылдаған жағдайда жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкетуге квота алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Әрбір өтінім беруші тиісті айға бір ғана өтінім береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген есептік нөмірдің деректемелерін көрсете отырып, экспорт бойынша валюталық шарт үшін);
2) астық қолхатының немесе қойма мекенжайын көрсете отырып, күнбағыс тұқымын қоймада сақтау туралы құжаттың көшірмесі (өтінім беруші күнбағыс тұқымын әкетуге квота алу үшін ұсынады);
3) күнбағыс майын өндірушінің атынан күнбағыс майын әкеткен жағдайда күнбағыс майын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтініш берушінің үлестестігі туралы растау хат.
Бұл ретте, күнбағыс майын өндіруші контрагент-экспорттаушыға не үлестес заңды тұлғаға бір ғана растау хатын береді.
7. Өтінім берушінің бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.
Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесінде келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қабылданады және тіркеледі және өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жолданады.
Өтінім беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетіледі. Хабарлама өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жіберіледі.
Құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өтінім беруші хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушінің өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін мынадай тәртіппен бөледі:
1) жоспарланған айға Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
3) егер жалпы мәлімделген көлем тиісті айға белгілеген квота көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне мынадай формула бойынша барабар есептеледі:
V * Uz = Vz,
мұнда:
V – тиісті айға белгілеген квота көлемі, тонна;
Uz – өтінім берушінің экспорттың жалпы мәлімделген көлеміндегі үлес салмағы, %;
Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна.
10. Квота көлемін бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесіне енгізілген тұлғаларға фитосанитариялық сертификат береді.
Фитосанитариялық сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесінде көрсетілген мәліметтер негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге беріледі.
Өтінім берушінің фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішінде қамтылған мәліметтердің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда аумақтық бөлімшелер фитосанитариялық сертификат беруден бас тартады.
12. Тауарларды алынған квоталар көлемі шеңберінде осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген квотаның қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге болады.
13. Күнбағыс майының кепілдік берілген көлемін ішкі нарыққа өткізуді өтініш беруші квотаның қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.
Өтінім берушілер ай сайын тиісті айдың 30-күніне дейін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнбағыс майының кепілдік берілген көлемін ішкі нарыққа өткізу туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
14. Өтінім беруші бұрын алынған квота көлемінен бас тартқан жағдайда, өтінім беруші уәкілетті органға тауардың атауын және бөлінген квота көлемін көрсете отырып, квотадан бас тарту туралы хат жібереді.
15. Тауарларды әкетуге арналған бөлінбей қалған квоталардың көлемі бар болса, уәкілетті орган хабарландыруды квотаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 25 жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.
16. Осы Қағидаларда көзделген қабылданған міндеттемелердің орындалмауына жол берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар квоталарды одан әрі бөлуге жіберілмейді.
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне |
20___жылғы _______ тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім
___________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота бөлуді сұрайды. Экспорттың жоспарланған көлемі: __________ (тауардың атауы,
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны; ________
(тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны құрайды; |
Тиеп-жөнелту орны:________________________________ болып
(облыс, қала, аудан, станция)
табылады.
Тиеп-жөнелту түрі: __________________________________________
(вагон, контейнер, автомобиль көлігі)
Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің коды) | |
Өтінім берушінің орналасқан жерінің (заңды мекенжайы) мекенжайы | |
Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы | |
Өтінім берушінің жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрі | |
Күнбағыс майын өндірушінің атауы (күнбағыс майын әкетуге квота алу үшін өтінім беруші толтырады) | |
Дайын өнім бойынша күнбағыс майын өндіру қуаты, тонна/ тәулігіне (күнбағыс майын әкетуге квота алу үшін өтінім беруші толтырады) | |
Келісімшарттың (шарттың) нөмірі | |
Келісімшарттың (шарттың) күні | |
Келісімшарттың (шарттың) есепке алу нөмірі | |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | |
Тауар атауы | |
Келісімшартқа (шартқа) сәйкес саны, тонна | |
Келісімшарттың құны, Америка Құрама Штаттарының долларымен | |
Өтінім берген сәтте күнбағыс майын өндірушіде күнбағыс тұқымының болуы, тонна | |
Өтінім берген сәтте күнбағыс майын өндірушіде күнбағыс майының (тазартылған және (немесе) тазартылмаған) болуы, тонна (күнбағыс майын әкетуге квота алу үшін өтінім беруші толтырады) |
Ішкі нарыққа күнбағыс майын тиісті айға бөлінген квотаның 20 пайызына дейінгі көлемде кепілді жеткізу бойынша міндеттеме қабылдаймын.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным
үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
_______________ _________________________________ ________________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20__ жылғы "____" ___________
Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі 20__жылғы __________айына
Р/с№ |
| Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі/жеке сәйкестендiру нөмiрі | Тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды (ЕАЭО СЭҚ ТН) | Саны, тонна | Тиеп-жөнелту орны | Квотаны бөлу күні |
|
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.07.2022 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды | Тауардың атауы* | Квотаның көлемі, тонна | Қолданылу мерзімі |
1206 00 100 0 | Ұсақталған немесе егіске арналған ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары | 125 000 | 2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы 1 шілдеге дейін |
1206 00 990 0 | Күнбағыстың ұсақталған немесе ұсақталмаған өзге де тұқымдары | ||
1512 11 910 1** | Күнбағыстың тазартылмаған, бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литр немесе одан да аз шикі майы | 114 000 | 2022 жылғы 1 маусымға дейін |
1512 11 910 9** | Күнбағыстың тазартылмаған, бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литрден көп шикі майы | ||
1512 19 900 2** | Күнбағыстың бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литр немесе одан да аз өзге де күнбағыс майы немесе оның фракциялары | ||
1512 19 900 9** | Күнбағыстың өзге де тазартылған немесе тазартылмаған майы және олардың фракциялары |
Ескертпе:
* Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады.
** Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.