Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № А-178 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 7199 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № А-158 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 29.04.2021 № А-158 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      3. Аршалы ауданы әкімдігінің "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 тіркелген, "Аршалы айнасы" аудандық газетінде 2015 жылғы 25 наурызда жарияланған), "Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А - 104 "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 21 шілдедегі № А-311 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 тіркелген, "Аршалы айнасы" аудандық газетінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.К. Сабировқа жүктелсін.

      5. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі Т.Мұханбеджанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Аршалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
Л.Асанова

 
  Аршалы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "21" мамырдағы
№ А-178 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/н

Елді –мекендердің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы

1.

Аршалы кенті

Тәшенов көшесі, 22 "а", Аршалы ауданы әкімшілігінің "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимараты

стенд

2.

Анар стансасы

Ташенова көшесі, 18, Анар ауылдық клубының ғимараты

стенд

3.

Арнасай ауылы

Желтоқсан көшесі, 26, "Вячеслав орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

4.

Ақбұлақ ауылы

Набережная көшесі, 68, "Орталық орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

5.

Бірсуат ауылы

Жеңіс көшесі, 29, "Блял Тналин атындағы Берсуат орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

6.

Бұлақсай ауылы

Өқжетпес көшесі, 6, Бұлақсай ауылдық клубының ғимараты

стенд

7.

Волгодоновка ауылы

Центральная көшесі, 5, "Жалпы білім беретін Волгодонов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

8.

Жібек жолы ауылы

Қазыбек би көшесі, 44, "Новоалександров орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

9.

Ижевское ауылы

Садовая көшесі, 16, "Ижев орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

10.

Константиновка ауылы

Центральная көшесі, 41, "Константинов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

11.

Михайловка ауылы

Абай көшесі, 13, "Михайлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

12.

Түрген ауылы

Жастар көшесі, 15, "Тургенев орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

стенд

13.

Сараба ауылы

Абай көшесі, 23, Сараба ауылдық клубының ғимараты

стенд

 
  Аршалы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "21" мамырдағы
№ А-178 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

№ р/н

Елді –мекендердің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Аршалы кенті

Тәшенов көшесі, 22 "а", Аршалы ауданы әкімшілігінің "Аршалы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының мәжіліс залы

2.

Анар стансасы

Тәшенов көшесі, 18, ауылдық клубының мәжіліс залы

3.

Арнасай ауылы

Мир көшесі, 2, ауылдық клубының мәжіліс залы

4.

Ақбұлақ ауылы

Набережная көшесі, 68, "Орталық орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

5.

Бірсуат ауылы

Бейбітшілік көшесі, 9, ауылдық клубының мәжіліс залы

6.

Бұлақсай ауылы

Сейфуллин көшесі, 56, "Нововладимиров орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

7.

Волгодоновка ауылы

Центральная көшесі, 5, "Жалпы білім беретін Волгодонов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

8.

Жібек жолы ауылы

Қазыбек би көшесі, 44, "Новоалександров орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

9.

Ижевское ауылы

Садовая көшесі, 13, ауылдық клубының мәжіліс залы

10.

Константиновка ауылы

Центральная көшесі, 52, ауылдық клубының мәжіліс залы

11.

Михайловка ауылы

Абай көшесі, 15, ауылдық клубының мәжіліс залы

12.

Түрген ауылы

Жастар көшесі, 15, "Тургенев орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

13.

Сараба ауылы

Абай көшесі, 23, ауылдық клубының мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады