"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 484/63-VI "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1263 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан мәслихаты қаласы сессиясының төрағасы |
Н. Купешов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |