ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 Бұйрықпен бекітілген |
Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (бұдан әрі – шығындардың бір бөлігін өтеу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жол бойындағы сервис объектілері (бұдан әрі – ЖБСО) – жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүрісіне қатысушыларға жүру жолында қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызмет көрсету объектілері);
3) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру) арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін тіркеу орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта не қолма-қол арқылы тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 наурызына дейін жібереді.
4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
4) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБСО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
5) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. ЖАО осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тіркейді және олардың толықтығын қарайды.
6. Ұсынылған құжаттар пакетін ЖАО келесі жағдайларда қараусыз қайтарады:
1) кәсіпкерлік субъектілерімен құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылуы;
2) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мерзімдер сақталмауы.
ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламамен кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын қайтаруды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісіне құжаттардың толық болмауы себебі бойынша құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімді қайта береді.
7. Келіп түскен өтінімдерді қарау үшін ЖАО кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия мүшелері тақ саннан кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады, олардың арасынан төраға мен төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды Комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.
Комиссия құрамына "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың, бизнес пен ұйымдардың өкілдері кіреді.
8. Комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарайды.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындысы бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
8-1. Шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу туралы нәтиже немесе кәсіпкерлік субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия отырыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мерзімдерде, өтінімдердің келіп түсуіне қарай өткізеді.
10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЖАО-ның интернет-ресурсында орналастырылады, көшірмесі кәсіпкерлік субъектісінің мекенжайына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
11. Хаттаманың негізінде ЖАО бюджеттік өтінімді күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде толық көлемде қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
12. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге енгізеді.
13. Шығындардың бір бөлігін өтеуді жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
14. Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген ЖБСО құрылысы құнының он пайызын құрайды.
15. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджетке шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша сомаларды кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған және өтінімде көрсетілген есеп айырысу шотына аударуды жүзеге асырады.
17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) салық аударымдарын ұлғайту.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.
Ескерту. Қағидалар 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 11.04.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді қарауды сұраймын.
1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ______________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) __________________________
іс жүзінде орналасқан мекенжайы ______________________________________
телефон нөмірі _______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі ______________________________________________________________
кім берді ____________________________________________________________
берілген күні / қолданылу мерзімі _______________________________________
тұрғылықты мекенжайы_______________________________________________
телефон нөмірі _______________________________________________________
2. Жол бойындағы сервис объектісі туралы мәліметтер:
ЖБСО атауы ________________________________________________
қаржы қаражатының көзі_____________________________________________
ЖБСО орналасқан мекенжайы _____________________________________
3. Кәсіпкерлік субъектісінің екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері:
___________________________________________________________.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1) _______________________________
2) _______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
__________________________________________ (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөрдің орны (болған кезде)
Өтінім берілген күн "____" __________ 20____ жыл.