Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 20.10.2023 № 205-2263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері қосымшаға сәйкес белгіленсін;
2) Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес Нұра-Есіл арнасына шаруашылық пайдалану тәртібі белгіленсін.
2. "Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірілуін қамтамасыз етсін.
3. "Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Астана қаласының жер теңгерімін жасау кезінде тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
___________________М. Аяшев
"____" _____________ 2017 жыл
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 03.08.2021 № 205-2630 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасында Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі (арна учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары) | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1. |
Нұра-Есіл арнасы | 82,2 | 35 |
2. |
Нұра-Есіл арнасы | 71,2 | 35 |
3. |
Нұра-Есіл арнасы | 88,5 | 35 |
4. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
5. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
6. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
7. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
8. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
9. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
10. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
11. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
12. |
Арна учаскесі | 500 | 35 |
______________________