Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26177 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Қарттар күні – 1 қазан;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      2) Қарттар күніне:

      ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
Х.Кабар

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска"

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2021 года № 7С-11/11. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2021 года № 26177. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 9 февраля 2024 года № 8С-10/2

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 09.02.2024 № 8С-10/2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Степногорского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Степногорска" от 24 декабря 2013 года № 5С-25/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3992) следующие изменения:

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 9 мая – День Победы;

      2) 1 октября – День пожилых людей;

      3) 30 августа – День Конституции Республики Казахстан.";

      пункт 10 изложить в новой редакции:

      "10. Социальная помощь оказывается единовременно:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам боевых действий на территории других государств;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветеранам труда;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах";

      2) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальным, ниже минимального размера пенсии и пенсионерам, получающим минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты;

      3) ко Дню Конституции Республики Казахстан:

      инвалидам всех групп до пенсионного возраста;

      лицам, воспитывающим ребенка-инвалида.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Степногорского
городского маслихата
Х.Кабар