"Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 659-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26374 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық туралы жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің) назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 659-НҚ
бұйрығына қосымша

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

р/с №

Өңір

1 мың адамға шаршы метр

1

Ақмола облысы

706

2

Ақтөбе облысы

453

3

Алматы қаласы

545

4

Алматы облысы

403

5

Атырау облысы

745

6

Батыс Қазақстан облысы

705

7

Жамбыл облысы

445

8

Қарағанды облысы

570

9

Қостанай облысы

762

10

Қызылорда облысы

542

11

Маңғыстау облысы

723

12

Нұр-Сұлтан қаласы

722

13

Павлодар облысы

674

14

Солтүстік Қазақстан облысы

770

15

Түркістан облысы

474

16

Шығыс Қазақстан облысы

594

17

Шымкент қаласы

474

18

Қазақстан Республикасы

621


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады