Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 сәуірде № 34256 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 11 сәуірдегі
№ 92 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер пен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26382 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органға жіберілетін өтінімге қоса береді:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;

      2) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуды растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).

      Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы шетелдік өндірушіден немесе электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын сатушыдан сатып алған кезде, сатып алу бойынша шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінім көшірмесімен расталады;

      3) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы өткізетін кәсіпкерлік субъектісі және сатып алатын кәсіпкерлік субъектісі арасындағы тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы қабылдау-беру актісінің көшірмесі;

      4) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаға арналған техникалық паспорттардың көшірмелері;

      5) тау шаңғысы курортын иелену құқығын немесе оның өзге де заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) тау шаңғысы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканы, оларды тау шаңғысы курорттарына жеткізгеннен, сондай-ақ монтаждағаннан және орнатқаннан кейін техникалық құралдармен жүргізілген фото- және бейнетіркеу материалдары;

      7) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:

      1) жұмыскерлер санын ұлғайту;

      2) салық аударымдарын ұлғайту.

      Қарсы міндеттемелер уәкілетті орган мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".

      2. "Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26375 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;

      2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;

      4) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБСО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;

      5) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:

      1) жұмыскерлер санын ұлғайту;

      2) салық аударымдарын ұлғайту.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".

      3. "Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26380 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;

      2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;

      3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).

      Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;

      5) сатып алынған автокөлік құралының фото- және бейнетіркеу материалдары;

      6) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.";

      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:

      1) жұмыскерлер санын ұлғайту;

      2) салық аударымдарын ұлғайту.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".

      4. "Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26403 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жіберілетін өтінімге қоса береді:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;

      2) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;

      4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары;

      5) соңғы (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:

      1) жұмыскерлер санын ұлғайту;

      2) салық аударымдарын ұлғайту.

      Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады