"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Е.Мащинская |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
М.Балпан |
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 7С-3-5 шешіміне қосымша |
Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 21.12.2021 № 7С-13-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. "Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".