Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
2) Қарттар күні – 1 қазан;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
2) Қарттар күніне:
ең төмен, төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне:
зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектерге;
мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
Х.Кабар |