БҰЙЫРАМЫН:
1."Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық туралы жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің) назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 659-НҚ бұйрығына қосымша |
Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
р/с № | Өңір | 1 мың адамға шаршы метр |
1 | Ақмола облысы | 706 |
2 | Ақтөбе облысы | 453 |
3 | Алматы қаласы | 545 |
4 | Алматы облысы | 403 |
5 | Атырау облысы | 745 |
6 | Батыс Қазақстан облысы | 705 |
7 | Жамбыл облысы | 445 |
8 | Қарағанды облысы | 570 |
9 | Қостанай облысы | 762 |
10 | Қызылорда облысы | 542 |
11 | Маңғыстау облысы | 723 |
12 | Нұр-Сұлтан қаласы | 722 |
13 | Павлодар облысы | 674 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы | 770 |
15 | Түркістан облысы | 474 |
16 | Шығыс Қазақстан облысы | 594 |
17 | Шымкент қаласы | 474 |
18 | Қазақстан Республикасы | 621 |