Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 84/12-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24626 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұсынған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 397/52-VІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1233 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады