БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 57 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың 1 маусымға дейін жібереді.
5. Кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органға жіберілетін өтінімге қоса береді:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуды растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы шетелдік өндірушіден немесе электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын сатушыдан сатып алған кезде, сатып алу бойынша шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның көшірмесімен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінім көшірмесімен расталады;
3) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы өткізетін кәсіпкерлік субъектісі және сатып алатын кәсіпкерлік субъектісі арасындағы тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы қабылдау-беру актісінің көшірмесі;
4) тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникаға арналған техникалық паспорттардың көшірмелері;
5) тау шаңғысы курортын иелену құқығын немесе оның өзге де заңды негізін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) тау шаңғысы курорттарына арналған сатып алынған жабдықтар мен техниканы, оларды тау шаңғысы курорттарына жеткізгеннен, сондай-ақ монтаждағаннан және орнатқаннан кейін техникалық құралдармен жүргізілген фото- және бейнетіркеу материалдары;
7) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 7 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығын ұлғайту.
Осы тармақтың 2 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Өзара міндеттемелер уәкілетті орган мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".
2. "Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін тіркеу орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз немесе электрондық нысанда пошта не қолма-қол арқылы тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 маусымға дейін жібереді.
4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
4) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБСО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
5) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 5 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығын ұлғайту.
Осы тармақтың 2 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасындағы жасалатын келісімде көзделеді.".
3. "Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркелген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) тиісті күнтізбелік жылдың 1 маусымға дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;
3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;
5) сатып алынған автокөлік құралының фото- және бейнетіркеу материалдары;
6) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 6 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығын ұлғайту.
Осы тармақтың 2 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.
Қарсы міндеттемелер ЖАО мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын келісімде көзделеді.".
4. "Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін тіркелген орны бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана (бұдан әрі – ЖАО) жергілікті атқарушы органына шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде немесе электронды түрде пошта не қолма-қол тапсыру арқылы күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін жібереді.
4. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге қоса ұсынады:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары;
5) соңғы 2 (екі) жылдағы қосылған құн салығы өсу динамикасын растайтын үзінді.
Осы тармақтың 5 тармақшасының ережесі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап үш жылдан аз уақыт ішінде қызметті жүзеге асыратын;
халықаралық қонақ үй желілерінің франшизалары негізінде 3, 4 және 5 "жұлдыз" санатындағы қонақ үйлерді салу және (немесе) кеңейту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру жобаларын іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Шығындардың бір бөлігінің орнын толтыру кезінде кәсіпкерлік субъектісі келесі бағыттар бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдайды:
1) жұмыскерлер санын ұлғайту;
2) қосылған құн салығын ұлғайту.
Осы тармақтың ережелері халықаралық қонақ үй желілерінің франшизалары негізінде 3, 4 және 5 "жұлдыз" санатындағы қонақ үйлерді салу және (немесе) кеңейту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру жобаларын іске асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.