Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 29.09.2021 № 84/12-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бюджет қаражаты есебінен қала шегінен тыс жоғары технологиялық медициналық көмек алуға жолданған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының шегінде тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Науқас және оны алып жүруші тұлғаның екі жаққа жол жүру құнын төлеу, қаланың бюджет қаражаты есебінен әуе, теміржол және халықаралық автомобиль көлігімен жүргені үшін, "Тальго" жолаушылар пойызының купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын көлемде жүргізілсін.
3. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы №450/62-IV "Астана қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделуге бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 675 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 25 маусымда "Вечерняя Астана" және "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Күрішбаев |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |