Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы әкімідігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № А-178 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7199 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін Аршалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Байманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |