"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұсынған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 397/52-VІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1233 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |