1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 484/63-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 1263 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 37/5-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 06.05.2021 № 37/5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Табулдина
     
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 484/63-VІ шешіміне
қосымша

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар – мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабымен анықталған адамдар Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларды қоспағанда;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен анықталған адамдар Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларды қоспағанда;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-3-тармақтарымен анықталған адамдар;

      4) тыл еңбеккерлері – 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарымен анықталған адамдар (бұдан әрі – ардагерлер).

      3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты қосымша әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек):

      1) біржолғы ақшалай төлем;

      2) тегін жол жүрумен қамтамасыз ету түрінде көрсетіледі.

      4. Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.

      5. Әлеуметтік көмек әкімшісі "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі – бағдарлама) сәйкес 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ұсынылады.

      6. Бағдарламаны іске асыру мақсатында әкімші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерді анықтайды, тараптардың міндеттемелері және ол міндеттемелерді орындау талаптары жазылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.

2. Біржолғы ақшалай төлем

      7. Біржолғы ақшалай төлем:

      ардагерлерге – 850 000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, тыл еңбеккерлеріне – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде беріледі.

3. Тегін жол жүрумен қамтамасыз ету

      8. Ардагерлерді тегін жол жүрумен қамтамасыз ету батыр-қалаларға, Жауынгерлік Даңқ орындарына, әскери жерлеу орындары мен әскери ескерткіштерге бару үшін 2020 жыл ішінде ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бір рет темір жол және (немесе) әуе көлігімен жүзеге асырылады.

      9. Жол жүру құжаттары пойыздың барлық санатындағы купелік немесе плацкарттық вагондарында темір жол көлігімен және (немесе) "Экономикалық" кластағы әуе көлігімен толық жол жүру бағытына (жөнелту пунктінен бару пунктіне дейін және кері қайтуға) ТМД елдеріне және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2020 жыл ішінде бір рет беріледі.

      Бару орнына дейін тура темір жол (әуе) қатынасы болмаса, жол жүру құжаттары бару орнына ең жақын орналасқан елді мекенге дейін беріледі.

      10. Ардагер жол жүру құжаттарын алу үшін жоспарланған жол жүруге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей мына құжаттарды:

      1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) ардагердің мәртебесін растайтын құжатты (белгіленген зейнеткерлік куәлігі, қызметтік куәлігі, әскери оқу орындарынан, жастар қоғамдық бірлестіктерінен анықтамалар);

      3) өтініш берушінің (ардагердің) және жеке басын растайтын құжатты әкімшіге ұсынады.

      Мемлекет баратын визалық режим болған жағдайда, визаны ресімдеу жөніндегі рәсімдерді ардагерлер өздері жүзеге асырады.

      11. Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ардагерлер хабарласқан кезден бастап әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді қалыптастырады және оны жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға тапсырады.

      12. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген толық жол жүру бағытына оларды дайындайды және оларды Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылған қабылдау-тапсыру актісіне сай әкімшіге тапсырады.

      13. Жол жүру құжаттарын беретін ұйымдар өтінімде көрсетілген бару орнына дейін тура темір жол (әуе) бағыты болмаған жағдайда, Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұл жөнінде Әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      14. Әкімші жол жүру құжаттарын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде оларды ардагерге тапсырады.

      15. Әкімші қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған кезден бастап 10 (он) банктік күн ішінде қолма-қол ақшасыз нысанда жол жүру құжаттарын беретін ұйымдарға олардың құнын төлейді.

      16. Егер ардагер жол жүруден бас тартса, жол жүру құжаттарын әкімшіге қайтарады.

      17. Әкімші пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын оларды беретін ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарады.

  1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 75 жылдығын
мерекелеуге байланысты
Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының
жекелеген санаттарына
қосымша әлеуметтік көмек
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  "Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________
мекенжайында тұратын
____________________________
жеке куәлігі (төлқұжат)
____________________________

Өтініш Көлікпен (көліктің түрін көрсету қажет: темір жол немесе әуе) жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) төмендегідей бағдар бойынша беруіңізді сұраймын:

      _____________________________                   ____________________________

      шығу (орны, күні)                                     оралу (орны, күні)

      _____________________________                   ____________________________

      шығу (орны, күні)                                     оралу (орны, күні)

      _____________________________                  ____________________________

      шығу (орны, күні)                                     оралу (орны, күні)

      Сапарға шығу мүмкіндігім болмаған жағдайда шығуға үш күн қалғанға дейінгі мерзімде жол жүру құжаттарын (билеттерін) "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қайтарып беруге міндеттенемін.

      Күні ____________________                         Қолы ___________

      Өтініш қабылданды ___________                         Қолы ___________

  1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша
әлеуметтік көмек көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға өтінім

Р/с №

Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағыты

Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген темір жол көлігі, әуе көлігі)

1

2

3

4

5

6

      М.О.

      "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және

      әлеуметтік қорғау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы                   Т.А.Ә., қолы

  1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша
әлеуметтік көмек көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қабылдау-тапсыру актісі

Р/с №

Т.А.Ә.

Мәртебесі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары

Билет нөмірі

Көлік түрі (вагон түрі көрсетілген темір жол көлігі, әуе көлігі, автокөлік (автобус)

Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

      М.О.

      Тапсырды:

      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген

      бөлімшенің басшысы                              Т.А.Ә., қолы

      М.О.

      Қабылдады

      "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және

      әлеуметтік қорғау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы                   Т.А.Ә., қолы

  1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысындағы Жеңістің
75 жылдығын мерекелеуге
байланысты Нұр-Сұлтан қаласы
азаматтарының жекелеген
санаттарына қосымша
әлеуметтік көмек көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға жазылған өтінімге сәйкес жол жүру құжаттарының (билеттерінің) берілмеуі туралы хабарлама

Р/с №

Т.А.Ә.

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Шығу және оралу күні көрсетілген жол бағдары

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) бермеу себептері

1

2

3

4

5






      М.О.

      Жол жүру құжаттарын ресімдеген

      бөлімшенің басшысы                               Т.А.Ә., қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады