Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.12.2021 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығына 1-қосымша |
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып табылады;
4) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлар тізбесінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар.
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу тәртібі
3. Ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО), "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) уәкілетті органға тауардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке жоспарланып отырған өндіріс, тұтыну көлемдері, қорлар және экспорттың бар-жоғы туралы шоғырландырылған ақпарат ұсынады.
4. Уәкілетті орган ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 12 (он екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, ЖАО, "Атамекен" ҰКП ұсыныстары негізінде өндіріс, тұтыну теңгерімін, қорлардың болуын негізге ала отырып, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурс) тауарлардың әрбір түрі бойынша мынадай ақпаратты есептейді және жариялайды:
1) хабарландыру жарияланған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімін көрсете отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкетуге квота алуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылдау туралы хабарландыру;
2) бөлуге жататын квота көлемі;
3) бөлуге жататын тауарлар экспортының шекті көлеміне пайыздық қатынаста көрсетілген бір өтінімге лимит (белгіленген кезде);
4) тіркелген бағаны көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілдік берілген жеткізілімдердің көлемі (белгіленген кезде);
5) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
6) өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жауапты адамының электрондық мекенжайы және байланыс телефоны.
5. Уәкілетті орган алынған өтінімдерді олардың толық толтырылуы (өтінім нысанында көзделген барлық қажетті ақпарат пен құжаттардың болуы, сондай-ақ өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда өтініш берушінің бірінші басшысының не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжат негізінде өзге лауазымды адамның қолының болуы) тұрғысынан тексереді.
Өтінімдерді қабылдау және қарау осы Қағидалардың 4-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, толық емес немесе дұрыс емес ақпараты бар, сондай-ақ белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квотаны бөлуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жоспарланатын ұқсас тауарлардың белгілі бір санын және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ақпаратқа сәйкес белгіленген бағалар бойынша ішкі нарыққа кепілді жеткізу туралы (олар белгіленген кезде) міндеттемелер қабылдаған жағдайда жіберіледі.
7. Уәкілетті орган тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған квоталар көлемін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында мынадай алгоритм бойынша бөледі:
1) жоспарланған айға тауарларды әкетуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
2) әрбір сыртқы сауда қызметіне қатысушының жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
3) егер жалпы мәлімделген көлем уәкілетті орган белгілеген ай сайынғы квота көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір сыртқы сауда қызметіне қатысушы үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне пропорционалды мынадай формула бойынша есептеледі:
V * Uz = Vz,
мұнда:
V – уәкілетті орган белгілеген квота көлемі, тонна;
Uz – экспорттың жалпы мәлімделген көлеміндегі сыртқы сауда қызметіне қатысушының үлес салмағы, %;
Vz – сыртқы сауды қызметіне қатысушы квотасының көлемі, тонна;
4) егер жалпы мәлімделген көлем уәкілетті орган белгілеген квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес сыртқы сауды қызметіне қатысушылар арасында бөлінеді, ал бөлінбеген қалдық жоғарыда көрсетілген формулаға сәйкес әрбір сыртқы сауды қызметіне қатысушысымен келісу бойынша бөлінеді.
8. Сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін ішкі нарыққа тауардың кепілдендірілген жеткізілімінің көлемін осы тауар үшін ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілімдердің жалпы көлемін және сыртқы сауда қызметіне қатысушының жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағын негізге ала отырып, уәкілетті орган айқындайды.
Тауарларды ішкі нарықта бөлуді уәкілетті орган тауар сатып алушының атауын көрсете отырып, тиісті есептік айға арналған тауардың ішкі нарығының қажеттілігі және оның көлемі туралы ЖАО өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.
Сатып алушы күнтізбелік ай ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушымен сатып алу-сату шартын жасауы не ағымдағы ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуі қажет.
9. Егер сатып алушы белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартын жасаспаған жағдайда, сыртқы сауда қызметіне қатысушы кепілдендірілген берілген көлемді ішкі нарықта өткізеді немесе квота болған жағдайда экспортқа жөнелтеді.
10. Квота бөлінгеннен кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде тауардың атауын, бөлінген квоталардың көлемін және тиеп-жөнелту орнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және интернет-ресурста орналастырады.
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан тиісті айға тауарларды әкетуге квота алған және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған жиынтық тізбесіне енгізілген тұлғаларға фитосанитариялық сертификат береді.
Фитосанитариялық сертификат осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге беріледі.
12. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алынған квотадан қалған және ағымдағы айда әкетілмеген тауар қалдықтары келесі айдың 10 (он) күнтізбелік күні ішінде алынған квота шеңберінде әкетілуі мүмкін.
13. Осы Қағидаларда көзделген қабылданған міндеттемелердің орындалмауына жол берген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға кейіннен квоталарды бөлуге жол берілмейді.
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
20___жылдың _______ айында тауарларды әкетуге арналған квота алу үшін өтінім _____________________, (сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы)
жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес сәйкестендіру нөмірі_______________, заңды мекенжайы _________________________, телефон (мобильді) ___________, 20___жылдың ________ айында Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесіне енгізу үшін ұсынылған құжаттарды қарауды сұрайды.
20__ жылдың ________ айына экспортқа жоспарланған көлемі:
__________ (тауардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны;
________ (тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны құрайды;
20__жылдың _____ айына ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілімдердің жоспарланған көлемі:
______ (тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды) _______ мың тоннаны құрайды.
Тауардың жөнелту орны: ______________________________ болып табылады
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) таныстым және Қағидалардың шарттарын қабылдаймын.
20__ жылдың ______ айында есепті кезеңнің соңына дейін растайтын құжаттарды ұсына отырып ішкі нарыққа жоғарыда көрсетілген тауарлардың көлемін 20__ жылдың ____ айында жеткізуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өзіме аламын.
(Егер жеткізілімдер үшінші тұлғалар арқылы жүзеге асырылатын болса, оны үшінші тұлғаның міндеттеме-хатын қоса бере отырып, өтінімде көрсету қажет)
______________________ _________________________________________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20__ жылғы "____" ___________
Өтінімге қоса беріледі:
1) осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша квота алуға арналған толтырылатын кесте;
2) тауарлар экспортын жүзеге асырылатын келісімшарттардың көшірмелері.
Тауарларды әкетуге арналған квота алу үшін өтінімге қосымша |
Нысан
20___ жылдың _______ айында квота алу үшін толтыруға арналған кесте
Р/с № | Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының атауы | Орналасқан жерінің мекенжайы | Жеке сәйкестендiру нөмiрiне/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Өндіріс көлемі өнім түрі көрсетілсін (күнбағыс тұқымы/ тазартылған май/ тазартылмаған май) айына, тонна | Күнбағыс тұқымдарының қалдықтары, тонна | Импорттық шикізаттың үлес салмағы, тонна | Тазартылмаған майдың қалдықтары, тонна | Тазартылған майдың қалдықтары, тонна | Шикізатты (күнбағыс тұқымын) сатып алу/сату бағасы, тоннасына теңге | Ішкі нарықтағы тоннасына қолайлы баға өнім түрі көрсетілсін (күнбағыс тұқымы/ тазартылған май / тазартылмаған май) | Жасалған келісімшарттарға сәйкес экспортқа шығарылатын тауарлардың көлемі, тонна | Айына экспорт көлемі, тонна | Өткен айдағы ішкі нарыққа жеткізу көлемі өнім түрі көрсетілсін (күнбағыс тұқымы/тазартылған май/ тазартылмаған май), тонна |
Ішкі нарыққа жеткізудің кепілді көлемі, өнімнің түрі көрсетілсін (күнбағыс тұқымы/тазартылған май / тазартылмаған май), |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы* | Квота мөлшері, тонна | Қолданылу мерзімі |
---|---|---|---|
1206 00 100 0 | Егіске арналған ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары |
|
|
1206 00 990 0 | Күнбағыстың ұсақталған немесе ұсақталмаған өзге де тұқымдары | ||
1512 11 910 1** | Күнбағыстың тазартылмаған, бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литр немесе одан да аз шикі майы |
| |
1512 11 910 9** | Күнбағыстың тазартылмаған, бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литрден көп шикі майы | ||
1512 19 900 2** | Күнбағыстың бастапқы орамада нетто-көлемі 10 литр немесе одан да аз өзге де күнбағыс майы немесе оның фракциялары | ||
1512 19 900 9** | Күнбағыстың өзге де тазартылған немесе тазартылмаған майы және олардың фракциялары |
Ескертпе:
* Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен ғана айқындалады.
** Сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.