Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25789 болып тіркелді

      "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет, білім және ғылым, қаржы, қорғаныс, мәдениет және спорт, ішкі істер вице-министрлеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
__________М. Бектанов

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________А. Аймагамбетов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
__________А. Раимкулова

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
__________Н. АХМЕТЗАКИРОВ

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушы
__________Б. Асылов

Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің м.а.
__________Н. Пан

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 851,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 574,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 15 қарашадағы
№ 702,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 1182,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 363,
Департамент басшысы
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 30,
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының міндетін
атқарушы
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 155 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің м.а.
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 950 Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Апостиль қоюдың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) апостиль қою тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба;

      2) апостиль қоятын адамдар – уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды адамдары;

      3) "Е-Апостиль" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Е-Апостиль АЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль "мөртаңбасын" электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай архивін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      4) "жұлдызша" - құжат парақтары бекітілген жерге жабыстырылатын және оған апостиль қойған мемлекеттік органның елтаңбалы мөрі қойылатын тығыз қағаз;

      5) құжат - материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;

      6) құжаттарды тіркеу кітабы - қағаз тасығышта ұсынылған апостиль қойылған құжаттарды тіркеу;

      7) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесі – (бұдан әрі – ҚБЭА АЖ) бұл құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесі;

      8) уәкілетті мемлекеттік органдар – "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысын орындау үшін апостиль қоятын мемлекеттік органдар;

      9) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      10) электрондық тіркелім - апостиль қойылған құжаттардың электрондық тізбесі;

      11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      12) "Электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      3. Апостиль қоюға жататын ресми құжаттар ретінде "Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 1-бабына сәйкес құжаттар қабылданады.

      4. Апостиль:

      1) шет елде Қазақстан Республикасының елшіліктері немесе консулдық мекемелері жасаған құжаттарға;

      2) коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысы бар әкімшілік құжаттарға қойылмайды.

      5. Апостиль "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулыға (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес жасалған шаршы клише - мөртаңба нысанында болады.

      6. Апостиль мөртаңбасы нысанынан тыс, төменде "Осы апостиль тек қол қойған адамның қолының, лауазымының/атағының түпнұсқалылығын және құжатқа қойылған мөр мен мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады және ол қойылған құжаттың мазмұнын растамайды" деген мәтін көрсетіледі.

      7. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер аумағында жасалған, Конвенция талаптарына сәйкес апостиль қойылған ресми құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында қосымша заңдастырусыз танылады.

      8. Қаулыға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің аумақтық органдарына ресми құжаттарға апостиль қою өкілетін беруге құқығы бар.

      Мөртаңбадағы бағандар мемлекеттік тілде ғана толтырылады.

      9. Уәкілетті мемлекеттік органдарда өздерінің ведомстволық бағынысты органдарының лауазымды адамдарының және апостиль қоюға ресми құжаттар келіп түсетін басқа да адамдардың қолдарының үлгілері сақталады.

      10. Апостильді қою үшін ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердің бедері анық болуға тиіс.

      11. Ресми құжаттарға апостиль қою саласында мемлекеттік қызметтер көрсету "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

2- тарау. Қағаз түрінде апостиль қою тәртібі мен шарттары

      12. Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияның қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильді қою үшін өзге егеменді мемлекеттердің (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттік органдары (мекемелері), лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттар қабылданбайды.

      13. Апостиль құжаттың мәтіннен бос орнында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі. Көлемі бір парақтан асатын құжатта парақтар тігілуі, баумен байлануы және мөрмен бекітілуі тиіс.

      14. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылады.

      Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилі бар парақ кез келген түсті жіппен (не арнайы жіңішке баумен, лентамен) бірге тігу жолымен бекітіледі және нөмірленеді, бұл туралы "жұлдызшада" тиісті жазу жүргізіледі.

      Құжаттардың соңғы парағы бекітілген жерде елтаңбалық мөр қойылатын "жұлдызшамен" желімденеді. Бұл ретте қойылған мөрдің бедері "жұлдызшада" және парақта біркелкі орналасуға тиіс.

      Бекітілген парақтардың саны апостильді қоятын адамның қолымен расталады.

      Апостиль қойылған парақ көрсетілген әдіспен және құжаттың мұқабасы қатты болған жағдайда да құжатқа тігілуге тиіс.

      15. Апостильдегі мәтін теріледі немесе қолмен анық жазылады, өшірулерге жол берілмейді. Апостильдің мәтініне өзгерістер енгізуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретін өзгертуге жол берілмейді.

      Апостильдің мөртаңбасын ксерокөшірме әдісімен немесе куәландырылатын құжаттарға тігу үшін өзге де жолмен апостильді парақтан дайындауға жол берілмейді.

      Апостиль нақ мөртаңбаның бедері ретінде қойылады. Апостильдің мөртаңбасы компьютерлік тәсілмен орындалуы мүмкін.

      16. Егер құжатқа бірнеше адам қол қойса, апостильде жоғары тұратын лауазымды адамның қолы куәландырылады.

      17. Құжатта лауазымды адамның қолы мен оның тегі көзделмеген, ал құжат мемлекеттік органнан (мекемеден) шыққан жағдайларда апостиль мөртаңбасының 2-ші жолында "қолы көзделмеген" деп көрсетіледі, ал 3 және 4-ші жолдарда құжат шығатын органның атауы жазылады.

      18. Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды тіркеу кітабында (бұдан әрі-Кітап) жүргізіледі.

      19. Кітап тігіледі, оның парақтары нөмірленеді және апостиль қоятын адамның қолымен және осы Кітап жүргізілетін уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

      20. Кітапқа жазу мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылғаннан және құжатқа апостиль қойылғаннан кейін жүргізіледі.

      21. Кітапта өшіруге жол берілмейді, ал түзетулер апостиль қоятын, Кітапты жүргізуге жауапты адамның қолы қойылып ескертілуі тиіс.

3- тарау. Электрондық нысанда апостиль қою тәртібі мен шарттары

      22. Электрондық форматтағы апостиль берілген Portable Document Format (PDF) файылы түрінде уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны ауыстыратын адамның ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге қойылады.

      23. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат электрондық түрде немесе құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).

      24. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат қағаз жеткізгіштегі құжатты сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуге тиіс (мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді).

      25. Лауазымды тұлға апостиль қоюға жататын электрондық құжатта Е-Апостиль АЖ немесе ҚБЭА АЖ арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және ЭҮШ арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді.

      26. Электрондық апостиль портал арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш беру кезінде берген қорғаныс кодын қолдана отырып, жүктеп алу жолымен береді.

      27. Электрондық апостиль мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парағының мекен-жайы (веб параққа сілтеме) көрсетіледі.

      28. Электрондық тіркелім қағаз, сондай-ақ электрондық форматта берілген барлық апостильдердің архивін қарастырады.

      29. Апостиль электрондық форматта қойылатын құжаттар бойынша тіркеу құжаттардың электрондық тіркелімінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

  Апостиль қоюдың
бірыңғай қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Құжаттарды тіркеу кітабы

Апостильді қою мерзімі

Апостильді қойдыруға жүгінген адамның тегі, аты мен әкесінің аты (егер бар болса), түрғылықты мекен-жайы

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және органы

Апостильді қойдыру үшін ұсынылған құжаттың атауы мен мазмұны, нөмірі, берілген күні және органы

Құжатқа қол қойған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), ал қол қойылмаған құжаттарға қатысты – мөрді немесе мөртаңбаны қойған органды көрсету

Құжат жіберілетін ел

Апостильді қойдыруға жүгінген адамның құжатты алуда қойылған қолы не дайын құжаттың берілуін растайтын құжат

Апостильді қойған адамның тегі, аты,әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Апостиль қоюдың
бірыңғай қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Құжаттардың электрондық тіркелімі

