Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 "Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1140 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекеме
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті" республикалық
мемлекеттік мекеме
"Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
Экология департаменті" республикалық
мемлекеттік мекеме
"Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекеме
Әкім 2021 жылғы 3 тамыздағы № 205-2630 Қаулысына қосымша |
|
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасында Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі (арна учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары) | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1. |
Нұра-Есіл арнасы | 82,2 | 35 |
2. |
Нұра-Есіл арнасы | 71,2 | 35 |
3. |
Нұра-Есіл арнасы | 88,5 | 35 |
4. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
5. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
6. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
7. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
8. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
9. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
10. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
11. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
12. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
______________________