Апостильді қою мерзімі

Апостильді қойдыруға жүгінген адамның тегі, аты мен әкесінің аты (егер бар болса), түрғылықты мекен-жайы

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және органы

Апостильді қойдыру үшін ұсынылған құжаттың атауы мен мазмұны, нөмірі, берілген күні және органы

Құжатқа қол қойған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), ал қол қойылмаған құжаттарға қатысты – мөрді немесе мөртаңбаны қойған органды көрсету

Құжат жіберілетін ел

Апостильді қойған адамның тегі, аты,әкесінің аты (егер бар болса) және лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

8


Об утверждении Единых правил проставления апостиля

Совместный приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 4 ноября 2021 года № 950, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 ноября 2021 года № 702, Министра финансов Республики Казахстан от 16 ноября 2021 года № 1182, Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 16 ноября 2021 года № 30, Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 ноября 2021 года № 363, и.о. Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 ноября 2021 года № 155, Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2021 года № 574 и Министра обороны Республики Казахстан от 8 декабря 2021 года № 851. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2021 года № 25789.

      Во исполнение пункта 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить Единые правила проставления апостиля согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 июня 2001 года № 67 "Об утверждении Единых правил о порядке и условиях проставления апостиля на официальных документах, исходящих из государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1536).

      3. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа;

      2) размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан, Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан, Министерства образования и науки Республики Казахстан, Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан), Министерства финансов Республики Казахстан, Министерства обороны Республики Казахстан, Министерства культуры и спорта Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции, образования и науки, финансов, культуры и спорта, внутренних дел, заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан и заместителя руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан).

      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр обороны
Республики Казахстан
__________ М. Бектанов

Министр образования и науки
Республики Казахстан
__________ А. Аймагамбетов

Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________ Е. Тургумбаев

Министр финансов
Республики Казахстан
__________ Е. Жамаубаев

Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
__________ А. Раимкулова

Руководитель Департамента
по обеспечению деятельности судов
при Верховном Суде
Республики Казахстан
(аппарата Верховного
Суда Республики
__________Н. АХМЕТЗАКИРОВ

Исполняющий обязанности
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
__________ Б. Асылов

И.о. министра юстиции
Республики Казахстан
__________ Н. Пан

  Приложение
к совместному приказу
Министр обороны
Республики Казахстан
от 8 декабря 2021 года № 851,
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 29 ноября 2021 года № 574,
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 15 ноября 2021 года № 702,
Министра финансов
Республики Казахстан
от 16 ноября 2021 года № 1182,
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 24 ноября 2021 года № 363,
Руководитель Департамента
от 16 ноября 2021 года № 30,
Исполняющий обязанности
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 24 ноября 2021 года № 155 и
и.о. министра юстиции
Республики Казахстан
от 4 ноября 2021 года № 950

Единые правила проставления апостиля

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Единые правила проставления апостиля (далее - Правила) определяют порядок и условия проставления апостиля.

      2. В настоящих Правилах употребляются следующие понятия:

      1) апостиль - специальный штамп, удостоверяющий подлинность подписи лица, подписавшего документ, и подтверждение его полномочий, а также подлинность печати или штампа, которыми скреплен этот документ в бумажной или в электронной форме;

      2) лица, проставляющие апостиль - должностные лица уполномоченных государственных органов, выполняющие функции по проставлению апостиля;

      3) информационная система "Е-Апостиль" (далее – ИС Е-Апостиль) – информационная система, предназначенная для регистрации документов и выдачи "штампа" апостиль в электронном виде, которая обеспечивает централизованный учет и единый архив апостилированных документов;

      4) "звездочка" - плотная бумага, которая заклеивается в месте скрепления листов документа, и на которой проставляется гербовая печать государственного органа, проставившего апостиль;

      5) документ - зафиксированная на материальном носителе информация, позволяющая ее идентифицировать;

      6) книга регистрации документов - регистрация апостилированных документов представленных на бумажном носителе;

      7) информационная система "Единый архив электронных документов" (далее – ИС ЕАЭД) - единая система автоматизированного учета документов Национального архивного фонда Республики Казахстан с функционалом информационного поиска документов;

      8) уполномоченные государственные органы - государственные органы, проставляющие апостиль во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)";

      9) электронный документ - документ, в котором информация представлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи;

      10) электронный регистр – электронный перечень апостилированных документов;

      11) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) -информационная система, представляющая собой "единое окно" доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным иным услугам, оказываемым в электронной форме;

      12) шлюз "электронного правительства" (далее – ШЭП) - информационная система, предназначенная для интеграции объектов информатизации "электронного правительства" с иными объектами информатизации.

      13) электронная цифровая подпись (далее - ЭЦП) - набор электронных цифровых символов, созданная средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

      3. В качестве официальных документов, подлежащих проставлению апостиля, принимаются документы в соответствии со статьей 1 Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов, ратифицированный Законом Республики Казахстан "О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов" (далее - Конвенция).

      4. Апостиль не проставляется на:

      1) документах, совершенных посольствами или консульскими учреждениями Республики Казахстан за границей;

      2) административных документах, имеющих прямое отношение к коммерческим или таможенным операциям.

      5. Апостиль имеет форму штампа - квадратного клише по форме, согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (Гаага, 5 октября 1961 года)" (далее - Постановление).

      6. Вне формы штампа апостиля ниже указывается следующий текст: "Настоящий апостиль удостоверяет только подлинность подписи, должности/звания подписавшего и подлинность проставленные на документе печати или штампа и не заверяет содержание документа, на котором он проставлен".

      7. Официальные документы, совершенные на территории государств-участников Конвенции, на которых проставлен апостиль в соответствии с условиями Конвенции, признаются на территории Республики Казахстан без дополнительной легализации.

      8. В соответствии с Постановлением уполномоченные государственные органы вправе делегировать полномочия по проставлению апостиля на официальных документах своим территориальным органам.

      Графы в штампе заполняются только на государственном языке.

      9. В уполномоченных государственных органах хранятся образцы подписей должностных лиц своих подведомственных органов и других, от которых поступают официальные документы на апостилирование.

      10. Документы, представляемые для проставления апостиля, пишутся ясно и четко, подписи должностных лиц и оттиски печатей являются отчетливыми.

      11. Оказание государственных услуг в сфере апостилирования официальных документов осуществляются согласно подзаконным нормативным правовым актам, определяющих порядок оказания государственных услуг, утвержденных в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах".

Глава 2. Порядок и условия проставления апостиля в бумажной форме

      12. Проставление апостиля в бумажной форме осуществляется на подлинниках официальных документов, исходящих лишь от государственных органов (учреждений), должностных лиц или нотариусов Республики Казахстан, как участника Конвенции.

      Документы, выданные государственными органами (учреждениями) должностными лицами или нотариусами иных суверенных государств (бывших союзных республик в составе СССР), не принимаются на территории Республики Казахстан к проставлению апостиля на подлинниках.

      13. Апостиль проставляется на свободном от текста месте документа, либо на его оборотной стороне и скрепляется гербовой печатью уполномоченного государственного органа. В документе, объем которого превышает один лист, листы прошиваются, прошнуровываются и скрепляются печатью.

      14. Апостиль в случае невозможности его проставления на представленном документе проставляется на отдельном листе бумаги.

      В этом случае листы документа и лист с апостилем скрепляются вместе путем прошивания нитью любого цвета (либо специальным тонким шнуром, лентой) и пронумеровываются, о чем на "звездочке" производится соответствующая запись.

      Последний лист документов в месте скрепления заклеивается "звездочкой", на которой проставляется гербовая печать. При этом проставленный оттиск печати располагается равномерно на "звездочке" и на листе.

      Количество скрепленных листов заверяется подписью лица, проставляющего апостиль.

      Лист с проставленным апостилем подшивается к документу указанным способом и в том случае, если документ имеет твердую обложку.

      15. Текст в апостиле печатается или четко пишется от руки, подчистки не допускаются. Внесение изменений в текст апостиля и перемена последовательности размещения его строк в штампе не допускается.

      Не допускается изготовление апостиля с листа методом ксерокопирования штампа апостиля или иным путем для подшивки к удостоверяемым документам.

      Апостиль проставляется как оттиск штампа. Штамп апостиля возможно исполнение компьютерным способом.

      16. Если документ подписан несколькими лицами, в апостиле свидетельствуется подпись вышестоящего должностного лица.

      17. В тех случаях, когда в документе не предусмотрена подпись должностного лица и его фамилия, а документ исходит от государственного органа (учреждения), в строке 2 штампа апостиля указывается: "подпись не предусмотрена", а в строках 3 и 4 записывается наименование органа, от которого исходит документ.

      18. Регистрация документов представленных для проставления апостиля, производится в Книге регистрации документов (далее - Книга) по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      19. Книга прошнуровывается, листы пронумеровываются, и скрепляется подписью лица, проставляющего апостиль, и гербовой печатью уполномоченного государственного органа, в котором ведется эта Книга.

      20. Запись в книгу производится после предъявления квитанции об уплате государственной пошлины и проставления на документе апостиля.

      21. Подчистки в Книге не допускаются, а поправки оговариваються подписью лица, проставляющего апостиль, ответственного за ведение Книги.

Глава 3. Порядок и условия проставления апостиля в электронной форме

      22. Апостиль в электронном формате проставляется в виде файла Portable Document Format (PDF) в котором содержится апостиль вместе с электронной или сканированной копией официального документа, подписанной ЭЦП должностного лица уполномоченного государственного органа или лица его заменяющего.

      23. Документ, представленный для апостилирования, предоставляется в электронном виде или путем сканирования оригинала документа (не допускается сканирование с ксерокопий).

      24. Документ, представленный для апостилирования, путем сканирования документа на бумажном носителе должен точно соответствовать оригиналу (исправления или подчистка текста не допускаются).

      25. Должностное лицо посредством ИС Е-Апостиль или ИС ЕАЭД на электронном документе, подлежащем апостилированию формирует электронный апостиль и посредством ШЭП направляет подписанный ЭЦП уполномоченного лица результат оказания государственной услуги в "личный кабинет" заявителя на портал.

      26. Электронный апостиль выдается через портал путем скачивания апостиля с применением защитного кода, переданного уполномоченным государственным органом при подаче заявления.

      27. Под штампом электронного апостиля указывается адрес электронной страницы (ссылка на веб-страницу) государственного органа.

      28. Электронный регистр предусматривает архив всех апостилей, выданных как в бумажном, так и в электронном формате.

      29. По документам, на которых проставляется апостиль в электронном формате, регистрация производится в электронном регистре документов по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Единым правилам
проставления апостиля
  Форма

Книга регистрации документов

Дата проставления апостиля

Фамилия имя отчество (при его наличии), адрес проживания лица обратившего за проставлением апостиля

Номер документа удостоверяющего личность заявителя, дата и орган выдачи

Наименование и содержание документа, представленного для проставления апостиля, номер документа, дата и орган выдачи

Фамилия имя отчество (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ, а в отношении неподписанных документов – указание государственного органа, проставившего печать или штамп

Страна, в которую направляется документ

Роспись в получении документа лицом, обратившимся за проставлением апостиля либо документ подтверждающий выдачу готового документа

Фамилия имя отчество (при его наличии) и должность лица, проставившего апостиль

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Приложение 2
к Единым правилам
проставления апостиля
  Форма

Электронный регистр документов

Дата проставления апостиля

Фамилия имя отчество (при его наличии) и адрес проживания, лица обратившего за проставлением апостиля

Номер документа, удостоверяющего личность, дата и орган выдачи

Наименование и содержание документа, представленного для проставления апостиля, номер документа, дата и орган выдачи

Фамилия имя отчество (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ, а в отношении неподписанных документов – указание государственного органа, проставившего печать или штамп

Страна, в которую направляется документ

Фамилия имя отчество (при его наличии) и должность лица, проставившего апостиль

1

2

3

4

5

6

7

8